Келте ғұмырдың қыр асуы, алтын мен тәуліктің бір-біріне ауыстырылуы, адам ғұмырының жалтетіп жанып, жалп етіп сөнуі, өмір деген ұлы дария сияқты сөз тіркестері метафораның дәстүрлік түрінен авторлық қолданыстағы аралықта тұрғаны байқалады. Осы екі аралықта тұрған образды сөздердің қолданысының ауыспалы мағынаға жылжуына, ауысуына, соның өзі ешкімде қайталанбас сөз образына беруге ықпал еткен метафораға баруға автордың күш салғанын байқауға болады.
Публицистикалық стильдегі ақ алтын (мақта), қара алтын (көмір) , темір тұлпар (трактор), бесінші мұхит (космос), көгілдір отын (газ),қанатты түлік (құс), дала кемесі (түйе), ақ халатты абзал жандар (дәрігерлер), бұл метафоралық тіркестер тұрақты тіркестерге айналып, одан стандартты шаблон сөздердің топтарына енеді.
Мемлекеттік тілді тұншықтырудың Кұлекеевтік тәсілі. Тарихты теңіз жұтқалы тұр. Естігенім-“тап таза”. Көргенім –“қожалақ” (“Ана тілі”).
Функционалдық стильдердің барлық түрінде метафора көркемдік сипатымен қатар стилистикалық бағалау категориясымен келеді, бағалауыштық мәнге ие болады. Ол ғылым-публицистикалық жанрдың және көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу тілінің барлық түрінде стильдік тұтастықты сақтайды. Метафора дәстүрлік әрі жеке қолданыстағы стильдік мәнермен адресант пән адресат арасындағы стилистикалық әсер тудыру қызметін қанағаттандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |