Циклограмма (Үлгі) Бір аптаға (2-6 қазан 2017 ж.)



Дата28.01.2018
өлшемі101,87 Kb.
#34825
ЖОБА

ЦИКЛОГРАММА (ҮЛГІ)

Бір аптаға (2-6 қазан 2017 ж.)

Астана қ. № 5 «Арман» бөбекжайы «Жұлдыз» Бірінші кіші топ

Өтпелі тақырып «Менің отбасым»

Тақырыпша «Ата-аналар еңбегі»


Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма





Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу


Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )
Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

7.00-8.00


Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.

Үстел үсті, саусақ және т.б. ойындар.

Құрылыс ойындары

«Үй жиһаздары»,

«Қуыршақтарға үй құрастырамыз».


Фотосуреттер қарастыру «Менің отбасым».

Фотосуретте бейнеленген отбасы мүшелерін атау.



Саусақ ойыны «Әжемнің ертегілері».

Отбасылық фотосуреттерді қарастыру. Туысқандары туралы әңгімелеп беру .





Үстел үсті ойыны – пазл:

«Үйшік құрастыр»

Балалармен отбасы туралы әңгімелесу.


Жаттығулар кешені

Таңғы ас

8.00 8.30

Ойын- жаттығу (мысалы: Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаңсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.

Ойындар, Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

8.30 9.00

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар

«Жануарлардың төлдерін тауып, оларды атап бер»



«Мен қайда және кім болып жұмыс істеймін»



«Менің отбасым» картиналар топтамасынан суреттер қарастыру

Ана мен әжеге көмектесу туралы әңгімелесу



Сөздік ойын

«Қимылын көрсет»





Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

9.00 9.35

1. Сөйлеуді дамыту

Дидактикалық ойын «Отбасы мүшелерін атап бер».



Балаларды отбасының мүшелерін атай білуге үйрету.

Ересектің сөзін тыңдай білуді қалыптастыру, балам, қызым, ата, әже, апа, аға сөздерін қолдануды жетілдіру.

Бауырмалдыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

2.Музыка

Музыкалық-дидактикалық ойын «Көңілді саусақтар» (Музыкасы Г.Абдрахмановтікі) Музыкалық аспаптардың дыбысталуын тани білуге үйрету (барабан, сылдырмақ),

Ән айту: ойын қимылдарымен сүйемелдей отырып, таныс әнді айту;

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: ойын қимылдарымен тәрбиешінің артынан жүру және жүгіру .





1. Сенсорика

Дидактикалық ойын «Қуыршақ Сәуле қонақ күтуде»

Отбасы мүшелеріне қамқор болуға тәрбиелеу.

Пішіні, түсі бойынша заттарды ажыратуға және атауға үйрету, сөйлегенде заттардың, ыдыстардың аттарын қолдана білуге үйрету.

2.Музыка

Ән тыңдау (музыкасы А.Тани, сөзі А. Есенов «Тәй-тәй») Таныс музыкалық шығарманы тани білуге үйрету.

Ән айту: әндегі жеңіл айтылатын, қайталанатын сөздерді әндетіп айту;

Музыка сипатынының ауысуымен бірге қозғалысты ауыстыруға, берілген бағытта тәрбиешінің артынан жүруге және жүгіруге үйрету.



1. Мүсіндеу

«Дәмді бауырсақ» (қамырмен жұмыс )

Алақандарының арасында домалату арқылы кесектерді жаюға үйрету;

ұсақ қол моторикасын дамыту.

Үлкен кесектерден кіші кесектерді бөліп алуға үйрету. Мүсіндеуге қызығушылықтарын дамыту.

2. Дене шынықтыру

Тепе-теңдікті сақтау жаттығуы . Кедергіден аттап өту.

Ойын-жаттығу «Қонаққа барамыз».

Кедергілерден аттап өтуге жаттықтыру.

Қимылды ойын «Мені қуып жет».



1.Жаратылыстану

«Анамызға гүл суаруға көмектесеміз

(ересектермен бірлеске әрекет )

Қарапайым еңбек дағдыларына тәрбиелеу.

Бөлме өсімдігін көрсетуге және атауға үйрету (фикус).

Табиғатты тануға деген ынтасын дамыту.


2.Дене шынықтыру

Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру. Алға қарай ұмтыла екі аяқтап лентадан секіруге үйрету.

Қимылды ойын

«Күннің көзі мен жаңбыр»




1.Сурет салу

Заттарды бояулармен бейнелеу («Үйдегі шамды жақ»)

Балаларды қылқаламды дұрыс ұстауға, қылқаламды бояуға батырып, қағаз бетінде із қалдыруға үйрету.
2. Дене шынықтыру

Бір-біріне допты домалату.

1м арақашықтықтан отырып допты домалатуға жаттықтыру.

Қимылды ойын «Торғайлар мен автомобиль».





Серуен:



9.50-11.30

Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

Аулаға ұшып келетін құстарды бақылау.

Мақсаты: құстарды тануға,дене бөліктерін атауға үйрету; құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Ересектің көмегімен қарапайым еңбек тапсырмалары (мысалы, гүлдерді суару)

Мақсаты : қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету.


  1. Қимылды ойындар «Мені қуып жет», «Күннің көзі мен жаңбыр» (2-3рет қайталау);

Мақсаты: Бір-біріне қақтығысып қалмай жүгіруге үйрету.

Дербес ойын әрекеті, серуенге алып шыққан материалдармен ойындар

Мақсаты: қызығушылықтары бойынша ойындарды таңдауды қамтамасыз ету және құрдастарымен қарым-қатынасты қалыптастыру.


Серуеннен оралу




Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті .

Түскі ас

11.50-12.30

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Сон

12.30-15.00

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.

Білімді кеңейту және мәдени-гигеналық дағдыларды орындау.

Ойын- жаттығу : Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаңсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.


Бесін ас

15.30-16.00

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс

Ойындар, дербес әрекет
Баланың жеке даму картасына сәйкеғс жеке жұмыс

16.00-16.20



Үстел үсті театры

«Менің отбасым» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар қарастыру.




Сюжетті-рөлдік ойын

«Қуыршақты тамақтандыр»;

Ірі құрылыс материалдарымен және конструкторлармен ойындар.



Ойын – жаттығу «Қуыршықты жуындыр»;

Альбомдар, сюжетті картиналар қарастыру,

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.


Ойын «Кімнің заттары?» (жақын адамдарының заттарын анықтау);

Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б.




сюжеттік ойыншықтармен ойындар,

ертегі оқып беру;

үстел үсті театры және т.б.



Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

«Күз»(сурет қарастыру)

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.


 Әңгіме құрастыру «Әжең туралы әңгімелеп бере»

Мақсаты: баланың сөздік қорын туысқандарының атауларын білдіретін сөздермен байыту.



Дидактикалық ойын «Ғажайып қапшық»

Мақсаты: баланың сөздік қорын ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздермен байыту.



Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.



Дидактикалық ойын «Атын атап бер»  

Мақсаты: түсті қабылдауды және қолдың ұсақ моторикасын дамыту.




Серуенге дайындық

16.20-18.40

Киіну: серуенге шығу.

Серуен

16.40-18.00

Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу: «Аанаң мен әкеңнің есімдерін ата», « Кімнің үйінде мысық бар?» және т.б.

Кешкі ас

18.20-18.45

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс.

Балалардың үйге қайтуы

18.45-19.00

Ата-аналарға кеңес:

«Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру».



Психологтің кеңесі: мысалы: «Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет.

Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу.

Кеңес:

«Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы».



Жобаны таныстыру.

«Менің отбасым тақырыбына көрме ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет