Д. А. Ахментаева, Е. С. Караулов, Э. А. Болеханова, К. Н. Арын, П. Ж. Жанабергенова



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата26.04.2024
өлшемі1,02 Mb.
#201425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2-ТИПТІ-ҚАНТ-ДИАБЕТІНІҢ-ЗАМАНАУИ-БАСҚАРЫЛУ-ПРИНЦИПТЕРІ-
Фтизиатрия 5 курс рус, №2 АБ 1, 3 билет, вся методичка в печть готовая, Retsepty po farmakoglogii, rezolucia-conf-kz, арука шыгару, -921033374, «Жедел медициналы ж рдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий , транспортировка пострадавших, Раны и кровотечения, 5. Выполнение транспортной иммобилизации при переломе костей ниж, skoraya-medicinskaya-pomoshh-pri-anafilakticheskom-shoke-u-detej-, okazanie-neotlozhnoj-pomoshhi-pri-ostanovke-serdca-, тест
Инсулинотерапия


2 типті ҚД патофизтологиялық көріністерін модуляциялайтын, сан алуан пероральды қант төмендететін 
препараттар (ПҚТП) топтарының фармацевтикалық нарықта көп болуына қарамастан, мақсаттағы гликемия 
көрсеткіштеріне жетіп, оны бір деңгейде ұстап тұру қиынға соғады. UKPDS аясында жүргізілген зерттеуде ПҚТП 
терапиясына инсулинтерапиясын ерте қосылуы диагноз қойылғанан кейінгі алғашқы 6 жылда HbA1c 7% 
деңгейінде қауіпсіз түрде ұстап тұруға мүмкіндік беретіндігі дәлелденді. Осылайша ҚД 2 типінде β–жасушалар 
қызметін коменсациялау үшін, және гликемияның мақсатты көрсеткіштеріне жету үшін инсулинтерапиясына көшу 
маңызды әрі логикалық дәрігерлік шешім болып саналады [19]. 
Қорыта келе инсулитерапиясы диетаның және қант төмендететін препараттардың үлкен дозаларының 
тіимсіздігінде (HbA1c >7,5%), ИМТ<25 кг/м2 ашқарындағы гликемия >8,0 ммоль/л, кетоацидоз болғанда 
көрсетілген. Сонымен қатар оперативті іс шаралар кезінде уақытша инсулинтерапиясына көшу көрсетілген.
Комбинирленген терапия.
Әдетте ҚД 2 типімен ауыратын көптеген науқастарға гликемияның мақсаттық көрсеткіштеріне жету үшін 
монотерапия жеткіліксіз болады. UKPDS зерттеуі 2 типті ҚД үдемелі даму динамикасын көрсетті. β–
жасушалырының функциясы диагноз қойылған сәттен бастап жылына 5% жылдамдықпен төмендейтіндігі 
анықталды. Бұл, бақылануы 3,6 және 9 жыл бұрын басталған топтағы гликирленген гемоглобиннің 7% төмен 
болған науқастарда монотерапия тиімділігінін төмендеуін түсіндіреді. Яғни, гликемия деңгейі бақылануын сақтау 
мақсатында, және диабет асқынуларың алдын алу үшін қант төмендетуші терапияны тұрақты түрде күшейте беру 
қажет [20]. Сондықтан комбинирленген терапияны аурудың бастапқы және келесі сатыларында қолданылуы 
толықтай ақталған деп саналады. Айта кететін жайт, ҚД 2 типінің патофизиологиялық дефектісінің екі звеносына 
да әсер ететін ПҚТП тиімді комбинациясына таңдау түседі (мысалы, метформин мен сульфонилмочевина, 
сульфонилмочевина мен эксенатид). Инсулин мен метформин үйлесімі неғұрлым тиімді болып табылады. Айта 
кететін маңызды жайт, қазіргі таңда Еуроодақ елдерінде инсулин мен тиазолидиндиондардың комбинирленген 
терапиясы бекітілмеген.
Науқастардың емінде дәрігермен тағайындалған ем ұсыныстарының орындалуы дәрежесі үлкен рөл атқарады 
(комплаенттілік). Яғни препараттар саны неғұрлым көп болса, сооғұрлым комплаенттілік төмен болады. Соған 
байланысты фармацевтикалық компаниялармен арнайы комбинирленген препараттар ойлап табылған. Осындай 
терапия максимальды қалыпқа жақын гликемия деңгейіне жетуге мүмкіндік береді, және комбинирленген 
препарат компонентерінің төмен дозасы арқылы жанама әсерлер жиілігін азаюына қол жеткізуге болады. 
Айтылғанның бәрі науқастардың өмір сапасының жақсаруына, және олардың ем қағидаларын ұстануына септеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет