2.6 В.И.Блинов «Цифрлық кәсіптік білім беру мен
оқытудың педагогикалық тұжырымдамасы»
В.И.Блинов бастаған авторлар тобы білім беруді сандандыру
мәселесін зерттеп, «Цифрлық кәсіптік білім беру мен оқытудың
педагогикалық тұжырымдамасын»ұсынады.
Цифрлық дидактика тұжырымдамасында педагогика саласы
ғылыми пән ретінде дәстүрлі (цифрлық ) дидактиканың негізгі
ұғымдары мен принциптерін оқыту ғылымы ретінде дәйекті түрде
қолданады, оларды цифрлық орта жағдайларына қатысты толықтырады
және өзгертеді. Цифрлық дидактика белгілі бір мамандандырылған
салаларды, пәндерді, модульдік курстарды игеру үдерісінде білім
алушы мен оқытушының іс-әрекеті мен өзара байланысты жобалауға
негіз болатын ғылыми білімнің трансферлік-интегративті саласы
ретінде қарастырылады.
Цифрлық дидактика цифрлық технологиялар мен құралдардың
серпінді дамуы білім беру үдерісі мен оқыту технологияларын
ұйымдастырудың дәстүрлі (цифрлық қа дейінгі) нысандарын
сақтаумен, бірқатар жағдайларда цифрлық білім берудің өздігінен
пайда болатын және стихиялық дамып келе жатқан парадигмала-
рын пайдалана отырып үйлескен кезде білім беруді сандандыру-
мен қалыптасқан жағдайдың мәселелік сипатын еңсеруге мүмкіндік
беретін бағыттардың бірі ретінде қарастырылады.
Цифрлық қоғам: → жаңа технологиялар және цифрлық орта →
экономиканың кадрларға қойылатын жаңа талаптары → «цифрлық
ұрпақ» – жаңа білім алушылар білім беру үдерісін сандандырудың
ықтимал мақсаттары (күтілетін нәтижелер): → білім беру
бағдарламаларын игеру мерзімдерін азайту → білім мен дағдыларды
толық меңгеруді қамтамасыз ету (!) → педагогты дағдылы операция-
лардан босату → білім беру нәтижелерін үздіксіз диагностикалау;
Цифрлық педагогика:
– дидактикалық мода секілді: мақсаттың, нәтиженің, құралдың
басымдығы;
280
– оқыту үдерісінің жүйе құраушы элементтері: мазмұны, бақылау
жүйесі, нысаны мен әдісі.
Цифрлық дидактика «сандандырылған» дидактика емес деп сана-
лады, оны 2.1-кестеден байқауға болады.
2.1-кесте
Тәсіл
Білім беру
үдерісінің
мақсаттары
Оқыту
мазмұны
Оқыту
нысандары
мен әдістері
Оқыту
құралдары
Дәстүрлі
дидактика
Дәстүрлі
«Санданды-
рылған»
дидактика
Дәстүрлі,
мағынасы
нашар
Дәстүрлі
Дәстүрлі,
жеке
басымды-
лықпен
Цифрлық
Цифрлық
дидактика
Цифрлық қоғам мен экономика
қажеттіліктеріне, «цифрлық
балалардың» ерекшеліктеріне
және цифрлық оқыту
құралдарының педагогикалық
мүмкіндіктеріне қатысты
түрлендірілген
Цифрлық
Цифрлық білім беру үдерісінің сыртқы контурына назар аудару
(онлайн білім беру кеңістігін қалыптастыру, білім беру әріптестігі
және білім беру желілерін құру мәселелері, жеке оқу жоспарла-
рын қалыптастыру, білім беру процесін басқарудың жаңа тәсілдері,
цифрлық білім беру ортасында білім беру қызметтерін жоғарылату
және ұсыну және т.б.) білім алушылар мен педагогтердің қызметін
ұйымдастырудың, цифрлық білім беру үдерісінде оқыту мен
ілімдердің маңызды дидактикалық және әдістемелік проблемаларын
назарға алады.
Тұжырымдамада құру қажеттілігін туындататын факторлар
көрсетілген, цифрлық қоғамның қалыптасуын сипаттайтын үш үрдіс
айқындалған: цифрлық экономика және ол қалыптастыратын кадрларға
қойылатын жаңа талаптар; цифрлық ортаны қалыптастыратын және
онда дамитын жаңа цифрлық технологиялар; цифрлық ұрпақ (ерекше
әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары бар білім алушылардың
жаңа ұрпақтары).
281
Сондай-ақ цифрлық технологиялар мен олардың дидактикалық
әлеуеті және жаңғырту мүмкіндіктері сипатталған.
Ғалымдар цифрлық ұрпақтың ерекшеліктерін анықтады (қабыл-
дау, назар, ойлау, мотивация, мінез-құлық үлгілері, өмір салты,
дүниетаным) және олар мақсат қоюдың психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктерін, цифрлық дидактиканың мазмұнын, формалары мен
әдістерін қалыптастырудың принциптерін, тәсілдерін анықтайды.
Жұмыста цифрлық технологиялардың «цифрлық балаларды» дамыту,
әлеуметтендіру және тәрбиелеу үдерістеріне әсер етуінің жағымсыз
жақтары ғана емес, сонымен қатар цифрлық буынның жоғары сипат-
тамалары да ерекшеленеді.
Цифрлық білім беру үдерісінің ерекшеліктерін айқындайтын
білім беру үдерісінің заңдылықтары қарастырылды және оларды
кәсіптік білім беру мен оқытуды дамытудағы бірқатар кең үрдістерге
қарауға болады, оның ішінде: жұмыс орнында оқытуды, оқытатын
кәсіпорындарды қоса алғанда, цифрлық кәсіптік білім берудің әртүрлі
корпоративтік нысандарын тарату және дамыту, e-learning, we-learning.
Бұл ретте білім беру ұйымдары да, корпорациялар да іске асыратын
модульдер мен қысқа бағдарламалардан дербес білім беру маршрут-
тарын «құрастыруды» ұсынатын кәсіптік білім беру мен оқытудың
интеграцияланған желілік бағдарламалардың пайда болуы және
дамуы мүмкін; білім беру мазмұнына оның практикаға бағдарлануы
бөлігінде жаңа талаптарды қалыптастыру, білім беруде маңызды
ақпаратқа қолжетімділік жағдайында білім беру мазмұнының
академиялық («білімдік») компонентінің рөлін төмендету және білім
берудің әрекеттік мазмұнының рөлін арттыруы мүмкін.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық
дидактика құралдарының сыныптамасы берілді: дербестендірілген
білім беру үдерісі; цифрлық педагогикалық технологиялар; мета-
цифрлік білім беру кешендері.
Цифрлық дидактика принциптері дәстүрлі дидактикалық оқыту
принциптері жүйесіне сүйене отырып, оларды цифрлық білім беру
үдерісінің жағдайларына айналдырады, сонымен қатар бірқатар жаңа
принциптерді енгізеді.
Кәсіби білім беру мен оқытудың білім беру үдерісінің цифрлық
трансформациялау мүмкіндіктері әртүрлі технологиялар топтары-
мен қамтамасыз етіледі: әмбебап мақсаттағы АКТ; АКТ пайдалануды
көздейтін педагогикалық технологиялар (оқыту технологиялары);
виртуалды тәлімгерлер ретінде цифрлық білім беру технология-
282
лары (edtech); киілетін тренажерлер; үйретуші ойын квесттері; ойын
ортасы мен «сенсориумдар»; «ақылды» оқу құралдары – «ақылды
құмсалғыш», «ақылды еден», «ақылды тақта» және т.б.
Білім алушылардың қажетті кәсіби біліктіліктерін, білімін, іскерлігі
мен дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ететін өндірістік тех-
нологиялар (оның ішінде цифрлық, сондай-ақ материалдық және
әлеуметтік немесе гуманитарлық) бар.
Кәсіби білім беру мен оқытудың педагогикалық және қызмет
көрсету жеке кәсіби қызметін трансформациялау. Бұл ретте цифрлық
білім беру үдерісінде өзара іс-қимылдың әртүрлі деңгейлерін
қамтамасыз ететін рөлдік позициялардың үш тобы өзектендіріледі:
1) педагог (маман) ↔ білім алушы (білім алушылар тобы): оқытуды
ұйымдастырушы және мотиватор, жаттықтырушы, ойын техни-
касы, жобалау қызметі жөніндегі маман, білім беру траектори-
яларын әзірлеуші, жеке білім беру маршруттарының менеджері
(пәнаралық тьютор) және т. б.;
2) педагог (маман) ↔ цифрлық технологиялар және құралдар ↔
білім алушы (білім алушылар тобы): онлайн-курстар сценарийін
әзірлеуші-әдіскер, онлайн-курстардың метаметодисті, онлайн-
курстарға әдістемелік қолдау көрсету жөніндегі маман, желілік
педагог-куратор (куратор немесе онлайн-плафтормалар әкімшісі;
3) командалық жобалау жұмысына арналған ортаны әзірлеуші,
әлеуметтік-білім беру желілерінің модераторы, интернет-на-
вигация жөніндегі нұсқаушы, цифрлық із аналитик-корректо-
ры, веб-психолог және т.б.; маман ↔ цифрлық технологиялар
мен құралдар: оқыту бейнероликтерінің оператор-монтажері,
контенттің кураторы 34, цифрлық оқыту құралдарының әдіскер-
сәулетшісі, білім беру платформалары мен цифрлық орталар-
ды әзірлеуші, электрондық білім беру ресурстарын сараптау
жөніндегі маман және т. б.
Қоғамның (қоғамдық пікірдің) және оның институттарының (заң
шығару жүйесінің, мемлекеттік басқару органдарының, кадрлар даяр-
лау жүйесінің) сандандыру үдерісі өзімен бірге болатын өзгерістерге
дайын еместігімен байланысты шектеу, яғни әлеуметтік инерция
айқындалды.
Білім беру үдерісіндегі адам факторының маңыздылығы – тірі
тұлғааралық қарым-қатынасты білім беру үдерісінен түпкілікті алып
тастау және оны толық автоматтандыру немесе желілік форматқа ауы-
стыру мүмкін еместігіне байланысты шектеу.
283
Тәжірибелік бағдарлану - күрделі кәсіби шеберлік пен дағдыларды
қалыптастыру үшін оқытушымен білім алушының жеке қарым-
қатынасы қажеттілігімен байланысты кәсіптік білім берудің кейбір
мамандықтары бойынша күндізгі оқу нысанда білім беру үдерісінің
практикалық бөлігін міндетті түрде ұйымдастыру талабы.
Цифрлық дидактика аясында ғылыми зерттеулердің өзекті
бағыттарын дамыту болжамы.
Достарыңызбен бөлісу: |