Цифровая дидактика indd



Pdf көрінісі
бет173/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика
Практика 2
Технологияның мақсаты:
* өзіндік жұмыс, өзін-өзі бақылау, зерттеу әдістері бойынша 
оқыту;
* оқу процесін білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне барын-
ша бейімдеу;
* әр оқушының оқу бағдарламаларын орындауға дараландыру 
құралдарымен жәрдемдесу, білім алушылардың үлгермеуінің ал-
дын алу
* білім алушылардың даралығын, олардың әлеуетті мүмкіндіктерін 
(қабілеттерін) сақтау және одан әрі дамыту;
* әрбір білім алушының таяудағы даму аймағына сүйену кезінде 
жалпы оқу машықтары мен дағдыларын қалыптастыру;
* оқу мотивациясын жақсарту және танымдық қызығушылықтарды 
дамыту;
* жеке қасиеттерді қалыптастыру: дербестік, еңбексүйгіштік, 
шығармашылық;
Осылайша, бейімделген оқыту жүйесін қолдану негізіндегі білім 
беру процесі айрықша белсенді тәуелсіз қызметке айналады.
Адаптивті оқыту жүйесі жағдайында оқыту тек жаңа ақпаратты 
хабарлау ғана емес, сонымен қатар өзіндік жұмыс әдістерін, өзін-өзі 
бақылауды, өзара бақылауды, зерттеу әдістерін, білім алу, жалпы-
лау және қорытынды жасау, ең бастысы маңызды мәліметтерге дәл 
уақытында назар аудара білу.
Адаптивті технологияға толық көшу желілік жоспарды қолдана 
отырып, студенттердің бүкіл жұмыс жүйесін үздіксіз басқаруға 
көшумен байланысты. Желілік жоспар дегеніміз әрбір білім алушыға 
екі аптада, бір айда тіпті семестрде орындауы керек тапсырмаларының 
бәрін алдын – ала көруге мүмкіндік беретін оқу процесінің моделі. 
Өзін-өзі есептеу кестесінде жедел тапсырмалар олардың санына сәйкес 
орналастырылады. Бұл студенттердің өзіндік жұмыстарының барлық 
түрлерінің нәтижелерін үздіксіз бақылауға көмектеседі.
Бұл технологияны оқу процесіне енгізу оңай емес. Алайда, цифрлық 
дидактикада адаптивті оқыту жүйесін қолдану тіпті ең жалқау және 
белсенді емес деген студенттердің өзін оқу қызметіне қосуға ынталан-


308
 
 

дыра отырып, ерікті түрде жұмысқа араласуға, өз бетінше білім алуға, 
қорытынды жасауға және белгілі бір өзіндік ой тұжырымын жасауға 
үйренуіне жағдай туғызады.
Психологиялық ерекшеліктерді, табиғи қабілеттерді, оқушының 
жеке тәжірибесін, сондай-ақ байланыс кеңістігін ескерместен, АОЖ 
қажетті нәтиже бермейді. Оқытудың тиімділігі сабақтың дәстүрлі 
емес формасына, оқу материалының жаңалығына, сөйлеу қарым-
қатынас жағдайларына байланысты болады.
Осы технологияда жұмыс істеу барысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет