Д. Есімова Ұстаздың Ұлттық ТӘлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығЫ


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет7/9
Дата23.03.2018
өлшемі2,14 Mb.
#39499
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы деп нені түсінеміз?

2 Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қандай әдістермен жүргізуге болады? Әрқайсысына сипаттама бер.

3 Ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярланған ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беру жұмыстарында қандай әдістерді қолдана алады? Мысалдармен түсіндір.

4 Ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярланған ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беру жұмыстарында қандай жолдарды қолдана алады? Мысалдармен түсіндір.

5. Тәрбие және зерттеу әдістерін салыстырыңыз

6. Тәртіп тәрбие құралы ма, әлде нәтижесі ме?

7. Тақырып бойынша жеті немесе он библиографиялық карточка жасап, оған аннотация беру

8. Әдеби және ғылыми мәтіндерден «Ұлттық тәлім тәрбиенің оқушылардың қалыптасуына ықпалы», «Әр жастағы оқушыларға ұлттық тәлім тәрбие беру жолдары», «Ұлттық тәлім тәрбиенің қажеттілігі, оған үстаздың деонтологиялық даярлығы», «Ұлттық тәлім-тәрбие беру әдістері» тақырыбын ашуға үзінділер жасаңыз

9. Ұлттық тәлім-тәрбие беру әдістері, жолдары, әдістемелері кестесін плакаттарда даярла.

10. Ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы қалыптасқан ұстаздың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Тапсырмалар
1 Студенттердің педагогикалық жағдайларда дұрыс жолдарды табуға бейімділігін анықтау тапсырмалары (Немов Р.С. бойынша)

Тапсырма 1 Педагогикалық жағдайлар

Бұл сұрақтың жауаптары арқылы студенттердің берілген педагогикалық жағдайлардан шығу біліктіліктері тексеріледі. Зерттеу алдында студентке мазмұны төмендегідей ережелер беріледі:

«Алдыларыңа бірнеше қиын педагогикалық жағдайлар беріледі. Олармен танысып болғаннан соң, берілген нұсқалардан дұрыс деп ойлайтын жауабыңызды таңдайсыз. Егер де жауаптың ішінде дұрысы жоқ деп ойласаңыз өз жауабыңызды жазыңыз. Ол ереже бойынша 7-ші жауап болады».

1. Жағдай Сабақ басталып, оқушылар тынышталғанда, сыныптағы оқушы қатты күлді. Сіз оған қарап үлгергенше, ол: «Мен сізге қарасам, күлкім келеді, сіз сабақ бастағанда мен күле беремін». – деді. Сіз оған не деп жауап бересіз? Төмендегілердің біреуін таңдаңыз.

1. «Мәссаған!»

2. «Неге күлкілі?»

3. «Мейлі күле бер!»

4. «Жындымысың?»

5. «Маған көңілді адамдар ұнайды».

6. «Жақсы көңіл күйге кінәлі екеніме қуаныштымын».

7.
2. Жағдай



Сабақ басында немесе сабақ соңында сізге оқушы: «Сіз мұғалім ретінде бізге бір нәрсеге үйретеді деп ойламаймын» - деді. Сіздің жауабыңыз:

1. «Маған ақыл айтпай, сабағыңды оқы».

2. «Сен сияқтыларға әрине мен еш нәрсе үйретпеймін».

3. «Мүмкін сен басқа сыныпқа ауысарсың?»

4. «Сен сабақты оқығың келмейді».

5. «Сен неге олай ойлайсың?».

6. «Екеуміз сөйлесейік. Мүмкін менің мінез-құлқымда сені осындай ойға әкелген жақтары бар шығар?».

7.
3. Жағдай Ұстаз оқушыға тапсырма береді, оқушы оны орындағысы келмей, «Мұны жасағым келмейді» - дейді. Ұстаздың жауабы қандай болады.

1. «Жасағың келмесе - жасатамын!»

2. «Сабаққа неге келдің?»

3. «Өзіңе қастандық жасап отырсың, топас болып қала бер. Сенің тәртібің өзінің мұрнын кескен адамға ұқсайды».

4. «Мұның немен бітетінін білесің бе?»

5. «Неге екенін түсіндірші?»

6. «Екеуміз ақылдасайық, мүмкін сенікі дұрыс шығар».

7.
4. Жағдай Оқушы оқудағы өзінің табыстарына күмәнданып, ұстазға былай дейді – «сіз қалай ойлайсыз, мен жақсы оқып, балалардан қалып қалмауға күшім жетеді ме?» – Ұстаз жауабы?

1. «Шын айтсам, күмәнім бар».

2. «Әрине, күмәнің болмасын».

3. «Сенің талаптарың өте жақсы, мен сенен үлкен үміт күтемін».

4. «Сен неге өзіңе күмәнданасың?»

5. «Екеуміз сөйлесіп, мәселені анықтайық».

6. «Екеуміз қалай жұмыс істеуімізге көп нәрсе байланысты».

7.
5. Жағдай Оқушы ұстазға «мен сіздің келесі екі сабағыңызға келмеймін, мен оның орнына концертке (серуенге және т.б.) барамын. – Ұстаз жауабы қандай болу керек?

1. «Таяқ жейсің!

2. «Сабаққа ата-анаңмен келесің».

3. «Ол сенің ісің. Емтиханды қалай тапсырасың? Қалдырған сабақ тақырыптарын сенен міндетті түрде сұраймын».

4. «Сен сабақтарға жауапсыз қарайсың».

5. «Мүмкін мектептен кетесің?»

6. «Кейін сен не істемекшісің?»

7.
6. Жағдай Оқушы сыныпқа кіріп келе жатқан ұстазға «Сіз өте шаршаған адамға ұқсайсыз» деді — Ұстаз не деп жауап беруі керек?

1. «Сенің мұндай сөздерді маған айтуға қалай дәтің барды».

2. «иә, мен ауырып тұрмын».

3. «Өзіңе қарап ал».

4. «Мен бүгін жаман ұйықтадым, жұмысым көп».

5. «Мұның біздің сабаққа зияны тимейді».

6. «Сен өте зейін екенсің, рахмет!»

7.
7. Жағдай «Сіздің сабақтарыңыздың маған пайдасы шамалы, сабақты тастағым келеді». — Ұстаздың жауабы қандай болу керек?

1. «Ақымақтық жасама!»

2. «Соған миың жеттіме!»

3. «Басқа ұстаз іздерсің?»

4. «Мұндай тілек сенде қалай пайда болғанын білгім келеді?»

5. «Бұл мәселе бойынша екеуміз бірігіп жұмыс жасасақ қайтеді?»

6. «Сенің мәселеңді басқаша шешсек қайтеді?»

7.
8. Жағдай Оқушы ұстазға сенімді түрде «менің қолымнан келмейтіні жоқ. Сіздің сабағыңызды білу маған түкке тұрмайды» деді. Ұстаздың берген жауабы қандай болмақ?

1. «Сен өзің туралы жақсы ойлайсың».

2. «Мен күмәндәнамын!»

3. «Сен өзіңе сенімді шығарсың, егер осылай ойласаң?»

4. «Менің күмәнім жоқ, егер сен оқығың келсе жетістікке жетесің».

5. «Ол үшін сен көп еңбектенуің қажет».

6. «Шектен тыс сенімділік іске кері әсерін тигізеді».

7.
9. Жағдай Ұстаздың айтқан ескертпелеріне оқушы сабақты ұғуына көп жұмыстың қажеті жоқ, «Мені талапты деп есептейді» деп жауап береді. Ұстаздың жауабы қандай болуы керек?

1. «Оған сен сәйкес емессің».

2. «Сенің қиыншылықтарың және білімің оны дәлелдемейді».

3. «Көп адамдар өзін талаптымын деп ойлайды, ал іс жүзінде ондай емес».

4. «Өзің туралы жақсы ойлағаныңа мен қуаныштымын».

5. «Бұл саған білімде одан да көп күш қажет етеді».

6. «Өз өзіңе сенімсіз екеніңді білдіреді».

7.
10. Жағдай Оқушы дәптерін үйге тастап кеткенін айтады. Ұстаз оған қалай жауап беруі керек?

1. «Мұндайың қашан бітеді!»

2. «Жауапсыздық көрсетемін деп ойламайсың ба?»

3. «Жұмысқа жауапты қарауға уақыт келді».

4. «Неге екенін білгім келеді?»

5. «Мүмкін сенің мүмкіншілігің болмаған шығар?»

6. «Әркез саған осы туралы есіңе салып отыратынымды ойламайсың ба?»

7.
11. Жағдай Оқушы ұстазға әңгіме арасында «Маған сізді басқа оқушыларға қарағанда жақсы қараса деп ойлаймын» дейді. Ұстаз не деп жауап беруі керек?

1. «Неліктен олай істеуім керек?»

2. «Мен оқушыларды бөлгім келмейді!»

3. «Маған мұндай сөздерді айтатын адамдар ұнамайды».

4. «Неліктен мен сені басқалардан жоғары қоюым керек?»

5. «Егер мен сені басқалардан гөрі жақсы көремін деп айтсам өзіңді жақсы сезінесің бе?»

6. «Мен саған қалай қарайды деп ойлайсың?»

7.
12. Жағдай Оқушы өзінің сабақты үлгеру мүмкіншілігіне күмәні туралы айтып, ұстаздан былай сұрады: «Мені мазалаған қиыншылықтарды айттым, ал мұның себебі неде, енді сіз маған не істе деп айтасыз Ұстаз не деп жауап беруі керек?

1. «Сен өзіңе сенімсізсің».

2. «Ешнәрсеге алаңдама».

3. «Мен өз ойымды мәселенің анық - қанығына жеткенде ғана айтамын».

4. «Екеуміз бірігіп, жұмыс жасайық. Кейін бұл мәселені шеше аламыз деп ойлаймын».

5. «Мен ойланайын, содан кейін жауабымды айтамын».

6. «Уайымдама, мен де осындай қиындықтан өткенмін».

7.
13. Жағдай Оқушы ұстазға: «Сіздің сабақта айтқаныңыз маған ұнамайды?». Ұстаздың жауабы қандай болуы керек?

1. «Бұл жаман».

2. «Сен түсінбейтін шығарсың».

3. «Біздің сабақтар барысында сенің ойың өзгереді деп ойлаймын».

4. «Неге?»

5. «Сен нені айтқың келеді?»

6. «Таңдауың жоқ».

7. «Сен қалай ойлайсың, мен нені айтып, түсіндіремін?»

8.
14. Жағдай Оқушы өзінің жолдастарына жеккөрінішін жасырмай, «Онымен жұмыс жасағым келмейді деді». Ұстаздың жауабы қандай болуы керек?

1. «Не болды?»

2. «Ешқайда қашып құтылмайсың».

3. «Бұл дұрыс емес».

4. «Ол да осыдан кейін сенімен жұмыс істегісі келмейді».

5. «Неліктен?»

6. «Сен дұрыс жасамадың».

7.
Нәтижелер мен қорытындыларды бағалау

Студенттің әрбір жауабы 1 кестеде көрсетілген жауаптармен есептеледі. Сол жақта жағдай саны, ал оң жақта жауаптардың саны берілген. Кестеде осы екі санның қиылысында балдар берілген.


1 кесте – Педагогикалық жағдайлардың жауап баллдары

Педагогикалық жағдайдың реттік саны

Жауаптың таңдалған саны және балдары

1

2

3

4

5

6

7

8

1

4

3

4

2

5

5

-

-

2

2

2

3

3

5

5

-

-

3

2

3

4

4

5

5

-

-

4

2

3

3

4

5

5

-

-

5

2

2

3

3

2

4

5

5

6

2

3

2

4

5

5

-

-

7

2

2

3

4

5

5

-

-

8

2

2

4

5

4

3

-

-

9

2

4

3

4

5

4

-

-

10

2

3

4

4

5

5

-

-

11

2

2

3

4

5

5

-

-

12

2

3

4

5

4

5

-

-

13

3

2

4

4

5

4

5

-

14

2

2

3

4

4

5

-

-

Ескерту. Өз жауаптары жеке бағаланып, жалпы балл санына қосылады. Педагогикалық жағдайларды дұрыс бағалау барлық 14 жағдай бойынша жинаған балл санын 14 ке бөлумен есептеледі. Егер студент 4,5 баллдан жоғары жинаса, бұл педагогикалық қабілеті жоғары дамыған, 3,5 пен 4,4 арасында болса орташа дамыған, ал 3,4 тен аз болса қабілеті төмен деп бағаланады.
2. Студенттердің ерік – жігерін анықтау тесттері (Р. С. Немов бойынша)
Бұл тест жоғарыда айтылған тапсырмаға ұқсас. Сұрақтарға берілген жауаптардың біреуін таңдауы қажет.
1. Сіздің қылықтарыңыз қоршаған адамдарға қандай әсер ететінін байқадыңыз ба:

а) өте сирек;

б) сирек;

в) жиі;


г) өте жиі.
2. Сіз басқаларға өзіңіз сенімсіз нәрселерді айтып, сендіруге тырысып көрген кездеріңіз болды ма:

а) иә;


б) жоқ.
3. Төменгі қасиеттердің қайсысын сіз адамдарда жоғары бағалайсыз:

а) жауапты;

б) ойлау қабілеті жоғары;

в) өзін көрсете білу.


4. Педантизмге жақынсыз ба:

а) иә;


б) жоқ.
5. Жағымсыз жағдайларды тез ұмытасыз ба:

а) иә;


б) жоқ.
6. Өзіңіздің қылықтарыңызды сараптайсыз ба:

а) иә;


б) жоқ.
7. Сізге жақсы белгілі адамдар арасында сіз:

а) осы адамдарға тән қылықтар ережелерін ұстанасың;

б) өзіңізді еркін ұстайсыз.
8. Қиын тапсырмаларды орындау алдында, алдағы күтілетін мәселерді ойламауға тырысасыз ба:

а) иә;


б) жоқ.

9. Төмендегі сипаттамалардың қайсысы сізге жақын:

а) арманшыл;

б) «жолы болғыш»;

в) жұмыста жауапты;

г) нақты және өте жинақы;

д) ойланғыш;

е) шыдамсыз.
10. Мәселелерді шешуде сіз:

а) әрқашан көптің ойынан ерекше өз ойыңызды айтасыз;

б) бұл жағдайда ешнәрсе айтпай, үндемеу;

в) көптің ойын жақтай отырып, іштей өз ойыңызды мақұлдайсыз;

г) көпшіліктің ойына қосылып, өз ойыңыздан бас тартасыз.
11. Бастық кездейсоқ сізді шақырса, сізде қандай сезім пайда болады:

а) ашулану;

б) күйзеліс;

в) қиналу;

г) ешқандай сезім тудырмайды.
12. Сіздің оппонентіңіз ашуланып сізге қарсы келсе,сіз:

а) солай жауап бересіз;

б) көңіл аудармайсыз;

в) елдің көзінше ашуланасыз;

г) онымен әңгімені тоқтатасыз.
13. Егер сіздің жұмысыңызды сынаса:

а) өкпелейсіз;

б) ұяласыз;

в) ашуланасыз.


14. Егер жолыңыз болмаса, ең алдымен кімді кінәлайсыз:

а) өзіңізді;

б) тағдырды, жолыңыз болмағанды,

в) объективті жағдайларды.


15. Сізді қоршаған адамдар қабілеттеріңізді және біліміңізді бағаламайтын сияқты ма?

а) иә;


б) жоқ.
16. Егер әріптестеріңіз сізге қалжыңдаса, сіз:

а) ашуланасыз;

б) алыс кетуге тырысасыз;

в) оларға қосылып, сізде қалжыңдаса бастайсыз;

г) мән бермейсіз, бірақ іштей ашуланасыз.
17. Егер асығып тұрып, керек нәрсеңізді орнынан таппасаңыз, сіз:

а) үндемей іздей бересіз;

б) басқаларды кінәлап, ашуланып іздейсіз;

в) керек нәрсені үйге қалдырып, кетесіз.


18. Сізді тез ашуландыратын не:

а) сізге керекті бастықтың қабылдауында ұзын кезек;

б) қоғамдық транспорттағы қысылысу;

в) бір сұрақ бойынша қайта оралып келу.


19. біреумен пікірталастырып, өз ойыңызға бағындыруды мақсат етіп қоясыз ба:

а) иә;


б) жоқ.
20. Шұғыл жұмысты орындау үшін өзіңізге көмекші етіп кімді алар едіңіз:

а) орындаушы, бірақ ешнәрсе ұсынбайтын;

б) жұмысты білетін, бірақ көп сөйлемейтін;

в) талапты, бірақ жалқау.



Нәтижелерді бағалау
2-кестеде студент жауаптары үшін алатын баллдары көрсетілген.
2 кесте – Ерік жігерді тексеру тесттерінің баллдары

Жауап нұсқасы

Таңдаған жауап саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

0

0

1

2

0

2

2

0

0

2

B

1

1

1

0

2

0

0

2

1

0

C

2

-

-

-

-

-

-

-

3

0

D

-

-

-

-

-

-

-

-

2

-

E

-

-

-

-

-

-

-

-

0

-

Жауап нұсқасы

Таңдаған жауап саны

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

А

0

0

2

2

0

0

2

1

0

0

B

1

2

1

0

2

1

0

0

2

1

C

0

3

-

-

-

0

-

-

-

-

D

-

-

-

-

-

0

-

-

-

-

E

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Егер жиналған балл 14 және одан аз болса, ол адамның ерік-жігері әлсіз, 15 пен 25 арасында балл жинаса, ерік –жігері нақты, қылықтары ойлап істелген, ал 26 мен 38 арасында болса, ерік – жігері күшті, қылықтары жауапты. Әрине ерік – жігерін аса қолданып жіберетін кездері де болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет