2.Дене шынықтыру
Кең адым жасап, жүгіру адымы тактісін қол қимылдары мен үйлестіріп жылдам қарқынмен жүгіру. Еденге салған тақтай бойымен қос аяқпен секіру. Допты жоғары қарай лақтырып, оны қос қолымен қағып алу.
|
1.ҚМҰҚ
Заттардың көлемін салыстыру
Заттарды ені бойынша өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету.
2.Музыка
Әуені бойынша әндерді танып, олардың мазмұны туралы баяндауға үйрету. Биде ойындық музыкалық қимылдарды қолдану біліктіліктерін дамыту.
|
1. Көркем әдебиет
Қазақ халық ертегісі
«Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Халық өнеріне, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың мәдениетіне қызығушылығын дамыту. Адамгершілікке, Отаншылдыққа тәрбиелеу.
3. Экология негіздері
Көктемгі еңбек
Көктем мезгілінде адамдардың іс-әрекетіне зейіндерін аудару дағдыларын дамыту. Ауа райын бақылау дағдыларын жетілдіру және бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу.
|