Cтуденттердің Өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу



Дата07.05.2017
өлшемі50,89 Kb.
#16166
CТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЖҮРГІЗУ
Кожамкулова Ж.Т., э.ғ.к., доцент

Бейжанова А.Т., э.ғ.к., доцент

Аскеров А.А, оқытушы
Республикадағы жоғары білімді қайта қалыптастыру көптеген шетел университеттерінде кең таралған оқытудың кредиттік жүйесін енгізу негізінде жүзеге асырылады. Бұл жүйенің негізі кредит түріндегі белгілі бір көлемдегі білімді студенттердің алуы және меңгеруі болып табылады.

Әр оқу дисциплинасы өзінің еңбексыйымдылық индексін, яғни аудиториялық сабақтар уақытында және студенттердің өзіндік жұмысын меңгеру үшін бөлінетін белгіленген сағаттар санын иеленеді.

Осылайша, оқытудың кредиттік жүйесі – өзіндік оқу деңгейін көтеруге және оқу процесін реттеу және кредит түріндегі білім көлемін есептеу шегінде білім траекториясының таңдамалылығы, жекелілігі негізінде білімді шығармашылық иеленуге бағытталған білім жүйесі. Сәйкесінше, республикадағы оқытудың кредиттік жүйесіне өтудің міндеттерінің бірі, студенттердің өзіндік жұмысын күшейту қажеттілігі болып табылады. Сондықтан оны жүргізу мен ұйымдастыру әдістемесі ерекше назар аударуды талап етеді.

Жалпы студенттердің өзіндік жұмыстарын екі үлкен формаға бөліп қарастыруға болады: бұл – студенттердің оқытушымен орындалатын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, бұл аудиториялық сабақ кезінде орындалатын студенттің өзіндік жұмысы және аудиториядан тыс орындалатын студенттің өзіндік жұмысы.

Студенттің оқытушымен орындалатын өзіндік жұмысы аралық бақылауды жүргізу кезінде лекция, семинар уақыттарында жүргізілуі керек (болашақта, батыс университеттеріндегі сияқты семинар болмауы мүмкін, ал сабақ кестесінде СОӨЖ жеке қарастырылатын болады). Ол оқытушының міндетті түрде және белсенді қатысуы арқылы жүргізілуі керек.

СӨЖ жоспарлау және ұйымдастыру кезінде, ең алдымен, назарды үй тапсырмасына, яғни аудиториядан тыс орындалатын жұмысқа аудару қажет. Студент алдын ала болатын лекцияға кейбір тапсырмаларды үйде орындап келуі қажет. Мысалы, лекция тақырыбымен танысу немесе негізгі жерлерін конспект жасау, немесе глоссарий құру және т.б. Силлабуста студенттер лекцияда өздерін қалай ұстау керектігі және қалай дайындау керектігі толығымен келтірілуі керек. Ал лекцияның өзі мәселелі болып оқылуы керек. Назар ең қиын сұраққа немесе студентке түсініксіз сұраққа аударылуы керек. Сондықтан лекция оқу белгіленген уақыттың жартысын алуы мүмкін, ал қалған бөлігі – СОӨЖ, меңгерілген материалды бекітуге арналады.

Бұл әдіс тиімді болып табылады, яғни материалды меңгеру және есте сақтау білім пирамидасына сай келесідей құрылады:
Лекция – 5 %

Оқулықтар – 10 %

Аудио-, визуалды құралдар – 20 %

Көрнекілік құралдар – 30 %

Топтық талқылаулар – 50 %

Тәжірибелік әдістер – 70 %

Басқаларға үйреті – 90 %
СӨЖ семинар, тәжірибелік, лабораториялық сабақтарда немесе Office Hours сабақтарында жүргізілуі мүмкін. Ол студенттердің білімін бекітуге мақсатталуы керек. Негізінен (жалпы оқытудың кредиттік жүйесінде – міндетті) оқыту прогресінің мониторингін үнемі жүргізіп отыру қажет. Office Hours-қа студенттердің қатысуы міндетті емес. Оларға тек дарынды, қабілетті студенттердің қатыспауына болады. Бұл олар тапсырмалардан және аудиториялық сабақтардан босатылады дегенді білдірмейді. Керісінше, олар оқытушыдан қиын, күрделі немесе көлемді тапсырмалар алуы мүмкін және оларды, мысалы, кітапхнада орындайды. Немесе оқыту сабақтарын жүргізу кезінде оқытушының ассистенті(көмекшісі) ретінде қатыса алады.

СОӨЖ жүргізудің басқа формасы материалды игеруде қиналатын студенттерге оқытушының кеңес беруін қарастыруы мүмкін. Ол да білімді бекіту мақсатында қарастырылады. Осылайша, СӨЖ ұйымдастыру өзекті маңызға ие екенін көреміз және бірегей мақсатты ережеге бағыну маңызды болып табылады. Яғни лекция оқылғанға дейін студенттер СӨЖ түрінде үй жұмысын алады, лекциядан соң – білімді бекіту мақсатында оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмыс жасайды.

СОӨЖ тапсырмалары әр түрлі болуы мүмкін: ауызша, реферат қорғау, тапсырмаларды орындау, есептерді шығару, ойындар өткізу, миссия, глоссарий жазу, тақырып бойынша шолу, мақсаттар терегін құру, ситуациялық тапсырмаларды шешу, жеке, топтық жобаларды жазу, қателерді табу және т.б. Осылайша СОӨЖ ұйымдастыруға пассивті емес, активті көзқараста болу қажет.

СОӨЖ жүргізу формасы және әдістемесі әрине интерактивті тәжірибелік әрекеттерге негізделуі тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, бұл кезде материалдың меңгерілу және есте сақталу дәрежесі жоғары.

Ұсыныстар ретінде сабақ жүргізудің келесідей интерактивті әдістемесін жүргізуге болады: аквариум, вспышка, топтық мозайка, топтық ралли, екі шеңбер, «66» әдісі, нұсқаулық-тест, метаплан-карт көмегімен пікір сұрау, физкульт-пауза, желі, сабақтағы интервью, рөлдік ойындар, квартеттер, сэндвич, сабақты құрылымдау, құрылымды құрастыру техникасы, іскерлік ойындар, топтық турнир, презентация, футбол, брейн-ринг және басқалар.

Оған қоса, студенттердің белгілі дағдылары мен қабілеттерін дамытатын тапсырмалар, оқытудың формалары мен әдістемесін дұрыс анықтау маңызды. Мысалы, белгілі бір тақырыпты оқыту кезінде тапсырмаларды шешу немесе жаттығуды орындау материалды меңгеруді жеңілдетеді және теорияны тәжірибемен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл оған қоса сабақта уақытты тиімді пайдалануға, студенттерді белсенді танымдық-ойлау процесіне тартуға, оларда зерттелетін мәселеге байланысты қызығушылық оятуға мүмкіндік береді. Кейс әдісі бойынша тапсырмаларды шешуде студенттер нақты жағдайды талдау мүмкіндігін иеленеді, ұсынылған жағдайдан шығу үшін мәселенің балама шешімін қабылдау бойынша белгілі тәжірибелік дағдылар қалыптастырады. Рөлдік ойындар студенттерге дұрыс шешім таңдау және сол жағдайдағы міне-құлқын қалыптастыру қабілеттерін дағдыландыруға мүмкіндік береді. Топтық жұмыста қабілеттерді дағдыландыру үшін «66» әдісі, метаплан-карт көмегімен пікір сұрау, сабақтағы интервью, іскерлік ойындар әдістерін қолдануға болады.

Семинар жұмысына студенттердің мүмкіндігінше көп санын тарту үшін аквариум, вспышка, ақыл-ой қызметін ынталандыру, қателерді анықтау, екі шеңбер, желі, топтық турнир сияқты әдістемелерді қолдануға болады.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ең жақсы тиімділікті студенттер үйретуші ретінде қатыса алатын әдістемелер береді, өйткені сабақта топтық мозайка, топтық ралли сияқты жұмыс формаларын қолдану мақсатқа сай.



Жеке сабақ түрлері, яғни дәріс, семинар, Office Hourse, студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы бойынша әр түрлі тапсырмалардың мақсатты бағытталуын анықтау қажет. Мысалы, оқытушы жағдайлық тапсырмаларды шешуді дәріс, семинар, Office Hourse, аралық бақылау және тағы басқаларда қолдануы мүмкін.

Егер оқытушы дәрісте теориялық ережелерді әр түрлі есептермен бекітсе, онда бұл қарастырылатын сұрақты тәжірибемен байланыстыруға, оны бекітуге, студенттер тарапынан қызығушылық оятуға, олардың назарын аударуға мүмкіндік береді. Семинар сабақтарында тапсырмалар мен жаттығуларды қолдану студенттердің білімін тексеруге, оларды жұмысқа белсенді тартуға және материалдың меңгерілуіне бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Үй тапсырмасына орындау үшін ұзақ уақытты қажет ететін, әр түрлі есептеулерді талап ететін тапсырмалар мен жаттығуларды қосуға болады. Тапсырмаларды шешу мен жаттығуларды орындауды аралық бақылауға да шығаруға болады.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет