Д. И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйе



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#80763
  1   2
Байланысты:
периодтық жүйе


Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйе
Д.И. Менделеев 1869 жылы периодтық заңды тұжырымдады:
«Элементтер мен олардың қосылыстарының химиялық және физикалық қасиеттері элементтердің атомдық салмақтарына периодты түрде тәуелді болады»
Элементтер қасиеттері периодтылығының мәні
Атом құрылысының ашылуы элементтін қасиетін оның атомдық массасы емес, ядросының заряды көрсететіні дәлелденді, себебі элемент атомының периодты жүйедегі орны электрондық құрылысы оң зарядты ядроға тәуелді, ядро заряды қанша болса, сонша теріс электроны болады, соған байланысты Менделеевтің заңына жаңаша анықтама беріледі:
Химиялық элементтердің қасиеттері және олардың қосылыстарының пішіні мен қасиеттері атом ядросы зарядының өзгеруіне периодты тәуелді болады.
Периодты жүйе осы периодтың заңның графикалық кескіні болып табылады. Ядро заряды өзгеріне байланысты олардың электрондық құрылысы периодты өзгеріп отырады, ал электрондардың құрылысының өзгеруіне байланысты элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруіне әкеліп соғады (периодтық жүйенің физикалық мәні).
Периодтық жүйе жеті периодтан, сегіз топтан тұрады. Период нөмірі элемент атомдарындағы энергетикалық деңгейлер санына тең болады.
Барлық периодтар (біріншіден басқа) сілтілік металдардан басталып инертті газдармен аяқталады (ns2 np6). Металдық қасиеттер элемент атомдарының электрондарды жеңіл беру қабілетімен, ал бейметалдық қасиеттер атомдардың электрондарды қосып алып, деңгейшелерін аяқтап тұрақты күйге ұмтылу қабілетімен сипатталады.
Сыртқы s-деңгейшесі толатын атомдар металдық, ал p-деңгейшесі толатын атомдар бейметалдық қасиеттер көрсетеді. p- деңгейшедегі электрондар санының өсуі (1-ден 5-ке дейін)бейметалдық қасиеттерді күшейтеді. Сыртқы деңгейшесі (ns2 np6) толық аяқталған атомдар химиялық инертті болады.
Үлкен периодтарда ішкі (n - 1) d-деңгейшенің толуына байланысты (ns2 – деңгейше сақталып тұрғанда) элемент атомдарының қасиеттері металдықтан инертті газдарға дейін баяу өзгереді.
Топтарда валенттік электрондары бірдей элементтер орналасады, олар (А), (Б) топшаларына бөлінген.
А- топшасы валенттік электрондары сыртқы ns- және np-деңгйшелерде орналасқан үлкен және кіші периодтың элементтерінен тұрады .
Б-топшасы үлкен период элементтерінен тұрады. Олардың валенттік электрондары сыртқы ns-деңгейшеде және ішкі(n - 1) d- деңгейшесі мен (n - 2) f- деңгейшелерде орналасқан.
Қандай деңгейше (s-, p-, d- және f-) валенттік электрондармен толуына байланысты периодтық жүйе элементтері: s- элементтерге ( IА және IIА топтарының элементтері), p- элементтерге ( IIIА - VIIА топтары), d- элементтерге ( Б-топшасының элементтері), f- элементтерге (лантаноидтар, актиноидтар) бөлінеді.
А-топшаларда жоғарыдан төмен қарай металдық қасиет артып, бейметалдық қасиет төмендейді.
Радиус –атомның маңызды қасиеті. Атом радиусы үлкен болған сайын сыртқы электрондар ядроға әлсіз тартылады. Радиус топтарда элементтердің реттік номері өскен сайын артады (деңгей саны артады)
Период бойынша радиус азаяды (ядро заряды артқан сайын электрондардың тартылуы күшейеді).
Иондану энергиясы(I) – қалыпты жағдайда тұрған атомнан(немесе ионан) электронды үзіп алуға қажет энергия :
Э Э е атом ион - 0
Иондану энергиясы – электронның ядромен байланысының сандық өлшемі.
Периодтарда реттік номерінің артуымен иондану энергиясының артуы байқалады: период соңында инертті газдарда максимал мәнге жетеді. Бұл құбылыс осы бағыттағы ядро мен электрондардың байланысының артуына байланысты.
Топтарда элементтік реттік номері артқан сайын иондану энергиясының кемуі атом радиусының артуы және ядро мен электрон байланысының бәсеңдеуіне байланысты.
Ең аз иондану энергиясы ІА топ элементтері ие.
Бейтарап атомның электронды қосып алуы кезінде бөлінетін энергия атомның электронға ынтықтығы (Е)
Е Э Э е атом ион 0
Оның үлкен мәніне ҮІІА топтың р-элементтері ие. Металдар мен асыл газдадың көбінде электронға ынтықтық энергиясының мәні аз кейбіреуінде теріс мәнге ие.
Теріс мән электронды қосып алу үшін атомға энергия жұмсауды қажет етеді.
Иондану энергиясы периодта артады, топшаларда кемиді. 14




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет