Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Мəтіндік өрісіндегі стилистикалық мүмкіндіктер



бет2/54
Дата27.11.2023
өлшемі422,04 Kb.
#193722
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

Мəтіндік өрісіндегі стилистикалық мүмкіндіктер

Стилистиканың даму бағыттары мен түрлері,
шектес ғылымдармен байланысы
Барлық ғылымдардың зерттеу нысаны өзінің күрделілігімен даму эволюциясының тарихының сан алуан тарихын бастан кешірген. Стилистика ғылымының даму бағыты басқа ғылымдармен сабақтас. Қазіргі стилистиканың негізгі кезеңдері ертедегі антикалық риторика жəне поэтика, шешендік өнер ғылымдарымен өзара байланысып жатыр.
Жалпы, тіл ғылымында стилистика белгілі тарихи дəуірді бастан кешіргенмен, ол өзінің алғашқы мағынасынан айтарлықтай өзгертілген жоқ. Ресейде стилистиканы ғылыми тұрғыдан зерттеу мəселесі XVIII ғ. басында стилистика таза ғылымның нысаны ретінде қарастырып бастады, тілдің функциональдық қызметін жан-жақты зерттеу нəтижесінде функциональдық стилистиканың негізі қаланды. Оған тілдің əдіс- тəсілдері туралы XIX ғасырдың аясында қаланған ғылыми таным- тұжырымдар негіз болды. Жалпы лингвистикалық ғылымының жеке ғылымдардың əдіс- тəсілінен стилистикалық талдау əдістері қолдана бастаған болатын.
Стилистикалық талдау əдістерінің (орыс тілі ғылымындағы орны бойынша) негізі- тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тілдің əлеуметтік мəні мен қызметі. Стилистикалық талдау əдістерінің негізі қалауына осыған байланысты жазыдған В. Гумбольдт, А.А. Потебня, Ф. Де Сюссор, Б. Д. Куртэнэ, М. М. Бахтин т.б. еңбектерінің ықпалы болды. Əлемдік тіл білімінде, орыс тіл стилистикасы ғылыми тұрғыдан зерттеледі.
Еліміздің егемендік алуы жəне тіл заңының шығуы қазақ тілі функциональдық, ресурстар стилистикасын зерттеу бағыттарын жаңа мазмұнда қайта қарауға тікелей ықпал етті.
Стилистика ( лингвистикалық стилиика, лингвостилистика, жалпы стилистика) – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тəсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдауын, қатысымдық əрекетінің функциясын атқарады.Тəсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдік амал- тəсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті- прогматикалық, эстетикалық қызметті оқып үйретеді. Стилистика көптеген ғылыми- практикалық проблемаларды қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал- тəсілдерді ғана қарастырмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, сондай- ақ ұлттық əдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларын шешіп береді.
Стилистика ғылымының зерттейтіні – стиль. Стильдің мəселелері мағынасы "ағаш қалақша" сондай- ақ, стиль "адам мен мəдениет" ғылымына да жататды, "стиль- адам" (Бюффон), ендеше стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуы тікелей адамға қатысты. Сондықтан стилистика көп аспектілі ғылым саласы ретінде қарастырылады.
Қазіргі стилистика ғылымының проблемалары, өте кең тілдік пəндері кешенді түрде зерттелуді қажет етеді. Тілдік бірліктерді пайдаланудың тəсілдеріне үйретеді əрі стилистикалық тəсілдер коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негізгі меже етіп алады. Адамдық фактордың сөзді саналы түрде ұйымдастыруын есепке алып отырады, тілдік емес ситуациялар мен контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мəтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Стилистика ғылымының теориялық негізгі басты тұжырымдарын былай саралауға болады:
- стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды;
- стилистика прагматиканың отралық категориясына жататын прагматикалық факторды толық есепке алып отырады;
- стилистикада тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын өзіне толық байланыстырып отырады;
- стилистикалық ұғымдар мен категориялардың басты қызметі стилистикалық мүмкіндіктерді толық жүзеге асыра алады;
- стилистикалық амал- тəсілдер стилистикалық норманы қалыптастырады;
Стилистика – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық əлеуметтік ықпалы ерекше стилисикалық əсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық жəне толық факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі саласы.
Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі өте маңызды орын алады. Олардың қатарына ортостилистика, функциональдық стилистика, көркемдік тəсілдерін стилистикасы, прогматикасы жатады.
Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағыттарының жоғарыдай түрлерінің пайда болуы, стилистика мəселесінің өте күрделі ғылым саласы екенін көрсетеді.
Қазіргі жалпы қазақ стилистикасының көкейтесті мəселелері мынадай:
- қазақ əдеби тіл тарихындағы стильдердің пайда болуын қайта қарау;
- көркем əдебиет лингивистикалық поэтикамен байланыстыра зерттеу;
-мəтін стилистикасының өзіндік құрылымыменжүйесінің мəселелерін айқындау;
- сөз, сөз жанрларының, сөйлеу актілеріндегі құрылымының стилистикалық жетістіктері ментиімділігін прагматикамен бірге қарау;
- стилистикалық, коннотация, стилистикалық катергория, стилистикалық норма жəне оның статусын көтерудегі прагматиканың рөлін анықтау жəне т.б.
- стиль түзуші тілдік емес факторларды ғылыми тұрғыдан саралау
(паралингвистика, прагматикалық фактор, ойлау стилі жəне т.б.)
Стилистиканың мəн-мазмұны мен тілдік функциональдық аспектісі динамикалы болып келеді, стиль өзінің табиғаты жағынан динамикалы жəне функциональды құбылыс ретінде танылады. Қазіргі көптеген лингвистикалық зерттеу нысандары бола алатын өзінің жанашылдығымен ерекше көзге түсетін прагматика мəселесі стилистика ғылымында ғана өзінің көп астектілік рөлін жан- жақты көрсете алады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар: бірі- стилистиканың орталық бағыты функциональдық стилистика. Функциональдық стилистика қоғамның əр алуан саласында тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары əрі сөздің базалық, экстралингвистикалық жəне стиль құраушы факторлардың ықпалынан пайда болған. Функциональдық стилистикақолданыс тілі стилистикасы деп те аталады. Стилистиканың негізгі бағыттарының бір -ресурстар стилистикасы.
Тіл ресурстары стилистикасы тіл стилистикасы деп те аталынады. Тіл ресурстарстилистикасы сөздердің мəтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды.
Стиль тарихи категория болғандықтан, даму эволюциясы уақыт өткен сайын күрделене түсетіндіктен, даму бағыттары да көбейді. Стилистика зерттеу нысандарының ауқымына, көлеміне байланысты жалпы стилистика, салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика, дара стилистика деп аталады.
Жалпы стилистиканың айналасында жоғарыдағы төрт бағыттан басқа кіші- гірім акспектіде қаралатын бағыттары бар. Олардың қатарына жататындар: тарихи стилистика, салыстырмалы стилистика, қолдау стилистикасы, декодтар стилистикасы, экспрессивті стилистика.
Жалпы тіл ғылымында тарихи стилистика өте аз зерттелген (орыс тіл ғылымында да осындай көзқарастар кездеседі). Қазақ тіл ғылымында қазақ əдеби тіл тарихына байланысты зерттелген Р.Сыздықова, Б.Əбілқасымов, С.Исаев т.б. еңбектерін атауға болады.
Тарихи стилистика функциональдық стильдердің пайда болуын қарастырады, яғни ұлттық əдеби тілдегі стилистиканың əдіс-тəсілдер, қазақ əдеби тілі тарихындағы функциональдық стильдердің алатын орны, əдеби тілдің даму тарихындағы функциональдық стильдердің рөлі мен маңызы сөз болады.
Тарихи стилистика диахронды зерттеулер негізінде стильдің даму тарихын, олардың пайда болу, қалыптасу дəуірін толық басшылыққа ала отырып, зерттеуді мақсат етеді. Диахронды аспектіде зерттеулер қазақ тілі стилистикасында əлі зерттеу нысанына толық іліккен жоқ. Қазақ стилистикасы үшін бұл əлі күрделі мəселе болып қалып отыр.
Кез келген ғылым саласы үшін диахрондық аспектіде зерттеу тарихи тұрғыдан сол ғылым саласыүшін өте қажет. Ал, қазіргі уақытта қазақ тілі үшін пайдалы нəтиже бере алатын ғылымның бар мүмкіндік тұғырын айқындайтын, прагматикалық мақсат көздейтін синхрондық сипаттағы стилистика мəселесі маңызды орынға ие болып отыр.
Қазіргі қазақ стилистикасын жалпы прагматикалық аспектіде тұтастай зерттеуге мүмкіндік беретін синхронды стилистика жетекші рөл атқарып отыр. Функциональдық стилистика өзі іштей жіктеледі, көркем əдебиет стилі- оның бір тармағы.
Көркем əдебиет стилі- стилистикада əдеби шығарманың көркемдік формасын құрайтын ерекше стиль түрі. Көркем əдебиет стилінің сыртқы құрылымдық жағы туралы əдебиетшілер мен тілшілер арасында ортақ пікірлер бар, сондай-ақ тілдік- стильдік тұрғыдан бөлектенетін тұстарыда кездеседі. Көркем əдебиет тіл аясынын негізін құрайды. Жалпы алғанда олардың арақатынасы ортақ болғанмен соған қарамастан "көркем əдебиет тілі" бір- біріне ұқсас емес. Көркем əдебиет стилі өзінің əдеби тілмен ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективті шындығын ешуақытта жоғалтпайды, керісінше қазақ ұлттық əдеби тілінің тілдік-стильдік ерекшеліктерін көркем əдебиет стилінде көрсетіліп отырады.
Көркем əдебиет стиліне əдеби тілдің нормасы да кіреді, сондықтан көркем əдебиет тілі арқылы əдеби тілге қатысты ізденістен көркемдік- эстетикалық топпен бірге стилистикалық категориялары өрбіп шығады.
Көркем əдебиет стилі тек коммуникативтік қана емес, эстетикалық функцияны да қоса атқарады, сондықтан оның да бойынан зерттеулер барысында əр түрлі ішкі, сыртқы құрылымдық өзгерістер, тіл мен ойлаудың танымдық қағидалары, ойлау процесінен пайымдау, талдау, көркемдеу сияқты əдіс-тəсілдер шығып отырады. Кейбір зерттеушілер оны функциональды стиль түріне қоспайды, көп қырлы стиль түрі деп бөліп алып зерттеу керектігін де айтады.
Көркем əдебиет стилі жалпы əдеби тілдің ұлттық нормаларына, көркем сөздің нормаларына иек артады. Жалпы халықтық тілден, ауызша əдеби тілінен, ауызекі сөйлеу тілінен, ұлттық əдеби тілден негізі қаланған көркем əдебиет стилі өзінің көркемдік, құрылымдық, эстетикалық өрісін беруде өзгеше стильдік мəнер түзе алады.
Көркем əдебиет стилі əдеби тіл тарихымен, əдеби тілдің даму тарихымен, жеке дара авторлық стиль мен "автор бейнесі" тағы басқа тілдік- құрылымдық жүйесімен ерекшеленеді.
"Автор бейнесі" категориясы жазушының əдеби тілге қарым қатынасына, өз дəуірінің ұлттық тілін бағалау, қасиетіне, оны пайдалану əдіс- тəсіліне, поэтикалық сөз өрнектерін қолдану мен жұмсау қабілетіне де тікелей байланысты.
Стилистиканың бағыттарының қатарына автор мен қабылдаушының арасындағы кодтау жəне декодтау стилистикасы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет