Д. А. Ахментаева, Е. С. Караулов, Э. А. Болеханова, К. Н. Арын, П. Ж. Жанабергенова


Прандиальды реттегіштер (глинидтер)



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата26.04.2024
өлшемі1,02 Mb.
#201425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2-ТИПТІ-ҚАНТ-ДИАБЕТІНІҢ-ЗАМАНАУИ-БАСҚАРЫЛУ-ПРИНЦИПТЕРІ-
Фтизиатрия 5 курс рус, №2 АБ 1, 3 билет, вся методичка в печть готовая, Retsepty po farmakoglogii, rezolucia-conf-kz, арука шыгару, -921033374, «Жедел медициналы ж рдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий , транспортировка пострадавших, Раны и кровотечения, 5. Выполнение транспортной иммобилизации при переломе костей ниж, skoraya-medicinskaya-pomoshh-pri-anafilakticheskom-shoke-u-detej-, okazanie-neotlozhnoj-pomoshhi-pri-ostanovke-serdca-, тест
Прандиальды реттегіштер (глинидтер).
Прандиальды реттегіштер (репаглинид) – инсулиннің жедел бөлінуін ынталандыратын, ас қабылдаудан кейінгі 
гликемия деңгейін басқаруға мүмкіндік беретін қысқа әсер етуші препараттардың тобы.
Бұл топ препаратарының әсер ету механизмі АТФ-тәуелді К+ каналдарынын жабылуынды жатыр. Ол Са2+ 
каналдарынын деполяризациясын және ашылуын туындырып, нәтижесінде β–жасушарынын ішіне кальциидің 
ағып келуіне, ал өз кезегінде инсулин секрециясына алып келеді. Айта кететін маңызды жайт: глинидтердің β–
жасушасындағы АТФ-тәуелді К+ каналдарына әсері СМ препараттарының әсеріне ұқсас, бірақ олардың әрқайсысы 
β–жасуша бетіндегі әртүрлі аймақтармен байланысу жұмыс істейді.
Біздің елмізде бұл топтың екі препараты тіркелген: репаглинид (Новонорм) және натеглинид. 
α–глюкозидаза ингибиторы
Бұл топ препараттарына асқазан ішек жолдарында глюкозанын ыдырау және сіңірілуіне қатысатын ферментерінің 
байланысу орталықтары үшін тағамдық көмірсулармен бәсекелеске түсетін дәрілік заттар, яғни бәсекелесуші 
ингибиторлар жатады.
Біздің мемлекетімізде осы топтың тек қана бір препараты тіркелген акарбоза (Глюкобай). Акарбозаның әсерінен 
ағзаға түсетін көмірсулар көлемі азаймайды, бірақ олардың сіңірілу жылдамдығы төмендеп, астан кейінгі қандағы 
глюкозаның лезде жоғарылауын алдын алынады. Препараттың өзі іс жүзінде қорытылмайды, және қанға 
сіңірілмейді. Акарбоза ұйқы безіндегі β–жасушаларындағы инсулин түзілуін ынталандырмайды, сондықтан 
гиперинсулинемияны және гипогликемияны туындырмайды. Глюкозаның қанға сіңірілуінің баяулауы ұйқы 
безінің қызметін жеңілдетеді, және оны зорығудан және функциясының таусылуынан сақтайды. Акарбоза 
инсулинрезистенттілікті азайтады екендігі дәлелденген. Күнделікті қолданғанда ол гликемиялық қисығын 
түзелуіне, тәуліктік гликемия деңгейінің төмендеуіне, аш қарындағы гликемия деңгейінің азаюына, сонымен қатар 


гликирленген гемоглобиннің қалыпты көрсеткіштерге дейін түсуіне алып келеді, нәтижесінде қант диабетінің кеш 
асқынулардың профилактикасына септеседі [1]. Акарбозамен кешкі астан кейінгі 50 мг дозасынан бастап, уақыт 
келе 300 мг/тәул дейін (100 мг күніне 3 рет) көтертіледі.
Сайып келгенде, 2 типті қант диабетінің профилактикасы мақсатындағы Stop NIDDM зерттеуін атап өтейік. Осы 
зерртеу аясында глюкозаға толеранттылығы бұзылған науқастарда акарбоза 2 типті диабетінің даму қаупін 37% 
төмендетуге мүмкіндік береді екендігі көрсетілген [10].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет