Д. Б. Абулкасова (қолы) (аты-жөні)


Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны



бет68/93
Дата05.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#16438
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   93
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. Версаль-Вашингтон жүйесіндегі араб елдері.

  2. Араб елдеріндегі ұлт-азаттық күрес.

  3. ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы араб елдері.

Адамзат тарихының қазіргі заман тарихы басталуы кезеңінде Африканың араб елдері Англияның (Египет, Судан), Францияның (Алжир, Тунис, Марокко), Испанияның (Марокконың бір бөлігі) отарлары болды. Батыс Азияның араб елдері Осман империясының құрамына қосылды. Арабтарды өз жағына тартуға ұмтылған Англия І д.ж. соғыс кезінде де соғыстан кейін тәуелсіз араб мемлекеттерін құруға уәдесін береді. Алайда өз уәделерін орындамай, 1916 ж. мамырда құпия ағылшын-француз келісіміне қол қойылып, ол бойынша Ирак (Месопотамия) және Трансиорданияда Англияның, Сирия мен Ливанда – Францияның үстемдігі орнатылады. Палестина Антанта елдерінің бірігіп басқарылуына беріледі. І д.ж. соғыс Осман империясының толықтай құлдырауына алып келеді, бірақ дербес тәуелсіз мемлекеттер тек Сауд Аравиясы мен Йеменде қалыптасады. І д.ж. соғыс яақталғаннан кейін империалистер Араб елдерінде де өз үстемдіктеріннығайту үшін Ұлттар Лигасының мандаттық жүйесін пайдаланады: Ирак, Трансиордания, Палестина Англияның иеліктеріне, Сирия және Ливан – Францияның иеліктеріне айналады. Англия Аравия түбегінің бірқатар князьдықтарына бақылауын күшейтеді. Палестина Англияның мандаттық территориясы деп жарияланғанымен палестинаның барлық мемлекеттік саясаты 1917 ж. 2 қарашадағы Палестинада “еврей халқы үшін ұлттық ошағын” құру және халықаралық сионистік қозғалысты қолдау туралы Бальфур декларациясы арқылы анықталады. Бальфур декларациясына АҚШ, Франция және Италия үкіметтері қосылады. Англия Палестинаға еврей капиталының енуіне және еврейлердің иммиграциялануына кең түрде қолдау көрсетіп отырады.


Империалистік державалардың үстемдігінің орнатылуы арабтардың бостандық және тәуелсіздікке ұмтылысын тоқтата алмады. 1919 жылы наурызда Египеттің жұмысшылардың, студенттердің, феллахтардың көтерілісі басталады. Әсіресе Каирдағы желтоқсан көтерілісі өте қауіпті болды. Сирия халқының ұлт-азаттық күресі 1925-1927 ж.ж. ең шырқау шегіне жетеді. Қозғалыстың басталуына 1925 жылы шілдеде Джебель-Друз таулы облысындағы шаруалар көтерілісі себеп болады.
ІІ д.ж. соғыс жылдары да отарлар өз метрополиясының экономикалық базасы болып қала берді. Олардан армияға азық-түлік, әскери өнеркәсіп үшін шикізат және кейбір әскери материалдар алынып отырды. Таяу Шығыс (ең алдымен Иран, Ирак және Сауд Аравиясы) ағылшын армиясын мұнаймен қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың бірінші кезеңінде әсіресе Францияның жеңілісінен кейін, отарларда антиимпериалистік қозғалыстар кеңінен жүреді. Мысалы, 1940 жылдың ІІ жартысында Египетте офицерлер арасында қарсылықтар күшейсе, 1941 жылы сәуірде Иракта ағылшындарға қарсы офицерлер төңкеріс жасайды. Сирия соғысқа Францияның мандаттық территориясы ретінде араласады. 1939 жылы 2 қыркүйекте ол «әскери аймақ» деп жарияланады. 1941 жылы шілдеде Сирияны одақтастар әскері басып алады. Генерал де Голль Сирияны басқаруды ағылшын бақылауына беруге келісімін береді. 1941 жылы 27-қыркүйекте Сирияның тәуелсіздігі жарияланып, бірақ бұл тәуелсіздік «соғыс кезеңіндегі талаптарға» байланысты шектеулі болатындығы айтылады. 1944-1945 ж.ж. Араб елдері Лигасы құрылады. 1945 жылы ақпанда Египет формальды түрде Германия мен Жапонияға соғыс жариялайды, бұл оған 1945 жылы мамыр-маусым айларындағы БҰҰ құрған конференцияға қатысуға құқық береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет