Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Ғылымда теориялық пен эмпириялық, фундаментальдық пен



Pdf көрінісі
бет25/122
Дата12.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#67408
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   122
Байланысты:
toymataev
toymataev
Ғылымда теориялық пен эмпириялық, фундаментальдық пен
қолданбалы түрлері
Əр  ғылыми  таным  мен  білімнің  деңгейлері  мен  типтеріне  тоқтаудың
алдында ғылымның жіктелуіне тоқтайық. Қазіргі ғылымның классификациясы:
1) таным əдісі мен пəні бойынша:
a)  табиғаттану - табиғат туралы ғылымдар;
b) қоғам туралы білімдер (гуманитарлық пен əлеуметтік ғылымдар);
c) таным  мен  ойлау  туралы (логика, гносеология, диалектика,
эпистемология жəне т.б.);
d) техникалық ғылымдар;
e) қазіргі  математика - табиғаттану  ғылымдарға  қатысы  жоқ, бірақ
олардың ойлауының күрделі элементтеріне жатады.
2) практикадан «қашықтау» бойынша:
a) фундаменталды, яғни, нақты əлемнің негізгі заңдары мен қағидаларын
анықтайды, практикаға тікелей қатысы жоқ;
b) қолдану - фундаменталды  ғылымдармен  орнатылған  заңдылықтарға
негізделіп  ғылыми  танымның  нəтижелерін  тікелей  нақты  өндірістік  пен
əлеуметтік-практикалық мақсаттарды шешуге арналады.
3) табиғаттану  ғылымдарының  негізгі  аумақтары  бойынша (материя,
өмір, адам, Жер, Ғарыш):
a) физика - химиялық физика - химия;
b) биология - ботаника - зоология;
c) анатомия - физиология - эволюциялық ілім - тектілік туралы ілім;
d) геология - минералогия - петрография - палеонтология - физикалық
география жəне Жер туралы басқа ғылымдар;
e) астрономия - астрофизика - астрохимия  жəне  Ғарыш  туралы  басқа
ғылымдар.
4) гуманитарлық  ғылымдар  өз  ішінде  де  бөлінеді: тарих, археология,
экономикалық  теория, саясаттану, мəдениеттану, экономикалық  география,
əлеуметтану, өнертану жəне т.б.
Қанша ғылымдар бөлінседе, бірақ «ғылым өзі біреу, бірыңғай, ғылымның
өсу  санына  қарамай, жаңа  түрлері  пайда  болады, - олар  бəрі  тұтас  ғылыми
құрылысты құрастырады жəне логикалық тұрғыдан бір-біріне қайшы емес».
Əр  ғылыми  білім  ойлаудың  рационалды  кезеңдегі  іс-əрекеттің  нəтижесі
болған  соң  ұғымдық  түрде  айқын. Бұл  ереже  тікелей  тек  теориялық  емес,
эмпириялық  деңгейге  де  қатысты. В.А. Смирнов  осы  мəселеге  бойынша,
«сезімдік-рационалдылық» жəне «эмпириялық-теориялық» оппозицияға
қажетті назар аударуға шақырды. Сезімдік пен рационалдылықтың қайшылығы
сананың жалпы гносеологиялық айырмашылығы, бір жағынан, сезімдік таным
іс-əрекетінің  нəтижесі (сезу, қабылдау, елес), екінші  жағынан, ойлаудың
қызметі (анықтама, пікір, ойқорытынды). Ал «эмпириялық-теориялық»


58
оппозициясы  дегеніміз, рационалды  білімнің  ішіндегі  айырмашылыққа
қатысты. Бұл  деген, сезім  нəтижелері  қанша  көп  түрлі  жəне  үйреншікті-
маңызды болсада əлі ғылыми білім деп аталмайды. Толық түрде ол тек ғылыми
бақылау мен эксперимент нəтижелеріне, қоса олар ойлау қортудан  өтіп, тілдік
түрде жарияланғанда қана ғылыми деп аталады. Ғылыми білім пəндік сананың
нəтижесі. Эмпириялық  танымды  алсақ, бұл  ереже  күмəнсіз, себебі, ол  сезім-
түйсік  арқылы  қабылданған  заттар  мен  сананың  қатысы. Теориялық  танымда
пəнділікке  жақын (идеалды-пəндік). Эмпириялық  танымның  нəтижелері
рационалды  танымның  операционалды  деңгейімен - ақыл-парасатпен  тығыз
байланысты. Соңғы, сезім  материалдарын  абстракциялау, анализ, салыстыру,
жалпылау, индукция, эмпириялық  заңдардың  болжауын  ұсыну, дедуктивтік
қорытынды, дəлелдеу немесе жоққа шығарудан өткізеді.
Яғни, эмпириялық білімнің табиғатын түсіну үшін, оның үш түрлі сапалы
тұрғыдан пəндік типін көрсету қажет:
1) заттар өзгеше («объекттер»);
2) олардың 
сезімдік 
түрдегі («сезімдік 
объекттері») елестері
(репрезентациялар);
3) эмпириялық (абстрактілі) объекттер.
Санамен «сезімдік  объектілердің» мазмұнның «өзіндік  заттармен»
сенсорлық  байланыс  негізі  арқылы  шығару  көп  факторлармен
байланысты:
1) танылып жатқан объектілердің мазмұнына;
2) зерттеудің  мақсаттық  ұстанымынан (психологияда  дəлел  алған);
(мақсаттық ұстаным - ол бір өзгеше фильтр, «мендікке» қажетті бағдарламаны
таңдап, «өзіндік заттың» сана арқылы көруі);
3) ғылыми 
танымның 
эмпириялық 
деңгейінде 
фильтр 
ролін
атқаратындарға келесі жатады:
а) танымдық пен практикалық ұстанымдар;
b) ойлаудың (ақыл-парасаттың) операционалдық мүмкіндіктері;
с) тілдің қажеттіліктері;
d) эмпириялық білімнің жиналған қоры;
е) ғылыми теориялардың интерпретативті мүмкіндігі.
Эмпириялық білім дегеніміз - абстарктілі эмпириялық объектілер туралы
көп  түрлі  пікірлер. Бірақ  оны  бақылаудың  тікелей  нəтижесі  деп  түсіну  дұрыс
емес, себебі, айналмалы  түрде «өзіндік  заттар» идентификация  мен
интерпретация жолынан өтіп нақты дүние туралы білімді ашады.
Эмпириялық  білімнің  құрылысы. Сезімдік  пен  эмпириялық  білімдердің
онтологиялық  пен  сапалық  түрде  мазмұндарыда  өзгеше  болып  табылады;
біріншісі, көп  түрлі  сезім  бейнелері  болса, ал  екінші, көп  түрлі  эмпириялық
пікірлер; олар  логикалық  тұрғыдан  бір-бірінен  ештеңе  шығармайды. Сонда,
эмпириялық  білімді  бақылау  мен  эксперименттердің  логикалық  нəтижесі  деп
түсіну  ол, қателесу. Олардың  арасында  басқа  да  қатысу  типі  байқалады:
сезімдік  нəтижелерді  бір  тілде  логикалық  түрде  модельдеу (репрезентация).
Эмпириялық  білім  əрқашанда  сезімдік  білімнің  анықтамалық-дискурсивті
моделі.


59
Эмпириялық білімнің өзінің құрылысы да қиын мəселеге жатады. Ол төрт
деңгейден тұратын құрылыс:
1. Ең қарапайым деңгейі - бірлік эмпириялық пікірлер (болу  квантормен
бірге  немесе  онсыз), «хаттамалық  пікірлер»; олардың  мазмұны  нақты
бақылаудың  дискурсивті  қабылдауы; осындай  хаттаманы  құрастырғанда
бақылаудың нақты уақыты мен орны анықталады.
2. Эмпириялық  білімнің  екінші, күрделі  деңгейі - фактілер. Ғылыми
фактілер  хаттамалардың  индуктивтік  жолмен  жалпылау, олар  міндетті  түрде
жалпы  статистикалық  немесе  əмбебапты  болып  табылады. Олар  зерттелетін
пəндік  аймақтың  жағдайларын, қасиеттерін, қатынастарын  жəне  олардың
сандық  жағын  байқайды. Олардың  символикалық  елестеріне  графиктер,
диаграммалар, кестелер, классификациялар, математикалық модельдер жатады.
3. Келесі одан жоғары эмпириялық білімнің деңгейі - заңдардың түрлері
(функционалды, себептілік, құрылымдық, динамикалық, статистикалық  т.б.).
Ғылыми заң дегеніміз - уақыттық пен кеңістік тұрғысынан тұрақты, жағдайлар,
оқиғалар  немесе  қасиеттер  арасындағы  қатынастардың  өзгеше  түрі. Фактілер,
заңдар  сияқты  ортақ  квантормен
"x(a(x)Eb(x)  жалпы (универсалды  немесе
статистикалық  пікірлер), мысалы, («Барлық  заттарды  қыздырғанда, олар
кеңейеді», «Барлық  планеталар  Күнді  айналады» т.б.). Ғылыми  эмпириялық
заңдар  түбінде  əр  түрлі  процедулармен  алынған: индукция, элиминативтік
индукция, дедукцияға  керісінше  индукция, дəлелдеу  индукция  арқылы
жасалған  жалпы  болжаулар. Нақтыдан  жалпыға  жету, индуктивті  жолмен
көтерілу тек болжау, мүмкіндік білімді береді. Эмпириялық білім сол тұрғыдан
негізінде  гипотетикалық  болып  табылады. Табиғаттану  ғылымдарға  қатысты
Ф. Энгельс  байқаған, «ойлаған  соң, табиғаттанудың  да  даму  формасы
гипотеза».
4. Жалпы, төртінші  деңгейі - феноменологиялық  теориялар. Олар
эмпириялық  заңдар  мен  фактілерді  логикалық  тұрғыдан  құрастырады
(феноменологиялық  термодинамика, Кеплердің  аспан  механикасы  т.б.). Өзінің
жоғары деңгейіне  қарамай, шығу  мен  қасиеттеріне  қарай олар гипотетикалық,
мүмкін білімі. Индукция, яғни, жалпы білімді нақты арқылы дəлелдеу (бақылау
мен  экспериментердің  деректері), логикалық  дəлелдеу  күшсіз  болса  да,
жағымды түрде - тек растау болып табылады.
Эмпириялық  деңгейлердің  арасында  сапалық  емес, сандық  тұрғыдан
айырмашылық  бар, бір  елесті  жалпылау  күш  тұрғысынан  ерекшеленеді. Ал
эмпириялық  пен  теориялық  білімдердің  сапалық  айырмашылығы  айқын,
онтологиялық  тұрғыдан  өзгеше. Эмпириялық  пен  теориялық  білімдердің
арасындағы  айырмашылық  эмпириялық  пен  сезім  білімдеріне  қарағанда
күрделі.
Теориялық  білім, ғылыми  теорияның  құрылысы. Теориялық  білім
сананың 
конструктивті 
бөлігі - ақылдың 
іс-əрекетінің 
нəтижесі.
В.С. Швыревтің  пікірінше, ақылдың  қызметі  сананың  сыртқы  жағына  емес,
яғни  сыртқы  болмысқа  емес, сананың  ішкі, өзіндік  мазмұнын  ашуға
бағытталады. Ақылдың  қызметінің  мəнін  өзінде, өзі  үшін  еркін  когнитивті
шығармашылық. Интеллектуалды  интуициямен  бірге  теориялық  ойлаудың


60
негізгі  логикалық  операциясы  идеалдандыру, оның  мақсаты  мен  нəтижесі -
өзгеше  пəндік  түрді  шығару - «идеалды  объектілерді». Осындай  объектілер
əлемі  ғылыми  білімнің  теориялық  түрінің  өзгеше  онтологиялық  негізін
құрайды.
Ғылыми  теория - бір  идеалды  объектілердің  қасиеті  мен  қатынастарын
біріктірген, логикалық  тұрғыдан  құрылған  пікірлер. Идеалды  объектілерге
жатады: геометриялық  нүкте, сызық, жазық - математикада; инерция,
абсолюттік  кеңістік  пен  уақыт, математикалық  маятник, абсолютті  түрде  қара
зат - физикада, қоғам  страттары, қоғамдық-экономикалық  формация -
əлеуметтануда; логикалық ойлау, логикалық дəлел - логикада т.б.
Ғылымда  идеалды  объектілер  қалай  шығарылады, эмпириялық
объектілерден  айырмашылығы  неде? Идеалдандыру  дегеніміз - эмпириялық
объектілерінің  қасиеттерін  тəжірибеде  байқап, оның  логикалық  мүмкін
мағынасына  көшу (мысалы, нөл - көлемі  күшею: абсолютті  қара  зат - толық,
100% сəуле энергиясын жұту, қабылдау).
Идеалды  объектілерді  шығарғанда  шекті  кешулерге  не  тəрізді? Үш
жағдайға назар аудару қажет.
1) ойлаудың  тұңғыш  қозғалыс  бастамасы - нақты  қасиеті  мен
қатынастары бар эмпириялық объектілер;
2) «бақылау» объектің  қасиетін  ойлау  қозғалыс  жолында  шекті
мағынасына дейін жету;
3) осындай ойлаудың сандық өзгерісінде ойлау сапалық тұрғыдан мүлдем
басқа  объекті  жаратады; оның  қасиеттерін, бақылау  мүмкін  емес (нүктелердің
мөлшерсіздігі, абсолюттік  тік, капиталистік  формация  таза  түрінде, сана,
болмыс т.б.).
Шектік  көшу  операциямен  бірге  идеалды  объектілерді  кіргізудің  тағы
басқа  тəсілі  бар - ол  анықтама  түрінде  енгізу. Осы  тəсіл  белсенді  түрде
математикада  қалыптасқан; жартылай - теориялық (математикалық) физикада;
соңғы  кезде  Евклид  емес  геометрияны  толық  математикалық  теория  ретінде
қабылдаған  соң; қазіргі  математиканы «абстрактілі  құрылыстары» туралы
ғылым деген, оның пəндік реті идеалдырылған объектілерден тұрғанын айтады
(математикалық ойлаумен анықтама түрінде қабылданған).
Теориялық  танымның  əдістеріне  келсек, идеалдандыру  мен  бірге  ойлау
эксперимент, математикалық  гипотеза, теориялық  модельдеу, теориялық
біліммен 
ғылыми 
теорияларды 
логикалық 
тұрғыдан 
меңгерудің
аксиоматикалық  пен  генетикалық-конструктивтік  əдістері, формалдандыру
əдісі  т.б. айтып  кету  керек. Əр  теориялық  конструкт  үшін - қарапайым
идеалдандырудан  бастап («таза  мəн») нақты  теориямен  қорытқанда («таза
мəндердің» логикалық  құрылысы) - олардың  объективтілігін  дəлелдейтін  екі
тəсіл  бар. А. Эйнштейн  оларды  ғылыми  теорияның «ішкі» жəне «сыртқы»
ақталуы  бар  деген. Сыртқы  ақталуы, яғни, ақылдың  нəтижелерін  практикада
қолдану, эмпириялық  қажеттілігі. Бұл  оның  құндылығының  прагматикалық
бағасы; ақылдың  абсолюттік  белсенділігін  шектейді. Бұл  талап  эмпиризм  мен
прагматизмнің философиялық тұжырымдамаларында дəлелденген. Екінші тəсіл
идеалдандырылған  объектілердің  өзіндік  ішкі  негізінен  жетілуі, қойылған


61
теориялық  мəселелер  мен  жаңа  түрлерін  қоюға  ықпал  болған  логикалық
үйлесімділік пен теориялық əлемнің өсуі.
Қандай  себеппен  идеалдандырылған  объектілер  ғылымға  енгізіледі?
Ғылымның  дамуына  жəне  үстемді  қалыптасуына  олар  қаншалықта  қажетті?
Ғылымда  эмпириялық  біліммен  шектелуге  болады  ма? Осы  мəселені  нақты
түрде  қойған  ғылым  тарихшысы  мен  философ  Эрнст  Мах. Оның  пікірінше,
ғылыми  теорияның  негізгі  мақсаты  нақты  пəндік  аймақ  туралы  эмпириялық
бағдарламаны  экономды  түрде  жариялау (репрезентация). Осы  мақсатты
жеткізу  жолы  эмпирияның  логикалық  түрлерін  құрастыру - кішкентай, нақты
мүмкіндіктерді  максималды  эмпириялық  түрде тексерілетін салдарды  шығару.
Идеалдырылған  объектілер - олар  ойлаудың  эффективті  түрде  өз  мақсатына
жету  төлемі. Мах  айтқандай, объективті  нақтылықта  бір-бірімен  формалды-
логикалық  тұрғыдан  байланысты  заңдар, қасиеттер  мен  қатынастар  мүлдем
жоқ. Логикалық қатынастар тек сана, ойлау аумағында ұғымдар мен пікірлердің
арасында  мүмкін. Нақтылықтың  логикалық  модельдері  қажетті  түрде
инструменталдық  қасиеті  бар 
қарапайымдылықты, схемалық  түрін,
идеалдандыруды, ұғымдар  енгізуді  сұраныс  етеді. Соңғылардың  қасиеттері
Махтың  пікірінше, эмпириялық  бағдарламалар  солардың  ұсынған  түрінде
шығыннан  қорғалады, жəйлі  сақталады, мəдениетте  жеткізіледі, білім  алу
саласында жақсы қабылданады.
Осы  Махтың  инструменталистік  пікіріне  ғылым  философиясында
эссенциалистік  интерпретация  қарсы  тұрады. Соңғысы  бойынша, ғылыми
теориялар мен идеалдандырылған объектілер əлемнің мəндік суретін ұсынады,
ал  эмпириялық  білім  құбылыс  əлеміне  қатысты. Инструментализм  мен
эссенциализмде  көтерілген  мəселелер  теориялық  білімнің  онтологиялық
статусына ие.
Эмпирия  мен  теорияның  қатынасы. Осы  мəселенің  дұрыс  шешімі  екі
пікірдің қайшылықсыз бірігуінде жатыр:
1) ғылымда  эмпириялық  пен  теориялық  білімнің  арасында  сапалық
айырмашылық бар;
2) сол байланысты мойындау жəне оның механизмін түсіндіру;
3) осы  мəселені  шешу  үшін  екі  ұғымға  назар  аударайық. Эмпириялық
білім  дегеніміз  эмпириялық  объектілер  туралы  көп  түрлі  пікірлер. Ал
теориялық  білім  дегеніміз  идеалдық  объектілер  туралы  логикалық  тұрғыдан
құрастырылған  көп  түрлі  пікірлердің  жиынтығы. Эмпириялық  білімнің
мазмұны  объективті  нақтылықтың  мазмұны  болса, теориялық  білімнің
мазмұнын  идеалды  объектілер  туралы  бағдарламалар  өздерінің  конструктивті
түрінде.
Теориялық  əлем  өзінің  шығу  кезеңінен  бастап  объективтік  мəртебеге  ие
болады  жəне  дамуға  ықпал. Эмпириялық  білімді  меңгеретін  сананың  негізгі
факторларына  бақылау  мен  эксперимент  жатады. Ал  теориялық  білімді
меңгеретін  факторларға  интеллектуалдық  интуиция  мен  логика  жатады.
Сананың  теориялық  білімінің  мазмұнын  меңгеру  күші  эмпириялық  білімді
меңгеру  күшіне  қарағанда  үстемді. Осыған  себеп - теориялық  білім  сананың
өзінің  ішкі  өнімі; ал  эмпириялық  білімнің  мазмұны  жартылай  санадан,


62
жартылай материалдық реалдыққа байланысты.
Қорыта  айтқанда, теориялық  пен  эмпириялық  білімдерде  əр  түрлі
онтология: ойлау, идеалды конструктор («таза мəндер»), ал эмпириялық білімде
- принципиалды  бақылауға  негізделген  дүние. Теориялық  əлемде  бəрі
анықталып, қайшысыз, рационалды  ойлаудың  пəндік  бірлігі  болу  қажет. Ал
эмпириялық  əлемде  болу, яғни, көп  жағдайда  бақылаудан  өтіп  қайталанатын
пəндік  заттар. Олардың  арасында  логикалық  көпір  мүмкін  емес;
методологиялық  тұрғыдан  эмпириялық  тəжірибеден  теория  шығады, деп
тұжырымдау  қате. Ғылыми  теориялар  эмпириялық  білімнен  логикалық
тұрғыдан  шықпайды; олар  жоғары  түрде  конструкцияландырылады (түсіну,
түсіндіру, болжау). Яғни, олар  ақылдың  шығармашылық  қызметі  арқылы
жасалады. Ғылыми  теориялардан  эмпириялық  тексерілген  салдарды  шығаруға
болады деген де методологиялық тұрғыдан дұрыс емес. Ғылыми теориялардан
тек  теориялық  салдар  логикалық  жолмен  шығады, ал  логикадан  тыс  жағы
кейбір эмпириялық пікірлермен идентификацияландырылады.
Интерпретативті  пікірлер  кентавр  түріне  ие, себебі, теориялық  пен
эмпириялықты қамтиды.
Қорыта  айтқанда, теория  тəжірибе  арқылы  өзіндік  түрде  емес, қосылған
эмпириялық  интерпретациямен  бірге, сол  себепте, тəжірибенің  деректерімен
келісім  немесе  қайшылық, нақты  түрде  теорияны  дəлелдемеді  де, жоққа
келтірмейді  де. Салдары: теорияның  ақиқаттылығы  тəжірибемен  салыстыру
арқылы шешілмейді.
Ғылыми  білімнің  метатеориялық  деңгейі. Ғылыми  білімнің  эмпириялық
пен теориялық деңгейлерімен бірге жалпы - метатеориялық деңгейі бар. Ол өзі
екі  деңгейден  тұрады: 1. жалпы  ғылыми  білім; 2. ғылымның  философиялық
негіздері.
Жалпы ғылыми білім келесі элементтерден тұрады:
1) дүние бейнесінің нақты ғылыми жəне жалпы ғылыми түрлері;
2) нақты  ғылыми, жалпы  ғылыми  гносеологиялық, методологиялық,
логикалық пен гносеологиялық қағидалары.
Ғылымның 
метатеориялық 
деңгейі 
логикалық-математикалық
ғылымдарда  маңызды: мысалы, өзгеше  пəндер - метаматематика  мен
металогика  қалыптасты. Ал  табиғаттану  мен  гуманитарлық  білімдерде
метатеориялық  деңгей  нақты  ғылыми  жəне  жалпы  ғылыми  қағидалар  ретінде
болады.
Ғылыми  білімнің  құрылысында  дүниенің  нақты  ғылыми  бейнесі  нақты
ғылымның  эмпириялық  пен  теориялық  объектілердің  үйлесімділігінің
категориялық  түрде  көрінісі. Ол  қалай  пайда  болады? Ол  теориялық  пен
эмпириялық  танымның  жалпылау  нəтижесі  емес; ол  жалпы  философиялық
онтологияның  нақты  түрі. Ал  соңғысы  жалпы  ажырату  мен  оппозиция
аумағында ақылдың рефлексивті-конструктивті қызметі.
Дүниенің жалпы  ғылыми бейнесі - ол бір  кезеңде  үстемділікке айналған
нақты  ғылыми  бейненің  бірі. Өздерінің  нақты  ғылыми  бейнесі  жоқ
ғылымдардың  метатеориялық  деңгейінің  қосымша  элементі; мысалы,
табиғаттануда  дүниенің  классикалық  физикалық  бейнесі  жалпы  ғылыми  деп


63
саналатын 
Ньютонның 
механикасының 
онтологиясына 
негізделген;
механицизм  басқа  да  ғылыми  салаларда  үстемді  болған. Классикалық  емес
табиғаттануда  жалпы  ғылыми  бейненің  орнына  дүниенің  физикалық  бейнесі
бастама  жасаған, оның  негізінде  ықтималды  теория  мен  кванттық  механика
болған.
Сөйтіп, қазіргі  жалпы  ғылыми  бейне  философиялық  онтологияға
негізделген.
Ғылыми  танымның  аксиологиялық  жəне  құңдылық  мəселелеріне  келсек;
аксиологиялық принциптердің ішкі жəне сыртқы аксиологиялық негіздері бар.
Ішкі - тек  сол  ғылымға  қатысты  қүңдылықтар  мен  нормалар: объективтік
ақиқат, нақтылық, методологиялығы, дəлділігі, дəлелдемесі, жүйелігі, басқаша
«ғылыми  зерттеудің  нормалары  мен  идеалдары» деп  аталған. Ал  сыртқы
құңдылықтар  ғылым  мен  сыртқы - яғни  қоғам, мəдениет  жəне  оның  əр  түрлі
құрылыстар  арасындағы  қатынастарды  меңгереді: практикалық  қажеттілік,
эффективтілігі, қоғамның  интеллектуалдық  жəне  білім  потенциалын  көтеру,
ғылыми-техникалық, экономикалық  жəне  əлеуметтік  прогресске  ықпал  ету,
қоршаған ортамда адамның адаптивтік мүмкіндіктері.
Жалпы, метатеориялық  білімнің  аксиологиялық  пен  негіздерін  шектеуге
болмайды, құңдылық  пен  ғылымды  ажыратуға, алшақтауға  болмайды.
Құңдылықтар  зерттеудің  мақсатына, болашағына, нəтижелердің  қажеттілігіне
əсер етеді.
Енді  ғылымның  философиялық  негіздеріне  тоқталсақ, олар  ерекше,
философия  мен  ғылым  арасындағы  білім  түрі, таза  философиялық  емес,
ғылыми емес. Ғылымның философиялық негіздері - өзінің құрылысы бойынша
гетерогенді, философиялық пен нақты ғылыми терминдерді қосады. Кентаврлік
білімнің  екінші  түрі (бірінші  интерпретативтік  білім): құрылысы  түрінде
(қосылған), мəртебесі  бойынша (анықтамалар), қызметі  бойынша (сапалық
түрде  əр  түрлі  білімдерді  қосады), табиғаты  бойынша (əр-түрлі  білімдердің
терминологиясының  идентификациясы). Сонымен  қатар, онтологиялық,
гносеологиялық, методологиялық, логикалық, аксиологиялық, əлеуметтік  т.б.
негіздер  бар. Білімнің  философиялық  негіздерісіз  білімнің  де, мəдениеттің  де
тұтастығы бұзылады.
Қорыта  айтқанда, ғылыми  білімнің  құрылысында  үш  деңгей  бар, олар
мазмұндық  жəне  қызмет  тұрғысынан  өзгеше: эмпириялық, теориялық  жəне
метатеориялық. Бір  жағынан, олар  өзгеше, екіншіден, ғылыми  білім  тұтас
болған  соң, олар  бір-біріне  қажетті, толықтыратын  түрлер. Осы  деңгейлердің
бірлігі  мен  байланысы  ғылыми  пəннің  əр-қайсысына  өзгешелік, тұрақтылық
пен дамуға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет