Білім беру бағдарламасы силлабус ( 9B410 ) «Қазіргі қазақ тілі стилистикасы және тіл мәдениеті»



Дата15.02.2020
өлшемі39,47 Kb.
#58099
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сти-сы және тіл мәдениеті-1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология және әлем тілдері факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

«5В020500 Қазақ филологиясы»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
СИЛЛАБУС

( 9B410 ) «Қазіргі қазақ тілі стилистикасы және тіл мәдениеті»

көктемгі семестр, 2019-2020 оқу жылы


Пән коды

Пән атауы

Түрі

Аптасына сағат саны

Кредит саны

ECTS

Лек

Практ

Зертх.

9B410


Қазіргі қазақ тілі стилистикасы және тіл мәдениеті


БК

1

2

0

3

6

Дәріскер



Алкебаева Дина Акбергенова

филология ғылымдарының докторы



Офис-сағаттар:


Кесте бойынша


e-mail

E-mail: аlkebaeva@mail.ru

Телефоны

377 33 33 (13 25) 8-7772008891


Дәрісхана


318

Курстың академиялық презентациясы


Базалық кәсіби модуль: Қазіргі қазақ тілі стилистикасы және тіл мәдениеті

Курстың мақсаты: Курстың мақсаты: Пәнді оқудың мақсаты білім алушылар қазіргі қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениетінің ғылыми аспектісінің ғылыми базасын толық меңгеру негізгі категорияларын дәйектеу. Аталған пәнді сәтті аяқтағаннан кейін, студенттер келесі дағдыларға ие болуы тиіс:

Пәндерді оқу нәтижесінде студент:

1. Қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті пәнінің негізгі проблемаларын толық білуі, теориялық, тәжірибелік құзіретілігін өз қызметінде пайдалануы;

2. Қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті арасындағы айырмашылық пен ұқсастықтарды ажырата білу аспектісі бойынша негізгі тілдік және экстралингвистикалық факторларын толық тану;

3. Осы сала бойынша стандартты емес шешім қабылдауға; ғылыми білім мен методологиялық зерттеулерді қолдану;

4. Қазақ ұлттық тілдің функционалды стилистикасының грамматикалық ерекшеліктеріне қатысты мәселелерге талдау жасау қабілетін қалыптастыру;

5. Білім берудің кәсіби-тәжірибелік дағдыларын игеру сабақ берудің жаңа технологияларын қолдану, жаңғыртып, жетілдіріп отыру;

6. Баяндама немесе жоба жасау барысында зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыру;

7. Өз көзқарасын дәлелдеп, нақты тұжырымдар жасау; мәселені өзіндік бағалау.мәселені қарастыруды ұсыну, оның маңыздылығын дәлелдеу, негіздеу,

8. Топта жұмыс істей білу;

9. Қарым-қатынас қабілетін дамыту;

10. Өз жетістіктеріне обьективті баға беру және жауапкершілікпен көшбасшылық қасиетті қабылдай білуге дайын болу.


Пререквизит-

тері мен кореквизиттері

( 9B410) Қазақ әдеби тілі

( 9B410) Қазақ тілінің стилистикасы және сөз мәдениеті

( RDE6308). Сөзтану ғылымы

( PSKYa 3506) Қазақ тілі стилистикасы және прагматикасы

( B 174) Стилистика және әдеби өңдеу

( ROE 6308) Cөз және рухани экология

(FAKYa3505 ) Қазақ тілінің функционалды аспектісі

Пән өзге де әдебиет пәндерімен, ғылым салаларымен ұштастырыла оқытылады.




Әдебиеттер және ресурстар

Әдебиеттер:

  1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы: Мектеп, 2012, 197 б

  2. . Әлкебаева Д. Мағжанның ойлау стилі. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. - 2014. -180 б. 11, 25 баспа табақ.

  3. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. Алматы: Қазақстан, 2014.

  4. Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. ҚР БжҒМ мемлекеттік грифімен жазылған оқулық. Алматы: Қазақ университеті. - 2014. -270 б. 18,8 баспа табақ.

  5. Әлкебаева Д. Сөз мәдениеті. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. - 2014. -212 б. 13, 25 баспа табақ.

  6. Сыздық . Р.Тілдік норма жәнеоның қалыптануы. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. - 2012. -212 б. 12, 25 баспа табақ.

  7. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. - 2014. -212 б. 12, 25 баспа табақ.

Интернет-ресурстары:

http: //lib.kaznu. kz/ default.asp

http://www.infoliolib.l/info/

http://www.openj-gate.org /



http:/www.rubricon.comРУБРИКОН

Университет -тің моральды-этикалық құндылықтары контекстіндегі академиялық саясат


Академиялық тәртіп (мінез-құлық) ережесі:

1.Сабақтарға міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Оқытушыға ескертусіз сабаққа келмей қалу немесе кешігу 0 баллмен бағаланады. Сабаққа алды-ала дайындалып, семинар тапсырмасына төмендегі график бойынша жүргізілу керек.

2.Тапсырмалардың, жобалардың, емтихандардың (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б. бойынша) орындау және өткізу мерзімін сақтау міндетті. Өткізу мерзімі бұзылған жағдайда орындалған тапсырма айып баллын шегере отырып бағаланады.

3. Midterm Exam бағдарлама бойынша өтіледі.

4.Семинар сабақтары, СӨЖ барлық тапсырмаларды орындаудағы дербестік, шығармашылық сипатта өтіледі.

5. Плагиатқа, алдауға, шпаргалкаларды қолдануға, білімді бақылаудың барлық сатысында көшіруге, оқытушыны алдауға және оған құрметсіз қарауға жол бермеу. (ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі).

Мүмкіндігі шектеулі студенттер аlkebaeva @mail.ru – адресі, телефон: 3 77 33 36 (13 25) бойынша кеңес ала алады.



Бағалау және аттестациялау саясаты


Критерийлік бағалау: дескрипторларға қатысты барлық оқыту нәтижелерін бағалау (аралық бақылауда және емтихандарда құзіреттіліктің қалыптасуын тексеру).

Суммативті бағалау: дәрісханадағы белсенді жұмысы мен қатысуы, орындаған тапсырмалары, СӨЖ жоба бағалалады. Төменде бағалауды есептеу формуласы ұсынылған.

Оқу курсы мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесі





Апта

Тақырыптың аталуы

Сағат саны

Максималды балл

І. Модуль: Қазақ тілі стилистикасы тіл мәдениеті: арақатынасы айырмашылықтары мен өзгешеліктері ортақ мәселелері

1


1-дәріс.

Қазақ тілі стилистикасы /тіл мәдениеті ғылыми – теориялық концепциялары дара сипаттары және зерттелуі.



15




1-семинар.

Қазақ тілі стилистикасы /тіл мәдениеті салаларының қалыптасу ерекшеліктерін даму эволюциясын сипаттаңыз.



30

11

2

2-дәріс.

Тіл мәдениеті, стилистика саласының негізгі ғылыми –ақпараттық аппараты



15




2-семинар.

Стилистика ғылымы және тіл мәдениеті салаларының зерттелуі, ғылыми терминологиялық базасы туралы ғылыми-сыни тұрғыда талдаңыз.



30

11


3

3-дәріс.

Қазақ тіл мәдениеті саласының өзекті мәселелері және оған ықпал еткен қоғамдық –факторлармен байланысы



15




3-семинар.

« Сөз мәдениеті», « тіл мәдениеті», «стилистикалық баланстар», «ұлттық тіл нормалары», « сөз мәдениетіне қатысты нормалар» терминдерінің мәнін ашыңыз. Ғылыми зерттеулер негізінде, дискурс, баяндама жасаңыз.



30

11

СОӨЖ. Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ: Қазақ тілі стилистикасы /тіл мәдениетіне қатысты ғылыми зерттеулер, еңбектер , жалпы оқу құралдарының библиографиялық көрсеткіші туралы. Реферат жазу.




20

4


4-дәріс. Стилистика ғылымының сөз мәдениеті саласы мен арақатынасының ғылыми жіктелісі.

15




4-семинар.

Стилистика саласынан тараған жаңа бағыттар туралы ғылыми сараптама жасаңыз.



30

11


5

5-дәріс.

Қоғамның әр түрлі саласындағы стиль түрлеріне ғылыми сараптама.



15




5-семинар. Қазіргі стиль түрлерінің статикалық жағдайы, тіл мәдениетінің көрсеткіштеріне ғылыми сараптама жасаңыз.

30

11

СОӨЖ. Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ: Қазақ тілі стилистикасы/ тіл мәдениеті ұғымдары мен категориялары олардағы тіл мәдениетінің ролі Дискурс ұйымдастыру




25




1 Аралық бақылау. Барлығы (семинар, СӨЖ жинақталған балл)




100

6

6-дәріс.

Стилистикалық коннотация ұғымы / тіл мәдениетінің бұзылу немесе сақталу нормалары.



15




6-семинар.

Қазіргі қазақ тілінің әдеби тіл нормасы, стилистикалық норма, тіл норма, қарым – қатынас нормасы, сөз әдебі нормалары туралы ғылыми сараптама жасаңыз.



30


11


7


7-дәріс.

Стилистика ғылымының орталық бағыты-- мақсатты стилистика және тіл мәдениетінің өзгеру сипатын және қоғамдық факторлар



15




7-семинар.

Қазіргі тіл мәдениеті және функционалды стилистика- ауызекі сөйлеу стильдері




30

11

СОӨЖ. Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ: Зерттеушілік әдісті қолдану

Функционалды стильдердің ауызша түрлері \ тіл мәдениеті. Ауызша ғылыми дискурс ұйымдастыру.






20




ІІ. Модуль: Қазаргі қазақ стилистикасының даму сатылары мен стилистикалық – эстетикалық қызметі, сапасы, мәдениеті, ерекшеліктері







8

8-дәріс.

Ғылыми стиль жанрлары, этикалық норма үлгілері.



15




8-семинар. (сыни мақалаларды салыстырмалы әдіс арқылы жүргізу)

Ғылыми мәтіндердің стилін жасау, тіл мәдениеті туралы ғылыми ақпарат ұйымдастыру арқылы ерекшеліктерін баяндаңыз.



30

11




9-дәріс.

Медиа мәтіндердің стилі және тіл мәдениетінің сапалық қаситетері мәселелері.



15




9










9-семинар.

БАҚ – ның стилі және ондағы тіл мәдениетінің лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлары арқылы талдау жасаыңыз. ( Қазақ радиосы, теледидар , интернет материалдары негізінде)а ғылыми тұжырымдама жасаңыз.



30

11

СОӨЖ. Кеңес беру және қабылдау

4 СӨЖ: Зерттеушілік әдісті қолдану

Қазақ тілі стилистикасы /тіл мәдениетінің қоғамның әр түрлі аясындағы қызметінің тілдік, стильдік ерекшеліктеріне ғылыми сараптама жасаңыз.






25

10

10-дәріс.

Ресми – іс қағаздар мәтіндерінің стилистикалық қызметі, тілідк , этикалық , коммуникативтік нормалары, сапалары ауызша, жазбаша түрлері



15




10-семинар.

Қоғамның ресми құжаттарының стилистикалық баланстарының сақталу парадигмалары , олардың түрлі жанрларына арналған мәтін түрлерін жазбаша, ауызша жазып үйрену.



30

11





2 Аралық бақылау. Барлығы (семинар, СӨЖ жинақталған балл)




100

11

11-дәріс.

Көркем сөз үлгілері, көркем мәтін жанрларыың стилистикалық қызметі олардың сөз мәдениетін қалыптаструдағы ролі мен маңызы



15




11-семинар.

Классикалық , антологиялық еңбектерге енген көркем туындыларға талдау жасаңыз.( Абай, М. Жұмабаев, С Торайғыров, ҚАманжолов , М. Мақатаев, т.б көркем сөз зергерлерінің туындылары бойынша).



30

11

12

12-дәріс.

Безендіруші стилистика



15




12-семинар

Экспессивті стилистканың қызметі , ондағы стилистикалық ауытқулар, сөз мәдениетінің эстетикалық қызметінің амал – тәсілдері туралы баяндаңыз қазіргі және өткен уақыттағы қолданыстарына салыстырмалы түрде талдау жасаңыз..



30

11


13


13-дәріс.

Ресурстар стилистикасы.


15







13-семинар.

Қолданыс тілінің лексикалық қабатындағы сөздік қордың стилистикалық мұмкіндіктерін анықтап салыстырмалы түрде талдаңыз.



30




11

СОӨЖ. Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ: Зерттеушілік әдісті қолдану: Қазақ тілінің көркемдегіш амал – тәсілдерінің көбеюі мен азаюы туралы мәтіндер арқылы салыстырмалы талдау жасаңыз.




20

14

14-дәріс.

Қөркем сөз үлгілері стильдік және тіл мәдениетіндегі орны мен маңызы




15




14-семинар. Қазіргі көркем сөз зергерлерінің шығармашылық үлгіліеріне талдау жасаңыз , қазіргі сөз шеберлері туралы статистикалық талдау жасап , олардың қазақ стилистикасы мен сөз мәдениетіне тигізетін ықпалы туралы баяндаңыз.

30

11

15

15-дәріс.

Тыныс белгілердің нормалары, графикалық таңбалардығ стилистикалық қызметі,олардың -көркемдік ерекшеліктері.



15




15-семинар.

Қазіргі стилистикалық ықпал ету үшін қолданыстағы графикалық сызықтарға , түрлі таңбалардың стилі мен нормасына талдау жасаңыз. Олардың көркемдік немесе тілдік норманы бұзылуына назар аударыңыз.



30

11

СОӨЖ. Кеңес беру және қабылдау

СӨЖ: Зерттеушілік әдісті қолдану: Қазіргі стилистикалық мүмкіндіктердің даму, тарылу сапасына назар аударыңыз, себептері түсіндіріңіз, болашақта қазақ стилистикасы мен тіл мәдениетінің статикалық сипатына болжау жасаңыз.




25




3 Аралық бақылау. Барлығы (семинар, СӨЖ жинақталған балл)




100




Емтихан




100




Барлығы




400

Декан Әбдиманұлы Ө


Әдістемелік кеңестің төрайымы Оспанова Г.Т.
Кафедра меңгерушісі Тымболова.А.
Дәріскер Алкебаева Д.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет