Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет54/122
Дата12.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#67408
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122
Байланысты:
toymataev
toymataev
8 ТАҚЫРЫП.
ҚАЗІРГІ 
ЗАМАНҒЫ
ҒЫЛЫМИ 
БІЛІМ
ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
Дəрістің  мақсаты: Ғылымның  дүниеге  көзқарастық  жақтарын  көрсету.
Ғылымның  гуманистік  көкжиегін  анықтау. Ғылым  жəне  адамгершілік
қатынасын  көрсету. Ғылымның  аксиологиялық  мəртебесін  анықтау.
Ғылымдағы  тұлға  мəселесін  белгілеу. Ғылым  мен  философияның
ерекшеліктерін  салыстырмалы  түрде  көрсету. Ғылымның  философиялық
негіздерін анықтау.
Ғылым жəне дін
Ғылым əртүрлі мəдени дəстүрлермен негізделетін рухани өмірдің ерекше
аймағы  болған  соң, біз  оның  қоғам  өміріндегі  басқа  түрлерден
айырмашылығына  тоқтап  кетейік. Сол  себеппен  əуелі  ғылыммен  атқарылатын
міндеттерге  тоқтасақ: 1) дүниеге  көзқарастық (мəдени-ағартушылық);
2) эвристикалық (танымдық); 3) практикалық; 4) болжау.
Дүниеге  көзқарас - дегеніміз  дүние  туралы  пікір, индивидуалды  жəне
қоғамдық түрде қалыптасатын күрделі, интегралдық құрылыс. Көзқарастың бір
бөлшегі білім болады.
Көзқарастың  білім  бөлігі  жазық  жəне  тікшіл  жобасын  құрастырады;
жазық  тұрғыда: табиғи-техникалық  пен  əлеуметтік (гуманитарлық); тікшіл:
1) қарапайым білім (филогенезде - мифологиялық білімдер; онтогенезде - бала
бақшадағы  жəне  бастаушы  білімде); 2) эмпириялық  жəне  нақты  ғылыми
білімдер - филогенезде  жылдамдық, салмақ, бойлығы  т.б., нақты  заңдардың
шығуы (Архимед, Эвклид  заңдары), онтогенезде - нақты  биологиялық,
физикалық т.б ғылымдарға сүйенетін мектеп деңгейі; 3) жалпы ғылыми білім -
филогенезде  Птолемей  мен  Коперниктің  ғарыш  туралы  заңдары, Ньютонның
механика  заңдылықтары, Ломоносовтың  салмақты  сақтау  туралы  заң  т.б.,
онтогенезде - жоғары  сыныптарға  лайық  деңгей, сол  заңдарды  өтеді; 4) білім
құрылысының жоғары деңгейі - философиялық білімді қамтитын жалпы заңдар.
Ғылым  болған  жəне  əрқашанда  ғылыми  көзқарастың  қалыптастыру  қаруы
болып қалады.
Ғылыми  білімнің  қалыптасуы  білім  беру  жүйесі  арқылы  болады. Қазіргі
кезде  қоғам  өмірінде  білімнің  орны  күрделі. Ғылыммен  айналысатын
адамдардың  саны 5-10 жылы  екіге  көбеюде. Дамыған  мемлекеттер  білімнің
сапасын  қөтеріп  жалпы  ұлттық  заттардың  өсуі 40%-ға  дейін  мүмкін. Білімнің
дағдарысы түбінде мəдениет пен қоғамның дағдарысы болып табылады.
Ғылым  көп  қырлы, көп  астарлы  əлеуметтік  феномен  ретінде  біздің
өмірлік  қызметіміздің  барлық  салаларына  белсенді  түрде  енеді. «Ғылым»
түсінігінің  мағынасын  ашу  үшін, оның  даму  барысын  қадағалау  үшін  ғылым
мен  қоғам, ғылым  мен  мəдениет  арасындағы  байланыстардың  кең  жүйелері
негізінде, сол  ғылымның  өзін  нақты  тарихи  саралау  арқылы  жүзеге  асыруға


122
болады.
Ғылым мəдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым қатынаста дамиды жəне
де  философия  ілімін зерттеуінде  байқаймыз, дін  ілімімен  тікелей  байланысты.
Жалпы  философиялық  мектептер  негізінде  адам  баласының  рухани
байлығының, сенімдерінің қатысы мол байқалады.
Қазақстан жері қауымдардың көші-қоны мен əртүрлі діндердің таралуына
сан  алуан  сахна  болғанын  ескерсек, қазақ  халқының  дүниетанымында,
философиялық  жоралғыларында  діннің  алар  орнының  маңыздылығы  айқын
болмақ. Əл-Фараби  секілді  əлемдік  деңгейдегі  философтың  еңбектерінде  діни
сеніммен туындаған бай жəне терең мазмұнның кезігуі осының айғағы.
Ғылым туралы түсініктер. Адамзат қоғамның қалыптасып, одан əрі өсіп-
өркендеуінде, тарихи  сатылармен  ілгерілеуінде  ғылымның  атқаратын  рөлі
ерекше  екені  белгілі. Екінші  жағынан, ғылым - қоғамның  өзін  дүниеге
келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені
танып, игерудің, данышпандық  пен  зерделіліктің  қайнар  көзі  екенін  жақсы
білеміз. Сонда  ғылым  дегеніміз  не? Ғылым  мен  білім  деген  түсініктер  бір
мағынада ма?
Адамның  айналасындағы  дүниені  танып-білуі  күрделі  қайшылыққа,
ұзаққа  созылатыны  жəне  де  оның  адамның  жаңа  əрі  тың  білімді  игерумен
байланысты  екені  алғашқы  тауарлардан  мəлім. Білім  дегеніміз - материалдық
жəне  рухани  құбылыстар  туралы  шынайы  əрі  нақты  мəліметтер  жиынтығы,
олардың  адам  санасында  дұрыс, объективті  бейнелеуі. Жалпы  білім  қорын
ғылымға  дейінгі, яғни  күнделікті  өмірде  туындаған  қарапайым  білім  жəне
ғылыми  білім  деп  екіге  ажыратуға  болады. Ғылымға  дейінгі  қарапайым  білім
тіршілік  барысында, іс-əрекет  үстінде, тəжірибе  ауқымында  жинақталады. Ол
бар  болған  құбылысты  сипаттайды, оқиғаның  қалай  өтіп  жатқанын
пайымдайды. Ал  ғылыми  білім  терең  де  мазмұнды. Ол  құбылысты, оқиғаны
жай  сипаттаумен  ғана  шектелмейді. Құбылысты  неге  мұндай, оқиға  неліктен
басқаша емес, дəл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген
сұрақтарға  дəйекті  жауап  қайтарады. Басқаша  айтқанда, ғылыми  білім
оқиғаларды, құбылыстар  мен  фактілерді  бейнелеп, сырттай  сипаттап  қана
қоймайды, сонымен  қатар, оларды  түсіндіреді, ішкі  табиғатын, мəнді жақтары
мен  маңызды  байланыстарын  ашып  көрсетеді, яғни  даму  заңдылықтарын
айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың
бұдан  былайғы  даму  бағдарына  болжам  жасайды. Ғылыми  білім  рухани
дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан
ұйымдасқандығымен  жəне  теориялық  сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім
ғылыми  қиындықтар  мен  қайшылықтары  мол  ізденістің, шығармашылық  іс-
əрекеттің  барысында  туындап, жинақталып, жүйеленеді. Ол  таным  процесінің
əрі күрделі нəтижесі болып табылады.
Сөйтіп, ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі
болмысын, табиғатын  ашып  көрсететін, олардың  даму  заңдылықтарын,
байланыстарын  ашып, даралап  тұжырымдайтын  шынайы, ақиқат, жүйеленген,
қисынға  келтірілген  білім  жəне  объективті  шындық. Тарихи  тұрғыдан  ғылым
адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктерге


123
байланысты, ой  еңбегі  мен  дене  еңбегі  бөлініп, қауымдық  қоғам  ыдырап,
таптық  қоғам  қалыптаса  бастаған  кезеңде  пайда  болған. Алғашқы  ғылым
жүйелі  ой  пікірлер  мен  тұжырымдар  ертедегі  Шығыста, Египетте, Вавилонда,
Грекияда  т.б. қарапайым  білім  негізінде  дүниеге  келген. Тарихи  ең  алғашқы
ғылыми  жүйе  философия  болғаны  белгілі. Ғылымның  шынайы  шарықтап
дамуы  қайта  өрлеу  дəуірімен  жəне  жаңа  заман  кезеңімен  байланысты.
Капиталистік  өндіріс  тəсілінің  орнығуы, өндіргіш  күштердің  күрт  дамуы,
техника  саласындағы  табыстар. Орасан  зор  географиялық  ашылымдар  жаңа
дəуір ғылымының өркендеуіне негізгі себеп болып табылды.
Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына өндірістік жəне əлеуметтік,
логикалық  факторлар  əсер  етті. Практикалық  қызмет, қоғамдық  қатынастар,
қоғамдық  еңбек  бөлінісінің  өндірістік, техникалық  талаптар-əлеуметтік
ғылымдардың  өмірге  келуіне  түрткі  болған  факторға, ал  ғылыми  таным
дамуының  ішкі  логикасының  қажеттері - логикалық  ғылымдарды талап ететін
факторға  жатады. Сондай-ақ  əрбір  ғылымның  дамуының  ішкі  логикалық
заңдылығы бар. Ол - бір жаңалық бір жаңалыққа түрткі болып, бірінен-бірінің
туындауы. Ғылымның  əлеуметтік  мəні, негізгі  ерекшеліктері  мен
заңдылықтарын ашуда əлеуметтік жəне логикалық факторлардың бірлігі қажет.
Осы  тұрғыдан  алғанда  ғылым  дегеніміз  қоғамдық-тарихи  практика
дамуының  белгілі  бір  сатысында  пайда  болатын  айырықша  əлеуметтік
институт, адамның  танымдық  қызметінің  ерекше  формасы, адамзат
мəдениетінің жоғарғы саласы.
Ғылымның  негізгі  ерекшеліктеріне  тоқталсақ. Табиғат  пен  қоғамның
объективі, адам санасынан тəуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты.
Ғылым  тарихы - заттық жəне  рухани дүниенің объективті заңдарын ашу  жəне
қарастырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп,
жаңа 
бағыттармен 
бағдарларын 
болжай 
білу 
құралы. Ғылымды
математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен
информатиканы  кеңінен  қолдану, адам  қызметінің  көптеген  саласына
компьютерлік техниканың еркін енуі - қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.
Ғылымға  енетін  қағидалар  дəлелденген  жəне  негізделген  болуы  керек.
Күмəн туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталды. Сондықтан ғылым
теориялардың  ашық  жүйесі  болғандықтан, оған  ғылыми  прогресс  барысында
үнемі жаңа теориялар еніп отырады.
Қазіргі дəуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер
кезеңі. Ғылымды - қоғамдық  өндіріс  қажеттеріне, ал  өндіріс  ғылымға  қарай
батыл  бұру  қажет. Ендеше, ғылым  мен  өндірістің  бір-бірімен  қабысуы  мен
бірігуі, ғылымның  тікелей  өндіргіш  күшіне  айналуы - қазіргі  ғылымның
ерекшелігінің бірі.
Ғылымның техникамен жəне өндіріспен байланыстыратын қажетті буыны
- қолданбалы  зерттеулер  мен  технологиялық  ізденістер. Олардың  міндеті
ғылым  ашқан  жаңа  заңдар  мен  идеяларды  қоғамдық  өндірісте  қолданудың  ең
қысқа жəне ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында іргелі жəне
қолданбалы  зерттеулер  арасындағы  байланысты  анықтау  ғылыми  жұмысты


124
тиімді  жоспарлау  мен  ұйымдастырудың  қажетті  шарты  болып  отыр. Ғылыми
жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар
өндірісте  қолданылды. Тарих  дəлелдегендей  ғылым  мен  дін  əртүрлі
жағдайларда  пайда  болып, əртүрлі  міндеттер  орындағанымен, ғылым
адамдардың шындықтағы табиғи қажеттіктерін қанағаттандырса, дін - əлеммен
сезімдік-эмоцияналды  үйлесімділік  қажеттілігін, бірде  ынтымақтастың, бірде
қарама-қарсы  күрес  формасында  тіршіліктерін  ары  қарай  жалғастыруда. Орта
ғасырда  дін  өзіне  ғылымды  бағындырды. Ғылыми  шындықтар «шынайы
сезімдерге» қарағанда (дін  шындықтары) өте  төмен  қоғамдық  жəне
гносеологиялық мəртебеге ие болған.
Жаңа  заман  дəуірінен  бастап, ғылым  мен  дін, табиғи  жəне  əлеуметтік
құбылыстарды  əрқалай  түсіндіріп, өз бетінше  тіршілік етуде. Дін  оның  ішінде
католицизм  ғылыми  жетістіктерге  жетуде  құдайдың  құдіреттілігінің  əсерінен
екендігін  дəлелдеуде. Бұлар  екі  жақты  сипатта  мистикалық, яғни  құдайлар
бейнесін  бейнелеуге  арналған  жəне  рационалды (нақты  тарихи  жағдайларды,
адамдарды, табиғатты көрсету).
Атақты  тарих  ғалымы  Дж. Холтон  ғылым  мен  антиғылымның (яғни,
дінің) арасындағы  қарама-қарсылық  қазіргі  уақытта  өткірлене  түскендігін
ескерткен. Діни сенімдер зиянды, қиратушы күштерге ие.
Оның  айтуынша, Америкалық  ғылым  жəне  өнер  академиясында
Дж. Мурдың «Протестандық  ментализмнің  креационистік  космосы» атты
жұмысы  шығарылған, онда  АҚШ-тың  антиэволюциялық  қозғалысының
сипаттамасы  берілген. Ғылымның  белгілері: ғылымның  əртүрлі  сипатын
мəдениет аспектісінде қарастыруда; ғылымды философиямен, өнермен, дінмен
салыстыра  отырып, қоғам  өмірінің  рухани  бөлігі  ретінде  ғылымның  нақты
белгілерін жасауға мүмкіндік беру.
Ғылымның негізгі белгілерінің ішінен келесіні байқауға болады:
- шынайы білімнің үнемі өсуі, ғылымдағы жаңалықтардың құндылығы;
- объективтілігі (интеробъективтілік);
- қарапайымдылық (ойлаудың үнемділігі);
- білім құрудың қисындығы;
- сенімділік, нанымдылық;
- білім өнімділігі;
- ғылыми зерттеу құралы арқылы білім алудың ерекше тəсілі;
- ғылыми білімнің аяқталмауы;
- таным  əдістерін  қолданудың  əмбебаптығы, олардың  кез  келген  таным
объектісі үшін қолданылу мүмкіндігі;
- объектілермен жұмыс істеу мүмкіндігі;
- құралдардың ерекше жүйесінің болуы;
- ғылымның  көптүрлі  түсініктері  мен  категорияларының  нақты
жүйелерінің көрінісі;
- «фактілер, теориялар, заңдардың  диктатурасы», жəне  бұдан  шындыққа
сəйкес келмеуі.
Сонымен, ғылым  күрделі, жүйелілік, қоғамдық  білімге  ие  жəне  өзіндік
дамуының  өзгеше  заңдылықтармен  ерекшеленеді. Ғылымның  таным  процесі


125
дегеніміз - əртүрлі  ғылыми  теория  типтерінің  өзара  үздіксіз  сыни
пікірталастары. Білімнің  өзі  субъективті  сипатта  болғандықтан, ақиқаттың  өзі
де көп түрлі болады.
Эпистемология  білімін  эмпириялық  бақылаудан  алынған  білім  деп
қарастырады. Эпистемология  ғылымының  басты  мəселесі  таным  процестерін
тұтастықта  қарастырып  шындық  пен  ақиқатты  анықтау. Эпистемология
ғылымының  зерттеу  ғылыми  өзегі - тек  қана  шындық  ешбір  жалғансыз  жəне
нақты  репрезентативті (таныстыру). Эпистемология  білімінің  қалаушылары
Г. Башляр, М. Полани, И. Кант, Э. Агации, Ст. Тулмин, Д. Сэмпбелл,
К. Поппер.
ХХ  ғ. 70 ж. философия  ғылымының  оңаша  бір  кезеңі  қарастырылады.
Осы  кезеңнің  ең  басты  мəселесі  барша  парадоксалды  ой-көзқарасты
қалыптастырып, оның философия ғылымындағы алғашқы міндеттермен сəйкес
келмеуі. Осы кезеңнің ең басты идеясы таным іс-əрекетінің релятивті нормасы,
сыншыл  рационализм  тұжырымдамасы  одан  ары  жалғасуда. Бұл  кезеңнің
негізгі  өкілдері  М. Полани, Ст. Тулмин, Т. Кун, И. Лакатос, Д. Агасси,
П. Фейерабенд, Дж. Холтон.
Өзінің нормативті-рационалды мəселесімен ерекшеленетін анықталмаған
М. Поланидің «Тұлғалық  білім» концепциясы. М. Полани (1891-1976 жж.)
британдық  ғалым, Венгриядан  шыққан. Берлин  институтында  физика,
химиядан  жұмыс  істеген, 1933 ж. Германияға  ұлтшыл  биліктің  келуіне
байланысты, Ұлыбританияға 
ауып (эмиграцияға) кетеді. Осында
Ұлыбританияның  Манчестер  университетінде  əлеуметтік  ғылым, физика  жəне
химиядан профессор қызметін атқарады.
Полани  əлеуметтік  ғылымға  қадам  басты. Оның  ең  əйгілі  еңбегін
«Тұлғалық білім. Посткритикалық философия жолында» жаңа тың көзқараспен
қарастырады. М. Поланидің  бұл  еңбегіне  К. Поппер  иррационализміне  қарсы
шығып, айыптайды. К. Поппердің  мұндай  көзқарасын  Рорти  жəне  Куайн  да
құптады. М. Поланидің 
концепциясының 
негізгі 
пафосы -
деперсонифицирияланған  ғылыми  білімдегі  жалған  идеалды  жеңіп  алу.
«Тереңде  жатқан  тұлғалық  мінез  əрекеттерін  ескере  отырып, жақсыз  идеал,
бейтарап  шындықты  қайта  қарастыру, ақиқатқа  алып  келеді», - деді  ойшыл.
«Мен  ғылыми  идеал  бейтараптықтан  бас  тартамын, мен  басқа  идеал  бейнесін
ұсынғым  келеді, - деп  жазды. Өзінің  тұлғалық  білім  концепциясын  талқылай
отырып: «Мүмкін  екі  сөз  бір-біріне  қарама-қайшылық  туғызар; бірақ  шынайы
білім  жақсыз, жалпы  объективті. Мен  үшін  білім - бұл  белсенді  таным  іс-
əрекетті қажет ететін ерекше өнер».
М. Полани  эпистемологиядағы  антропология  бағытын  күшейтеді. Оның
негізгі тезисі қорытынды болып табылады:
- ғылымды шеберлікке ие болатын адамдар жасайды;
- танымдық  іс-əрекет  өнерін  оқулықтан  үйрену  мүмкін  емес. Ол
шебермен  тікелей  қарым-қатынаста  беріледі (салт-дəстүр  ұстанымы «мен
сияқты істе» жаңа күш жəне жаңа парадигма мəнін көрсетеді);
- ғылымды  жасайтын  адамдар  басқа  нəрсемен  немесе  оларға  берілген
білімнен  бөлініп  кете  алмайды; таным  жəне  ғылыми  іс-əрекетте  жеке


126
тəжірибенің  мотиві  ерекше  орын  алады, уайымдау, ғылымға  деген  ішкі сенім,
оның құндылығына ғалымның қызығушылығы, жеке жауапкершілік.
М. Полани үшін тұлғалық  білім - бұл  интеллектуалды  өзіне-өзі қайтару,
танушының құштарлық салымы. Мұндай құштарлық білімнің қажетті элементі.
М. Поланидің айтуынша, адамның  болашағын  қарастырмау  кез  келген əрекет,
түсінбеушілікке, мағынасыздыққа  əкеледі. Ғалым  сенімді, шындықтың,
ақиқаттың  орнауы  біздің  яғни  өзіміздің  түпкі  имплициттік  өмірлік  өлшемге
байланысты 
екендігіне 
жəне 
мұндай 
өлшем 
формальды 
ережеге
бағынбайтындығына. М. Полани  сенімнің  таным  процесіндегі  рөлін  жаңаша
бағалайды. Оның айтуынша «сенімнің  жойылғаны соншалық, тек  дінге  сенуді
ғана  есептемесек, қазіргі адам  тек көзі  жеткен ой-пікірлерді ғана  қабылдайды.
Сенім  құбылысын  субъективті  түрде  қарастырылуы  білімнің  жан-жақты
дамуына  кедергі  туғызады». Қазіргі  таңда  автордың  пікірін  ескере  отырып,
біздің міндетіміз сенім білімнің қайнар көзі екенін құптау. Сенімнің арқасында
жүйелік  өзара  əлеуметтік  байланыс  сенімі  құрылады. Анықталған  жəне
анықталмаған, интеллектуалды  құштарлық, мəдени  мұра - осының  бəрі
сеніммен тығыз байланысты. Ақыл-ой негіз ретінде сенімге сүйенеді, бірақ кез
келген  уақытта  оны  жоққа  шығаруы  мүмкін. Ғылымда  жиынтық  аксиоманың,
постулат жəне ұстанымның пайда болуының түпкі тамыры сенімнен басталады.
Автор  үшін  таным  шеберлігі  тіл  құрамының  мəнерлі  айтылуы  мен
бейнеленуіне жəне қандай да дамыған күшті болғанына байланысты емес. Бұл
тезис тіл ғылымның бірыңғайлығына қарсы келеді. Ғылыми білімді оқулықтар
жəне ғылыми шығармашылық еңбектері арқылы таныстыру, автордың ойынша
бұл  тек  санада  жатқан  білімнің  бір  бөлігі. Қалған  бөлігі  перифериялық  білім
(анықталмаған) таным  процестерімен  ұштасып  жатады. Ғылыми  білім  мен
перифериялық білімді байланыстыратын бір аспап (құрал). Танымның əрекетін
жүйелік  түрде  бір  аспап (құрал) арқылы  қарастырылуының  нəтижесінде,
теориялық немесе практикалық білім туындайды. Яғни, анықталмаған білімнің
анықталған білімге айналуы осы аспап арқылы жүзеге асады.
М. Поланидің тұлғалық білім тұжырымдамасында үш негізгі аймақ жəне
ойлау мен сөйлеудің қатынасының үш нұсқасын көрсетеді:
«Анықталмаған  білім» аймақ - жеткілікті  толық  жетілмеген  сөз  немесе
дəл емес;
«Мəнерсіз» аймақ - бұл  терең  тұлғалық  білім, əлеуметтану  процесіне
қиын  беріледі. Бұл  аймақ  уайымдау  мен  өмір  қызығушылығына  негізделген.
Сөйлеу  арқылы  берілетін  білім. «Мəнерсіз» аймақта  ойлау  компоненті
ақпараттану ретінде жəне тек жақсы түсіндірілген сөз арқылы жүзеге асады;
«Қиын  түсіну» аймағы - вербалды  емес  ойлау  мазмұны  мен  сөйлеу
құралдарының арасындағы келіспеушіулік.
Принципиалды  новациялық  концепцияның  мəні, ғылымның  мазмұны,
анықталмаған, жасырын  білімге  байланысты, «білім  ол» өзінің  түпкі  негізінде
инструменталды сипатты қалайды. Адам инструменталды біліммен байланысты
жəне  осы  білім  арқасында  артикулярлық  емес  білімді, артикулярлы  білім
ретінде қалыптастырып, адам баласына берілген екінші сигналды жүйе арқылы
(тіл) білім  жүзеге  асады. Артикуляция (лат. сөзінен  аударғанда «нақты  жеке


127
айту») деген мағынаны береді. Дыбыстарды дұрыс шығару жəне тіл мүшесімен
жұмыс жасау.
Шығармашылық  ойшылдардың  дəстүрлі  тұжырымдамасын  қайта
қарастыру  Гештальт  психологиясының  ашылуына  себеп  болды. Гештальт
психологиясы - психология  ғылымының  бір  саласы, сана  мен  психиканы
тұтастықта  қарастыру. Гештальт  бағытының  негізгі  принципі  тұтастықта
қарастыру. Мұндай  тұтастық  ой  процесін  жан-жақты  жəне  тұтастықта
қарастыруына мүмкіндік туғызады. Осы тұтастықты негізге ала отырып, таным
іс-əрекетіндегі  тұлғалық - когнитивті  механизмді  ескере  отырып, М. Полани
ғылымдағы  жаңа  модель  білімінің  өсуіне  əкеледі. Яғни  қазіргі  ғалым  зерттеу
анализ  нəтижесін  тіркеу  барысында  басқа  ойдың  туындауына  саналы  түрде
дайын  болуы  керек. Мұндай  ойдың  туындауы  зерттеу  мəселесін  тереңірек
қарастыруға əкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет