Серуен № 14
Күзгі аспанды бақылау.
Жұмбақ:
Болмаса да қанаты,
Қалқып ұзап барады.
Түскендей бәрі жарысқа,
Тартып барады алысқа. (бұлт)
Қимылды ойын:«Қу түлкі».
Еңбек: гүлзардағы қоқыстарды жинап, жерін қопсыту.
Қимылды жаттығулар: секіргіш жіпті айналдырып алға артқа секіре білуге жаттықтыру.
|
Серуен № 15
Күздің жылы күндерін бақылау
Көркем сөз
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Қимылды ойын: «Қасқыр мен қояндар».
Жорамал: Күзде өрмекшінің торы көп болса - ауа райы ашық болады.
|
Серуен № 16
Күз мезгілінің соңғы күндерін бақылау
Қимылды ойын: «Қай топ тез жиналып сапқа тұрады.
Жеке жұмыс: ұзындыққа секіруге жаттығу
Мәтел: Қазан айында қыс пен күз «белдеседі»
|
Серуен №17. Аула тазалаушының еңбегін бақылау
Көркем сөз
Жақсы жерге жүреді, Жаман жерде жатады. (Сыпырғыш)
Мақал-мәтелдер
Еңбек түбі – береке
Қимыл-қозғалыс ойыны:«Айгөлек»
Еңбектену әрекеті
|