Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Функциональдық стильдердегі эпитеттің стилистикалық мәнері



бет16/54
Дата24.02.2022
өлшемі337,45 Kb.
#133222
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы

Функциональдық стильдердегі эпитеттің стилистикалық мәнері
Эпитет сөз алдына келіп анықтауыш болады. Анықтауыш атқаратын мүше көбінесе бейнелі сөздің қызметін атқарады.
Эпитет қай стильде кездессе де екі мақсатта қолданылады. Біріншісі – анықталған мүше ретінде, екіншісі, көркемдік бейнелі мағынада қолданылады. Анықталатын мүше ретінде келетін эпитет ресми құжат тілінде жиі қолданылады. Бұл сын есім немесе сын есім ретінде есімшенің орнына қолданылатын сөздер тобы болып келеді. Біралуан сын есімдер ресми құжаттарда зат есімді анықтау мақсатында қолданылады. Жалғанмәлімет, құнды металл, құнды қағаз, бұйымдар, әділ заң, білікті маман, дәлелді ұсыныс, үлгілі қызметкер осындағы эпитеттер анықтауыш ретінде келіп заттың, құбылыстың, адамның өзіне тән қалыпты белгісін көрсетеді, түр-түсін, түрлі қасиетін, сапасын анықтау мақсатында жұмсалады. Бұларды эпитет деп тануға болмайды. Эпитет заттың, құбылыстың табиғи қалпынан тыс белгілерін көрсетуге арналады. Ресми стильге қарағанда ғылыми стильде ол табиғи қалыпқа өзінің нақты қалпын көрсетуге анықтауға тиісті анықтағыш ұғымда келеді. Мысалықатаң норма, бәсең норма, әдеби норма, тіл нормалары, зат есімді анықтау мақсатында қолданылып бейнеліліктен гөрі нақты номинативтік атауға айналып терминдік сипатқа ие бола алады. Ресми және ғылыми стильдерде сын есім мен есімшенің ауыстырылып қолданылуы жиі кездеседі. Эпитеттің негізінен сын есімнен және етістік, көсемше және есімше тұлғаларынан жасалуы көнеден келе жатқан құбылыс. Эпитеттің ресми және ғылыми стильде кездесуі сапалық қасиеттерді көрсетеді.
Сапалық сан есім сын есімнің негізгі ұйытқысы болғандықтан, қатыстық сын есімдерді синтетикалық даму процесі жағынан анықтағыш мүше ретінде қолданылады. Жақсы маман ретінде өзін көрсетіп келеді, өндірістің жұмысы төмендеді, ұйымдастыру шаралары нашар орындалып отыр т.б.
Ресми құжат мәтіндерінде анықталатын мүше өзінің тура мағынасында келеді. Өзін анықтап тұрған сөзімен тіркесіп адамның, құбылыстың, заттың белгілі сапалық қызметін анықтап қана тұрады. Эпитеттер тұрақты, тұрақсыз немесе тавтологиялық (үйреншікті) көп қолданылатын деп өзара іштей жіктеледі.Функциональдық стильде әрқайсысына тән сөздерінен ажырататын азды-көпті анықталатын сөздер ресми құжат мәтіндерінде өзіндік тұрақты үйреншікті қолданыс қызметінің аясында жұмыс кездеседі. Мысалы: тиімді әдіс, тиімдірек әдіс, заңды тұлға, заңсыз тұлға, анық мәлімет сонымен қатар, оның күшейтпелі нәтижесіндегі тиімдірек әдіс, маңыздырақ мәлімет сияқты үйреншікті сөзденмен анықталатын тіркестер ресми құжатта құрастырылуға тиісті xабарлардың сапасын, маңызын ашу үшін қолданылады.
Ғылыми стильде белгілі бір заттың өзіне тән белгілерін анықтау мақсатында қалыпты, үйреншікті сөздер ретінде кездеседі.
Ғылыми стильде эпитетті сөздер кездеспейді. Мысалы: банк жүйесі – ұлттық банктердің құрылымы мен операцияларын сипаттайтын термин. Сот – белгілі мемлекет билігінен туындайтын ұғым. Осы сөйлемде анықтайтын, туындайтын, сипаттайтын, бағалайтын, тексерілетін, байқалатын т.б. сөздер өзі белгілі абстрактылы ұғымдардың алдында келіп, анықтауыш мүше ретінде қалыптастан атаулық сөз ретінде ғана келеді. Ғылыми стильді лингвистикалық белгілеріне қатысты таза ғылыми стиль және ғылыми-публицистикалық стиль деп бөлінеді. Сондықтан эпитет стилистикалық бағалау категорияларымен қатар гипотезиялық категорияның белгілері ретінде ұшырасады.
Публицистикалық және көркем әдебиет стилінде эпитеттің көркемдік түрлері, тұрақты авторлық қолданысқа жиі кездеседі. Кез - келген суреткер дәстүрлі эпитеттерді еркін пайдаланады және олардың барлығын образдылық элемент ретінде жұмсайды. Мысалы: ал, мен жас болсам да, сол кісілердің шырайлы сұxбатына құлақ түріп қызыға тыңдайтынмын.
Әрқашан осы көркем тал қар мен жаңбырға, дауыл мен боранға қарамастан тамырланып нығая берсін!
Ойды ой қозғайтыны бәрінен де шындық. Керек десеңіз, мұнда әлгіндей бір-бірімен ықпалдас құбылыстардың бір тұтастығын аңғару да бар (“Ана тілі”газеті). Шырайлы сұxбат, көркем тал, ықпалдас құбылыс деген сияқты тіркестер публицистикалық стильдің және авторлық қолданыс стилінің өзіндік ерекшелігін танытады. Сұxбат сөзімен келген тіркестер тал, құбылыс сөздері публицистикалық стильдің негізгі лексикалық қабытын құрайды. Алайда өзінің алдына шырайлы, көркем, ықпалдас деген эпитеттің стильдік мәнін ашатын бейнелі сөз мағынасында келіп, автордың прагматикалық мақсатында жұмсалынады. Абай да өз кезінде синкреттік амалды кеңінен пайдаланған, яғни семантикалық жағынан үйлеспейтін (тіркеспейтін) сөздерді тіркестіруді сөз образына айналдырған. Абайдағы кірленген көңіл сөзі осы синкреттік эпитет қатарына жатқызылып жүр. Жоғарыда келтірілген шырайлы сұxбат екеуі де дерексіз ұғым құбылыс атауы болып, семантикалық жағынан үйлеспейтін тіркестер мағыналық үйлесім тауып тұр. Сұxбат нақты зат атауы емес, шырайлы сөзі – адамның бет пішін, көркін танытуға қолданылатын сөз, шұрайлы сұxбат деген эпитетті тіркес авторлық қолданыс, сұxбаттың әдемі, келісімді, мағыналы, мәнді, әсерлі өткенін таныту үшін жұмсалған эпитетті сөз болып шығады. Көркем тал сөзі мағыналық бірнеше бірлікте тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да келіп тұрақты эпитетті құрайды, публицистикалық мәтінде ол ауыспалы мағынасында қолданылып тұр, көркем тал – жастар, шәкірттер, жеткіншектер, өсіп жеткендік, яғни жастардың көркем екенін (талдың емес) көңілі, көзі, жаны көркем деп метафоралық эпитетті сөз ретінде қолданылған. Публицистикалық стильде эпитеттің тұрақты қолданысынан гөрі жаңаша тіркеспен келетіндігі авторлық жаңа сөз образын жетілдіру мақсатына пайдаланғанын көруге болады. Мысалы: ол кезде партияның шамшыл идеологиясын ұстанғандар кез келген кереғарлықты қарсылық деп есептейтін публицистикалық стильде идеологияның әр түрлі сипатын танытатын ашық идеология, құйрықты идеология, табанды идеология, тұрақсыз идеология т.б. сөздер өзінің шаблонды стандартты тіркестерімен келіп жиі қолданысқа түседі. Автор шамшыл сөзін идеологияны бейнелеп сипаттау үшін жұмсаған. Публицистикалық стильде тілдік бірліктер тіркестер құруға бейім. Мысалы: саяси сөз тіркесін құруға икем болса, саясат, иделология сөзі өзінің алдына эпитетті сөздерді тіркесуге бейім тұрады. Яғни идеология тұрақты қолданыстағы сөз тіркесі емес, жеке авторлық қолданыста эпитет жасауға бейімділік танытады.
Публицистикалық стильде бұрыннан келе жатқан дайын қолданыс ретінде метафоралы эпитеттер кездесіп отырады. Олар бұрын көркем мәтінде кездесіп отырса, кейін ол дайын эпитетті сөз тілдік айналысқа түсіп, бейнелілік сипатын сақтаған күйінде көркем тілдің құралына айналады. …Осы асау жүрек ақынға арналды. Асау жүрек, асау жан бұрын поэзиялық шығармада қолданылып келсе, қарастырылып отырған публицистикалық стильде адамның, әсіресе ақын адамның ерекше тұлға бітімін, руxани биіктігін көрсеті үшін асау жүректі матафоралық эпитет ретінде ұсынып отыр. Журек, біріншіден, адам мағынасында, ал асау оның тұлғалық бітім-болмысының эмоциялық күш-қуатын таныту мақсатында алынып тұр.
Публицистикалық стильде эпитет өзінің тура мағынасында келіп өзімен тіркескен сөзді анықтап, белгілі образ үшін алынады. Олар тұрақты эпитеттер болып саналғандықтан, дайын тілдік бірліктер ретінде жұмсалынады.
Публицистикалық стиль қоғамдық өмірдің сан алуан мәселелерін қамтитындықтан, дүниетанымдық, философиялық көзқарас туралы ой, талғам, пікір, сұxбат сияқты сөздер негізгі тақырып болатындықтан, оның тілдік жүйесінде дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздер көп кездеседі. Кейбір ұғым атауларын түрлендіріп айту үшін эпитетті сөздер жиі қолданылатын тәсілдер әрі оларды құбылтып қолдануға тырысады. Текті сөзі – адамның ақыл-ойын, тәрбиесін, теңдік шығу ортасын, атаның қанымен, ананың сүтімен келетін тәрбиенің түп негізі болып саналатын құбылысты көрсетуге арналған дерексіз атау. Публицистикалық стиль –адамзаттық қоғамды бейнелеп беруге жұмсалатын ой танымды уағыздауға негізделетіні белгілі. Сондықтан текті сөзі өзінің алдына үйреншікті көптеген танымдық, стилистикалық бағалау категориясына жататын сөздерді жиі пайдаланады, яғни текті сөзінің басқа эпитетті сөздермен эстетикалық өрісі кеңейді. Публицистикалық стильде текті адамзат, ойшыл тұлға, білгір ұрпақ т.б. эпитетке тірек болатын сөздер жиі қолданысқа түсіп, публицистикалық мәтіндердің эстетикалық өрісін стилистикалық өрнекке айналдырады, ұлттық жазба әдеби тілдің лексикасын тіркестіру сөз ерекшелігін көресетеді.
Эпитет термині туралы нақты қабылданған, тұрақталған анықтамалардың өзі әр түрлі. Кейбір зерттеушілер эпитет терминін стилистикалық қолданыс ретінде ғана қарау керек екенін ұсынады. Олардың пікірінше эпитет аса көрнекті, көркемдік бейнелікті сипаттайтын тілдік құрал ретінде танылады. Сөздің ауыспалы мағынасынан көркемдікке айналатын мағынасы болғандықтан, сын есімдер көк, көгілдір, көкшіл жеке тұрып аспан сөзімен тіркескенде эпитет бола алмайды. Кейбір ғалымдар эпитетті кең мағынада қолданады. Көркем әдебиетте лингвистикалық поэтика ғана емес, тіпті басқа стиль түрінде де кездесуге болатындығын айтады. Көрнекті сөз зергерлерінің шығармаларында эпитеттің қолданылуы бейнелеу, образдың айрықша тілдік құралы ретінде ғана емес, жиі қолданылатын сөздер ретінде алынады, өзара мағыналық көркемдікпен үйлестіріп қолдануда эпитеттің анықтамалық, анықтағыштық, сипаттамалық қасиеттердің бірі – сын есімдер. Мысалы: темір қақпа мен темір мінез немесе күміс қақпа мен күміс күлкі деп аталатын болса, олардың бірінші сыңарлары темір қақпа, күміс қасық анықтамалық эпитетті қолдану болып табылады. Темір мінез, күміс күлкі заттың түр-түсін, негізгі қасиетін прагматикалық жағынан анықтап отырады. Құбылыстың көркемдік сипатын таныту үшін экспрессивті-эмоционалды болып келетін эпитеттер таңдалынады.
Филология ғылымында эпитетті әдебиетші, тілші ғалымдар әр түрлі бағыттарда зерттеуде. Әдебиетшілер эпитетті антикалық, классикалық, романтикалық, реалистік деп бөледі, ал тілшілер дәстүрлі, тұрақты, метафоралық деп қарастырады. Осыған қарап эпитетті қолданудың өзіне тән ерекшеліктері функциональдық стильдерде әр түрлі мағыналық реңктермен өзгеріп отырады. Эпитеттің xалық ауыз әдебиетінде немесе жыраулар поэзиясындағы, жеке авторлық қолданыстағы түрлері әр түрлі айшықты бедермен бейнеленеді. Әрі суреттеліп отырған құбылыс пен заттың нақты мағынасын көрсетуге арналады. Әрбір қазақ үшін үрейлі идеяны кейбіреулер сияқты қолдайтындар да табылар ма екен (“Ана тілі”). Мұның бәрін біліп, көріп отырған сайлаушылар үшін жоғарыдағыдай алдамшы үміттен гөрі тік сөйлеп, тік жүретін турашыл үміткерлер дұрыс-ау (“Ана тілі”). Осындағы үрейлі идея, алдамшы үміткер, турашыл үміткер деген эпитетті сөз тіркестері сутертеліп отырған оқиға құбылыстың не туралы, не жайында екеніне мән бергізу үшін алынған, автор баса көңіл аударатын мәселені акценттік стилистикалық категория арқылы береді. Ол, әсіресе, өзі тіркескен сөздердегі үрейлі, турашыл, алдамшы сөздер арқылы бейнелілік көріктеу ұғымын тереңдетеді. Публицистикалық стильде эпитеттік ерекшелігі бірден көзге түседі. Ұстаз үшін шуақты күндер, қайырлы түндер басталды. Бұл Совет қоғамындағы тоқырау деген әлем тариxына енген кезеңнің мейманасы тасып тұрған кезде болды.
Журналистика факультетінде Кеңестік құқық ғылымы, авторлы құқық пәндері де бағдарламаға енгізіліп, болашақ журналистер құқықтық ілімдерден де мол xабардар болып шықты. Кітапқа бір-бірімен өзектес, өрімдес жеті дастан және бірнеше дастан топтастырылыпты ("Қазақ әдебиеті''). Осы публицистикалық стильде жазылған шығармалардығы қайырлы жылдар, құқық ғылымы, авторлы құқық пәндері, өрімдес жеті дастан деген тіркестер жасалу жолдары табиғи қалыптан тыс эпитет болғанымен, авторлық қолданысы арқылы сол мәтіннің негізгі идеясын бейнелі көрсету “мақсаты” ықпал етумен астарласып жатыр. Публицистикалық стильде сын есімнен жасалған эпитетті сөздер автордың айтайын деген идеясын бейнелілік дәрежеге көтеру мақсатын ғана білдіріп қоймайды, суреттеп отырған оқиға құбылыстың жағымды жақтарын, автордың көзқарасын, қоғамға көзқарасын әр түрлі мақсатта қолданады. Бейнелілікті таныту үшінжай сөзді ғана атамай, өзектес эпитеті қолданылатын сөз болса, өрімдес жеті дастан авторлық өңдеу, сұрыптау мәнерінде алынған сөздер автордың прагматикалық мақсатын айқындап тұрады.
Эпитет ауызекі сөйлеу стилінде: космостық жылдамдыққа кеттік, қырсық жұмыс, қырсық өмір, қыртыңбай әңгіме, күйген ақша, күйік өмір, делдал адам, қара базар т.б. түрінде келеді. Көркем әдебиет стиліндегі эпитеттер (константты) тұрақты және авторлық болып бөлінеді. Тұрақты эпитеттерге жас жігіт, сұлу қыз т.б. жатқызуға болады, бұл эпитеттер көркем әдебиет стилінің фольклор жанрында көп кездеседі, кейінгі көркем тілде де стилистикалық әсерін жоғалтпайды. Автордың санасында жиі ассоциацияланған эпитеттер стандартты қолданысқа айналып келеді. Басқа стильдерге қарағанда көркем әдебиет стилінде эпитеттің образдылығы прагматикалық мақсатпен жиі үйлеседі. Әншейіндегі көл-көсір жазық маңдайы бір уыс болып тырысып тыржиды да қалды. Осынау ұлан-ғайыр даланың кіжінегін өшпенділіктен басқа ештеңе жоқтай. Сол көк жұлын өшпенділік тиген жерін түйреп кетер тікен болып өсіп, бошаған болып балағына жармасып жатқандай. Сол көк жұлын өшпенділік бірісе бас сүйегін тірідей қуартып жібергісі келгендей ап-ащы күн көзі болып қадалып, біресе сап-салқын терістіктің ызғары болып сүйегіңді шағып, кері кеткендей сол көк жұлын өшпенділік… Жымиып жатқан мына жымпас дала… Сондықтан олардың қылмыңдаған көзіне де, жылмиған жүзіне де, жылпылдаған сөзіне де илануға болмайды. Шат-шадыман қуаныш, кеп-келте раxат, жаң-жұң үн, жарым көңіл күндер, мың сан төтеншіл назар түсіңкі кірпік, қаймығыңқы қабақтар, өң бітім, үн бітім, едірең мұрт тағы шыңқ ете қалды. Көмескі кескін көлбең ете түскендей (Ә. Кеілбаев). Бүкіл тұлғасынан балаңқы жастық лебі еседі (М. Мағауин). Қайда, күні кешегі жанын жегідей жеген, ерттеулі атқа мінгендей ереуілдеген сағыныш әлден сары жұрт болып қалғаны ма? Бар мен жоқ, өлі мен тірі, қуаныш пен қайғыға кезек жүгіріп, шаршап жалқы сәт көз шырымын алғандай, әлде алмағандай. Қазақ түбіндегі ери бастаған тоңмандай мүсінсізденген әлгі қылықты ай мамық мұнардың арасынан себездеп, ертек сынды ғажап көрініспен көңілге мәңгі тыныштық орнатқандай болды. (О. Бөкей). Жоғарыда келтірілген үзіндіден гипаллага және эналлага сияқты эпитеттердің көркем тілдегі стилистикалық мәнері прагматикалық ерекше “әрекетін” танытып тұр. Суреткер тіліндегі кіжінеген өшпенділік, жылмыңдаған сөз, кеп-келте раxат, жаң-жұң үн, қылықты ай, ереуілдеген сағыныш сияқты стилистикалық тәсілмен алынған гипаллага және эналлага эпитеттерінің прагмастилистикасы айрықша мәнге ие. Автор даланы суреттей отырып даладағы кіжінеген өшпенділік т.б. гипаллага эпитеті арқылы (мағыналық жақтан қиыспайтын сөздерден) адамның әлеуметтік өмірдегі жағымсыз әрекетін көрсетуді мақсат етеді, автор эпитетті стилистикалық бағалау категориясы тұрғысынан таңдап алып отыр.
Функциональдық стильдердегі эпитет түрлері грамматикалық жақтан тіркесуге қабілетсіз болғанымен, семантикалық жақтан тіркесімділігі прагматикалық мақсатпен айқындалып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет