Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет3/54
Дата27.11.2023
өлшемі422,04 Kb.
#193722
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

Кодтау стилистикасы – қолданыс тіліне қатысушылардың қызметіне қарай тілді айтушы не жазушының стилистикасы. Бұл негізінен зерттеушінің назары туынды авторының шығармашылық стиліне басқа көңіл аударуды қажет етеді. Кодтау стилистикасы информация теориясын пайдаланады: автор өзін қоршаған ортадан өзіне керекті ақпарат көздерін алады, осы ақпаратты өңдеп, тыңнан жасап, оқырманның сезіміне, еркіне əсер етуді мақсат етеді. Кодтау стилистикасына қарама-қарсы қойылатын декодтау стилистикасы.
Декодтау стилистикасы- қабылдаушының (тыңдарманның, оқырманның) стилистикасы. Декодтау стилистикасы мəтінді түсіндірудің теориялық базасы болып табылады. Қабылдаушы немесе тыңдарман қабылдаған мəтіндегі фонетикалық, құрылымдық, семантикалық тілдік бірліктердің қабылдаушы сөз етуін анықтау болып саналады.
Декодтау стилистикасында шығарманың контексіндегі коннотациялық мағынаға баса назар аудару, фонетикалық, грамматикалық тілдік бірліктердің көркемдік күшінің жеткіліктілігін көрсету, сондай-ақ, қолданыс тіліне қатынасушылардың əр түрлі қарым-қатынасы мен мəтіндегі сезім, ой бірлігінің қызметін анықтау мəселесі көтеріледі.
Дара стилистика – автордың, не жеке шығарманың немесе бір жанрдың стилистикасын зерттеу нысаны. Дара стиль жеке адамның ақыл- ойын бірінші кезекке қояды, сондай-ақ жазушының, ғалымның, журналистің, деректі сөйлеушінің, адамның, жеке тұлғаның стилі. Дара стиль кең мағынасында танымдық- стильдік, аналитикалық- синтездік іс-əрекет қызметі болып табылады. Бұнда ғылыми еңбек авторының терминжасам ұстанымы мен таза ғылыми стиль нысандары əлдеқайда тереңдеп жан-жақты көп мағыналы сипатқа ауысады. Автор ғылыми атау жасауда сөз ұғымның басты белгілерін басқаша танымдық дəрежеден де тереңдетіп көрсетуге тырысады. Автор дара стильдің прагматикалық аспектісіне жету үшін еңбегін, шығармашылық қабілетін концетуальды энциклопедиялық маштабта көрсете білуі керек.
Қазіргі уақытта ресми стиль, шешендік стиль ерекше даму үстінде, сол сияқты үлкенді - кішілі стильдер де жеке, дара стиль бағытына жатады.
Стилистиканың ерекше қызғылықты бағытының бірі–безендіруші стилистикасы.
Безендіруші стилистикасы – тілдегі экспрессивті əдіс-тəсілдерді оқып үйретеді. Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тəсілдері көркем əдебиет стиліне ғана тəн деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде коммуникативті- прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тəсілдері безендіруші стилистикада жан- жақты көрініс табады. Безендіруші стилистикасы- тілдегі экспрессивті əдіс- тəсілдерді оқып үйретеді. Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тəсілдері көркем əдебиет стиліне ғана тəн деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде коммуникативті- прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тəсілдері безендіруші стилистикада жан- жақты көрініс табады. Безендіруші стилистикасының зерттейтін мəселелері: тілдік бірліктердің безендіруші тапсырмаларының сапалық жəне тиімділік қасиеттерін əр түрлі стилистикалық амалдардың көмегімен анықтау. Олар: стилистикалық мағына, стилистикалық тəсіл, стилистикалық амал, стилистикалық тапсырма.
Стилистикалық мағына қазіргі уақытта стилистикалық коннотация деген терминмен аталып жүр. Қазақ тіл бөлімінде стилистикаға байланысты еңбектерде де жан-жақты талданған, кейде мəдени коннотация ұғымымен қатар айтылады, сондықтан лингвомəдениеттану бағытында қарастырылып жүр. Стилистикалық мағына қолданыс тіліндегі денотативті немесе бейнелі уəжді аспектілерінің интерпретациясы мағынасында жұмсалынады.
Қазақ əдеби ұлттық тілінде образды ассоциативті стилистикалық коннотациялар өте көп, ол ауызекі сөйлеу стилінде, көркем əдебиет тілінде молынан ұшырасып отырады. Мысалы, шегірткенің айғырындай, көздің құрты деген тілдік бірліктер осынын айғағы.
Қазіргі уақытта тілдің ауыспалы мағынасынан туындаған стилистикалық коннотациялар жеке зерттеу салаларына айналып кетті. Ол негізінен стилистикалық мағына терминінен таралған. Тілдің номитативті жүйесі, əлеуеттігі ұлттық əдеби тілдің байлық қорынан алына отырып стилистикалық мағына кез- келген қолданыс тілінде коннотация тудыратын образды бейнелі сөзге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет