Серуен№ 2.
Қардың, мұздың еруін бақылау
Жұмбақтар: Отқа жанбас, Суға батпас. (мұз)
Жорамал:
Қар тез еріп, судың ағыны қатты болса – жаз жаңбырлы болад
Қимылды ойындар: «Үйшіксіз қоян»
Еңбек: алаңшада су жүретін өзеншелер жасау.
Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей алға секіру.
|
Серуен № 3Сүмелек (сүңгі) мұздар мен тамшыларды бақылау
Жұмбақ:
Қары еріп даланың,
Аулаларға су ақты.
Ақ ананың жүзіндей
Күндер келді шуақты.
Бұл қай кезде болады? (көктемде)
Жорамал:
Еріген сүмелек мұзша ұзын болса – көктем ұзақ болады.
Еңбек: өздері жүретін
жолдарды еріген қардан, мұздан тазарту.
Қимылды ойындар:
«Күн мен түн»
Жеке жұмыс: бір аяқпен алмастырып секіре білуге жаттықтыру
|
№ 4. Аспан мен күн көзін бақылау
Көркем сөз:
Әнге бөлеп төбені,
Құстар ұшып келеді.
Аппақ бұлттар аспанда,
Ақ жаңбырын төгеді.
Еңбек: жолды қардан тазалап, сыпыру жұмыстарын жүргізу.
Қимылды ойындар:
«Ордағы қасқыр»
Жеке жұмыс: доппен жаттығулар, допты қабырғаға лақтырып, кейін серпілген допты қағып ұстап алу.
|
№ 5. Шалшық жылғаларды бақылау
Көркем сөз:
Көктем қандай көркем,
Қызғалдақ нұрын төккен
Жастықтың сырын шерткен,
Тым құлпыра түскен.
Ойын:қағаздан жасалған қайық, кемелермен ойнау.
Мақсаты: балалардың көңілін көтеріп, қуанту.
Еңбек: кіші топтың балаларына алаңшада су жүретін өзекшелер жасауға көмек беру.
Жеке жұмыс: 80 – 85 метр орташа жылдамдықпен жүгіртіп, жаттығулар жүргізу.
|
№ 10. Аққайын ағашын бақылау
Көркем сөз:
Көктем келді!
Көктемде күнге беріп маңдайын
Қоңыр самал өпкенде,
Сыбырласар тал, қайың.
|