Д. Б. Абулкасова (қолы) (аты-жөні)


Буржуазиялық-демократиялық республика



бет37/93
Дата05.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#16438
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   93
Буржуазиялық-демократиялық республика – барлық азаматтарға демократиялық құқық пен бостандық заң арқылы кепілдік берілген мемлекеттік құрылым формасы.
Бурлар – ХҮІІ ғ. өзінде Оңтүстік Африкаға орныққан голландиялық (сонлай-ақ неміс және француз) отаршылдарының ұрпақтары. ХІХ ғ. бурлар дербес мемлекет құрады, алайда ол 1899-1902 ж.ж. ағылшын-бур соғысының нәтижесінде тәуелсіздігінен айырылады. Қазіргі бурларды африканерлер деп атау орын алған.
Геноцид – адамдарды белгілі бір тұтастыққа жатқандығы немесе шығу тегіне байланысты қырып-жою немесе қудалау, адамдарды белгілі бір әлеуметтік, мәдени немесе биологиялық топқа жататындығы үшін кінәлі деп санау.
Деколонизация – түрлі елдер мен территориялардың отаршылдық тәуелділіктен азат етілу процесі, нәтижесінде олар тәуелсіз мемлекет болады.
Доминион - өзінің басшысы ретінде ағылшын монархын таныған Британ империясы (1947 ж. бастап - Достастық) құрамындағы өзін-өзі басқару мемлекеті. Ағыошын монархы доминионға генерал-губернаторды тағайындайды. Сонымен бірге жергілікті басқару органдары да болады.
Жас түріктер – ХІХ ғ. соңында пайда болған Түркиядағы буржуазиялық-демократиялық қозғалысқа қатысушылар. 1908 ж. революциялық көтеріліс нәтижесінде жас түріктер конституцияны енгізуге қол жеткізеді, ал 1909 ж. олардың үкіметі билікке келеді (сонымен қатар монархия І д.ж. соғыстың аяғына дейін сақталады).
Интеграция - өзара бейімделу, экономикалық және өндірістік ынтымақтастықты кеңейту, екі немесе бірнеше мемлекеттің ұлттық шаруашылықтарын біріктіру процесі, шаруашылық өмірді бірігістірудің, біртұтас шаруашылық кешенін құруға алып барудың жоғарғы түрі.
Интервенция – бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа мемлекеттің ішкі істеріне күштеп араласуы. Тікелей әскери интервенциядан басқа дипломатиялық, экономикалық, қаржылай интервенция бар. БҰҰ-ның Жарғысы жәнехалықаралық құқық интервенцияның барлық түріне тиым салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет