Цифровая дидактика indd



Pdf көрінісі
бет254/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика
Практика 2
6. Курстық жобалау. 
Курстық жобалауды орындау практикалық 
міндеттерді шешу есебінен теориялық материалды сапалы меңгеру 
мақсатында мамандықтың үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларына 
сәйкес көзделеді, оқу кезеңі ішінде орындалады. Курстық жобаны 
(жұмысты) қорғауды кафедра меңгерушісі бекіткен кесте бойынша 
курстық жобаның (жұмыстың) ғылыми жетекшісінің қатысуымен 
кафедра меңгерушісінің өкімімен бекітілген комиссия қабылдайды. 
Курстық жобаларды (курстық жұмыстарды) қорғамаған білім алу-
шылар аралық аттестаттауға жіберілмейді. Бір пән бойынша 
курстық жобаны (жұмысты) қорғаусыз білім алушының тіркеушінің 
рұқсатымен басқа пәндер бойынша бірінші емтиханға қатысуы 
мүмкін. 
7. Коллоквиум.
«Коллоквиум «сөзі латын collocvium – «әңгіме» 
сөзінен шыққан. Бұл оқу сабақтарының бір түрі, білімді нақтылау үшін 
оқытушының студенттермен сөйлесуі. Коллоквиум бақылау-үйрету 
функциясын орындайды. Бұл әсіресе пән 2-3 семестрде оқылған 
кезде орынды, ал қорытынды бақылау бір. Оны семинардың орнына 
қорытынды практикалық сабаққа тағайындауға болады. Коллоквиум 


441
білімді меңгеруді диагностикалауға мүмкіндік береді, ұйымдастыру 
функциясын орындайды, студенттерді белсенділендіреді және 
оқытушылық практикада кері байланыстың неғұрлым белсенді 
нысандарының бірі ретінде ұсынылуы мүмкін.
10.5 Педагогикалық бақылау түрлері
Кредиттік оқыту технологиясы кезінде білім алушылардың білімін 
бақылау және бағалау балдық-рейтингтік жүйе (БРЖ) бойынша жүзеге 
асырылады. Ол ағымдағы, аралық бақылауды, студенттің өзіндік 
жұмысын бақылауды, қорытынды бақылауды, аралық аттестаттауды 
қамтиды. 
Педагогикалық бақылау түрлері бойынша ағымдағы, аралық, 
қорытынды бақылау және қорытынды аттестаттау болып бөлінеді.
Білімді бақылау сабақтарын әзірлеу кезінде оқыушы оқу пәнін 
игерудің мақсаттары мен нәтижелеріне, қалыптасқан жалпы және 
кәсіби құзыреттерге, бақылау шараларының түрі мен жиілігіне, 
сондай-ақ студенттер тобына назар аударуы керек.
Келесі материалдарда біз оқытуды цифрландыру жағдайында 
педагогикалық бақылау түрлерін ұйымдастырудың ерекшелігін 
ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет