Керуеттегі жаттығулар
( 2-3 минут)
Балалар ұйқыдан оянады.
Жалпы денеге арналған жаттығу-балалардың денсаулығын нығайтып, дене, қолдың саусақтарын ашып-жұму бітімін жақсы қалыптастырады.
Ұйқымызды ашайық
Қолымызды созайық
Енді қане бәріміз,
Жаттығуды жасайық.
- Кереуетте жатып, аяқ – қолдарын жоғары көтеру кезекпен.
- Керуетте жатып велосипед тебу.
- Қолды алға созып, қайшылап қозғалту.
Төсектен тұру:
.6-7 рет
2.Керует жанындағы жаттығулар
( 2 ,5минут)
1. Б.қ.: аяқты сәл алшақ қою. Қолдарды жан-жаққа созу, былғау .
2. Б.қ.: тұрып, қол белде, аяқ сәл алшақ. Оң жаққа, сол жаққа бұрылу.
3. Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол төменде. Отыру, саусақпен еденді соғу, бастапқы қалыпқа келу.
4. Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол түсірілген.
Жүріспен кезектесіп, бір орында секіру.
7 - 8 рет
3.Шынықтыру шарасы.
( 2-3 минут)
«Денсаулық» жолымен жүру.
Арнайы жолдармен,
Жалаң аяқ жүреміз.
Табанға біз нүктелі,
Массаж жасау білеміз.
4.Демалуды қалыпқа келтіру
Тыныс алу жаттығулары.
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»
1,5 мин
«Ас дәмді болсын» Гигиеналық шаралары.Бесін ас.
|
15:40
-
16:10
|
Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау
|
«Алақай! Ойнаймыз!» Ойындар, дербес әрекет. .
|
16:10
|
Достарыңызбен бөлісу: |