273
әрекеттерін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы. (П.Я.Гальперин,
Н.Ф.Талызина), оқытудың басқарушылық моделі (В.А.Якунин)
және т.б.
Электрондық педагогика тұжырымдамалар мен теориялардың
(оқыту модельдері немесе теориялық тәсілдер) жоғарыда көрсетілген
тізімін толықтырады. Мысалы, «коннективизм» моделі бар, онда
оқыту сыртқы нысандар, яғни адамдар, ұйымдар, кітапханалар, сайт-
тар, кітаптар, журналдар, мәліметтер базасы немесе кез-келген басқа
ақпарат көзі болып табылатын белгілі бір желіні құру процесі ретінде
қарастырылады.
Электрондық педагогика оқу сабақтарының жаңа түрлерімен
(ұйымдастыру нысандарымен) байытылады, оларды өткізу интернет
қызметтерінің дамуымен мүмкін болады. Қашықтықтан және аралас
оқытудағы әдеттегі атрибут вебинарлар, атап айтқанда, интерактивті
аудио-видео онлайн сабақтар болды.
Интернет технологиялар негізінде оқытудың түбегейлі жаңа
ұйымдық формалары пайда болады, мысалы, «ЖАҚОК» – «жаппай
ашық қашықтықтан оқыту курсын» Джордж Сименс енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: