78
бағыт ұсынды - ол үзілмес пен дискреттілікті қамтиды, физикаға жаңа тақырып
енгізілді - қосымша (толықтыру) қағидасы.
Тақырыптардың өздері индивидуалды ұнамды, теорияға тұлғалық бағаны
кіргізеді. Тақырыптар шығармашылық белсенділіктің негізін, мүмкін
гипотезалардың терминін шектейді, ғалымның қиялын реттейді. Сонымен,
тақырыптық талдаудың алдында көрсетілмеген функциясы өзгеше маңызды. Ол
табиғаттану мен гуманитарлық
білімді біріктіреді, ұқсастық белгісін ұсынады.
Холтонның пікірінше, «тақырыптық талдауды» қолдану тиімді. Ол
ғылымға тəуелсіз жəне бір-бірін толықтыратын бағыттарды енгізеді.
Тақырыптық талдау тарихи кеңістікте жəне
уақытта жағдайды локалдауға, жəне
тақырыптардың күресіне жəне қатар өмір сүруге назар аударады. Себебі,
тақырыптар уақыт пен кеңістікте өзгермейді. Физикада оларды жүзден астам
табуға болады. Методологтың пікірінше, «тақырыптық құрылымдарды» адам
интеллектің жалпы анықтамалары. Солай, олар тарихтан тыс, яғни, ғылымның
нақты-тарихи дамуынан тəуелсіз.
Бірақ, тақырыптық талдауға абсолютизация жасауға болмайды, себебі,
тақырып пен мəселенің қатынасы бар. Автордың өзі тұжырымдамасының
əмбебап еместігін айтады, жəне алғашқы, қазіргі ғылымда жағымсыз
тақырыптық талдау бар. Осы тұжырымдама ғалымның түпкі ұмтылысын, адам
бейнесін, білім беру
процесті, қызметті таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: