Мақсаты: Балаларға желдің қай бағытта соғып тұрғанын,қандай леп арқылы соғып тұрғаны жөнінде жалпы түсінік беру.Балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін арттыру.
Еңбек: Балаларға желдің бағытымен ұшқан күзгі жапырақтарды жинату..
Қимылды ойындар: «Жел көбік».
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
Серуеннен оралып балалардың киімдерін шкафқа реттеп ілгізу.Гигиеналық шараларды орындау
Бақылау: «Қоңыр күзді бақылау, салыстыру»
Мақсаты: Қоңыр күзгі табиғатты бақылау,алғашқы күзбен салыстыру, ерекшеліктерін сұрау,қоңыр күзде күннің суық болатынын, жапырақтар түсіп бітіп, тек қоңыр түсті болатынын айту.Ағаштар жапырақтарынан ажырап , жапырақтардың да күз айларында түстерін өзгертіп тұратынын айтып түсіндіру.