Цифровая дидактика indd


Оқу іс-әрекеті компоненттері



Pdf көрінісі
бет160/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика
Практика 2
Оқу іс-әрекеті компоненттері:
Қажеттіліктер адамның жеке басының, әлеуметтік топтың, 
тұтастай алғанда қоғамның тіршілігін қолдау үшін қажетті немесе 
бір нәрсенің жетіспеушілігі ретінде айқындалады. Биологиялық 
қажеттіліктер, оның ішінде адамда кез келген ағзаның өмір сүруінің 
қажетті алғышарты – зат алмасуымен байланысты. Әлеуметтік 
субъектілердің қажеттіліктері, бұл жағдайда бізді қызықтыратын 
тұлғаның, әлеуметтік топтар мен қоғамның қажеттіліктері, жалпы 
осы қоғамның даму деңгейіне, сондай-ақ олардың іс-әрекетінің ерекше 
әлеуметтік жағдайларына байланысты.
Қажеттіліктер адамның, әлеуметтік топтарды жасалуы қажетті 
іс-әрекетке итермелеуші болып табылатын мотивтерде нақтыланады. 
Мотивация, яғни адамды, әлеуметтік топты белгілі бір іс-әрекетті, 
қандай да бір әрекеттерді, қылықтарды жүзеге асыруда баламаларды 
талдау мен бағалауды, шешімдерді таңдау мен қабылдауды талап 
ететін күрделі ұмтылдыру процессі болып табылады.
Мотивтер іс-әрекетте мақсатты айқындауды ерекше орынға қояды. 
Басты мәселе – мақсатты кім қояды? Егер мақсат адамға сырттан 
қойылса: оқушыға – мұғалім, маманға – бастық және т.б., немесе 
адам күннен-күнге бірізді, қарапайым жұмысты орындайтын болса, 
онда іс-әрекеті шығармашылық емес және мақсат қою проблема-
лары бар репродуктивті (орындаушылық) сипатты. Продуктивті 
іс-әрекет жағдайында – тіпті салыстырмалы стандартты емес, соны-
мен қатар инновациялық, шығармашылық іс-әрекет, мұндай іс-әрекет 
зерттеушінің іс-әрекеті, маманның инновациялық іс-әрекеті және 
кез келген білім алушының іс-әрекеті болып табылады, мақсатын 
субъектінің өзі анықтайды және мақсат қою процесі өзінің жеке фаза-
лары, сатылары мен кезеңдері, формалары, әдістері мен құралдары 
бар зерттеушілік, практикалық, оқу болып бөлінеді және іс-әрекетінің 
бағыттылығына байланысты өте күрделі процесс болып табылады.


289
Іс-әрекет құрылымында жекелеген субъект жағдайында өзін-өзі 
реттеу деп аталатын компоненттер ерекше орын алады.
Жалпы мағынада өзін-өзі реттеу тірі жүйелердің мақсатқа сай 
жұмыс істеуі ретінде анықталады. Психикалық өзін-өзі реттеу осы 
жүйелердің белсенділігін реттеу деңгейлерінің бірі болып табы-
лады, оның іске асыратын психикалық құралдарын бейнелейтін және 
шындықты модельдейтін, оның ішінде субъектінің рефлексиясы (реф-
лексия ұғымын одан әрі жан- жақты талдайтын боламыз) ерекшелігін 
білдіреді. Өзін-өзі реттеу келесі құрылымға ие: субъекті қабылдаған 
оның іс-әрекетінің мақсаты, іс-әрекеттің маңызды жағдайларының 
моделі, жеке атқарушылық әрекеттері бағдарламасы, іс-әрекеттің 
табыстылық критерийлерінің жүйесі, нақты қол жеткізілген нәтижелер 
туралы ақпарат, нақты нәтижелердің табыс өлшемдеріне сәйкестігін 
бағалау, қызметті түзету қажеттілігі мен сипаты туралы шешім.
Басқару элемент ретінде олардың белгілі бір құрылымын, 
мақсаттарын сақтауды қамтамасыз ететін биологиялық, әлеуметтік, 
техникалық ұйымдастырылған жүйелердің элементі, функциясы 
ретінде қарастырылады. Ұжымдық қызмет басқару көмегімен жүзеге 
асырылатын белгілі бір тәртіп орнатпай, ұжымда еңбекті бөле оты-
рып, әрбір адамның орны мен функцияларын анықтаусыз мүмкін 
емес. Басқарудың жалпы анықтамасы – бұл оның талап етілетін мінез-
құлқын қамтамасыз ету мақсатында басқарылатын жүйеге әсер ету.
Орта ұғымы жүйелілік талдаудың маңызды категориясы 
болып табылады, ол, атап айтқанда, адам іс-әрекетін күрделі жүйе 
ретінде қарастырады. Орта (сыртқы орта) жүйеге кірмейтін, бірақ 
қасиеттерінің өзгеруі және/немесе мінез-құлқы зерделенетін жүйеге 
әсер ететін барлық объектілердің/субъектілердің, сондай-ақ қасиеттері 
және/немесе мінез-құлқы жүйенің мінез-құлқы нәтижесінде өзгеретін 
объектілердің/субъектілердің жиынтығы ретінде анықталады. 
Қоғамда қабылданған нормалар (құқықтық, этикалық, гигиеналық 
және т.б.) және қызмет принциптері.
Кез келген іс-әрекет үшін инвариантты келесі жағдайлар топта-
рының жиынтығы болып табылады: мотивациялық, кадрлық, 
материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік, қаржылық, ұйымдас-
тырушылық, нормативтік-құқықтық, ақпараттық жағдайлар.
Осылайша, біз іс-әрекет пен оның құрылымына қатысты негізгі 
ұғымдарды қарастырдық. Енді іс-әрекетті ұйымдастыру туралы оқу 
ретіндегі әдіснама мәселелеріне тікелей көшеміз.


290


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет