Бұтақты кесуден кейінгі қалдықты жинау. Еңбек нәтижесін көру,топқа бірнеше бұтақты жинап әкеп,келесі бақылауды ұйымдастыру.
Серуеннен оралу
11.30-11.50
Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау
Түскі ас
11.50-12.30
Ас мәзірімен таныстыру.Түзу дұрыс отыруын қадағалау.Қасықты оң қолға, нанды сол қолға ұстауды үйрету. Тамақ үстінде жан жағына қарамай дұрыс және сөйлемей отыруға,.рахмет айтуға үйрету.
Түскі ұйқы
12.30-13.00
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
Баларға әр түрлі қимылда жаттығулар жасату, шынықтыру жұмыстарын жүргізу
Ойын- жаттығу : Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.