Ойын: «Біз кімдерміз?»
Мақсаты: Ұялмай өзінің аты жөнін айта білуге үйрету.
О/барысы: қонаққа қуыршақ келіп, балалармен танысады.
|
Ойын: «Өз жұбыңды тап»
Мақсаты: Бір-бірімен қарым қатынас жасай білуге үйрету.
О/барысы:
Балаларға қиылған суреттердің жарты бөлегі таратылып, әр бала өз бөлігін іздейді, тапқаннан кейін баланың иығынан ұстап, жымиып күліп танысады.
|
Ойын: «Біздің аттарымыз»
Мақсаты: баланың ашылуына, қорқақтық, ұялшақтық мінезден арылуына көмектесу.
О/барысы:Әр бала өз атын атап шапалақ ұрады. Қалған балалар қайталайды.
Сен жақсы баласың ба?
Жақсы бала қандай болу керек? (достарымен ұрсыспау керек, ойыншықпен бөлісукерек,достарын ренжітпеу керек)Көңілді балаларды
Көрсетіңдерші
|
Ойын: «Кім шақырды?»
Мақсаты: есту қабілеттерін дамыту,
даусын естіп тани білуге , бірігіп ойнай білуге үйрету.
Достарына деген жақсы қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
|
Әңгімелесу:
Біздің топта балалар дос, тату.Демалыс күні ата-аналарыңмен қыдыруға шыққанда бақшадағы досыңды көріп қуанып қалдың.
Қуанышыңды қалай білдіруге болады?
(бір-бірімен құшақтасады)
Досыңның аты кім? Досыңмен бірігіп не істейсіңдер?
Онымен көңілді ме?
|