Д. Б. Абулкасова (қолы) (аты-жөні)



бет72/93
Дата05.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#16438
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93
14 апта.
Дәріс №14
Тақырып: Африка: саяси және әлеуметтік процесіндегі жаңа тенденциялар.
Дәрістің мақсаты: Тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі Африка елдерінің даму ерекшеліктерін айқындау.
Тірек сөздер: империализмнің отаршылдық жүйесінің күйреуі, ұлт-азаттық қозғалыстар, отарлардың тәуелсіздігін жариялауы, «Африка жылы».
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. ІІ д.ж. соғыстың нәтижелері және Африка елдері.

  2. Ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуі.

  3. Тәуелсіз жас мемлекеттердің пайда болуы.

ІІ д.ж. соғыстың аяқталуы Африканың саяси картасын іс жүзінде өзгерткен жоқ, бірақ отаршылдық экономиканың дамуына айтарлықтай түзетулер енгізіп, Африка қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымының құлдырау процесін тездетті. ІІ д.ж. соғыс кезеңіндегі және соғыстан кейінгі Африкадағы ұлт-азаттық күрестердің басты үш кезеңін бөліп көрсетуге болады:



    1. 40 ж. – 50 ж. аяғына дейін. Африка халықтарының отаршылдарға «бейбіт» ықпал етуі, күрестің қарапайым – ереуілдер, шетелдіктер тауарларына байкот жариялау, митингілер және демонстациялар т.б. сияқты түрлерін қолдану.

    2. 50 ж. аяғынан - 60 ж. ортасына дейін. Бұл кезең отаршылдыққа қарсы қарсылықтардың даму кезеңі, көпшілік африкалық елдердің тәуелсіздік алуымен аяқталады.

    3. 60 ж. ортасынан – 80 ж. аяғына дейін. Португалиялық отарлардағы Африка халықтарының және Африканың оңтүстігіндегі – Зимбабве мен Намибия, сондай-ақ ОАР-ғы нәсілдік режимге қарсы қарулы күрестермен байланысты.

1960 ж. тарихқа «Африка жылы» деген атаумен енеді, себебі сол жылы 17 Африка елі тәуелсіздігін жариялайды. Тропикалық Африкадағы отаршылдық жүйеден алғаш болып босатылған елдердің бірі – Алтын жағалау болды. 1957 жылы 6 наурызда Алтын жағалау өзін Гана мемлекеті деп жариялайды. Кваме Нкрума оның тұңғыш президенті болып жарияланады. 1960 жылы 1 қазанда Африкадағы халқы жөнінен ең үлкен отар – Нигерия тәуелсіз мемлекет болды. Шығыс Африкадағы ағылшын отарларынан бірінші болып Танганьика территориясы тәуелсіз болды, ал 1962 жылы Занзибар азат етілгеннен кейін унитарлы мемлекет – Біріккен Танзания Республикасы құрылады. Оны Африкадағы азаттық қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі – Джулиус Ньерере басқарады. 1962 жылы қазан айында – Уганда, ал 1963 жылы желтоқсанда – Кения тәуелсіздігін алады.1960 жылдың аяғында Францияның 12 отары және екі қарамағындағы мемлекет тәуелсіз мемлекетке айналады. 1960 жылы 30 маусымда Бельгия үкіметі Конгоға тәуелсіздігін беруге мәжбүр болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет