АзБР – Азиялық Даму Банкі.
Апартеид («бөлек өмір сүру») – елдің халқының бүтіндей бір тобын нәсілдік шығу тегіне байланысты тәуелділік жағдайда ұстап, оларды сасяи, азаматтық және әлеуметтік-экономикалық құқықтарынан ажыратып немесе барынша шектеп, арнайы территориялық резервацияда ұстайтын нәсілшілдік қорлаудың ең шектен шыққан түрі.
Аннексиябір мемлекеттің бір бөлігін немесе басқа мемлекеттің барлық территориясын күштеп басып алу.
АНЗЮС – 1951 ж. құрылған, Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ кірді (мемлекеттердің алғашқы әріптері).
АПЕК –1989 ж. құрылған, Азия-Тынықмұхиттық экономикалық кеңес.
АСЕАН – Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы. 1967 ж. құрылған аймақтық саяси-экономикалық ұйым. Оның құрамына алғашында Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппин және Бруней кірген. Оның мақсаты – мүше-елдердегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілікті және Оңтүстік-Шығыс Азияда тұрақтылықты қалыптастыру.
Афроцентризм –ХІХ ғ. ортасында АҚШ-та пайда болған идеологиялық ағым. Афроцентризм негізіне қара африкалықтардың (қазір АҚШ-та және Латын Америкасында тұратын олардың ұрпақтарының) ақ және сары нәсілдегі адамадардан мәдени және басқалай да жоғары тұру идеясы алынады.