Қимылды жаттығулар: денені тепе – тең ұстап, гимнастикалық орындықтардағы заттарды аттап өтуге жаттықтыру.
№ 16. Қараторғайдың үйшігін бақылау Көркем сөз: Ұстап алдым торғайды,
Торғайда ақыл болмайды.
Қанша бағып – қақсам да,
Қолыма қайтып қонбайды.
Қимылды ойындар: «Жыл құстары келеді» Еңбек: балалармен бірге тағы бір қараторғай үйшігін ілу.
Қимылды жаттығулар: жүгіріп келіп ұзындыққа секіруге үйрету.
№ 17. Шырша ағашын бақылау Жұмбақ: Қысы – жазы шешпейтін,
Көйлегі бар жасылдан.
Өзгертпейді еш кейпін,
Жаралғандай асылдан.(шырша) Қимылды ойындар: «Аюдың орман алқабында» Еңбек: Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.
Қимылды жаттығулар: жолға қойылған заттардан өте білу жаттығуларын орындауға үйрету.
Серуеннен оралу
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті .
Түскі ас
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.
Астарың дәмді болсын!
Мақал: «Дәрумендер- денсаулық кепілі.»
Ас ішіндегі көкөністер денсаулыққа дәрумен.
Астарың дәмді болсын!
Мақал:«Бірінші байлық - денсаулық»
Денсаулық мықты болсын десең асты қалдырмай ішу керек.
Астарың дәмді болсын!
Мақал: «Нан – ас атасы.»
Нанды үгітіп, жерге түсіруге болмайтынын айтып түсіндіру