Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.
Мақсаты: жұмысты бірігіп атқаруға бағыт беру.
Еркін ойындар
Серуеннен оралу
Балалардың киімдерін реттілікпен шешуі, гигиеналық шараларды ұйымдастыру.
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары
Баларға әр түрлі қимылда жаттығулар жасату, шынықтыру жұмыстарын жүргізу
Ойын- жаттығу : Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Бесін ас
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс
Ойындар, дербес әрекеттер
Үстел үсті театры: «Жеті лақ пен қасқыр » ертегісі
Мақсаты: балаларға үстел үстінде ертегі кейіпкерлерін көрсету арқылы әңгімелеп беру
«Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны. Мақсаты: Баланың сөздік қорын молайту, бір - біріне деген жағымды қарым - қатынас жасау, ой - қиялын одан әрі дамыту.Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Ойын – жаттығу «Қуыршықты қыстық киімдері»
Мақсаты:балаларға тазалық туралы үйрету.
Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.