Тұлға бағыт-бағдары – бұл әрбір тек өкілінің құндылықты бағыт-
бағдар жүйесі, өмірлік арқау еткен қажетері, әрекет-қылықтарына
ықпал жасаушы құндылықтар мен сеп- түрткілер, тұлғаның өмір жолы
жүйесін құрастырушы негізгі сапа-қасиеттері.
Тұлғалық бағыт-бағдарлар төмендегідей ерекшеліктерімен ажы-
ралады:
1. Тұлға қарым-қатынастарының әлеуметтік маңыздылығы,
олардың қоғамдық мәнділігі - күнделікті әрекет-қылығындағы ізгілік,
инабаттылық нышандары, тұлға адамгершілігінің прогресті әлеуметтік
идеяларға сәйкестігі, тұлғаның саяси-әлеуметтік саналылығы.
2. Тұлға қажетсінулерінің көп қырлылығы, оның қызығушылық
ауқымының кеңдігі мен негізгі қызықсыну бағдарының нақтылығы
– тұлғаның ізгілікті мұрат белгілеп, оған табанды ұмтыла білуі.
3. Қарым-қатынастарының тұрақтылық дәрежесі – тұлға
әрекеттерінің бірізділігі мен бірегей беріктілігі.
Әрқандай тұлғаның әрекет – қылығы мен мінездік ұстанымы оның
мұрат еткен өмірлік бағыт-бағдарына сай анықталады. Тұлғалық
бақыт-бағдар – бұл нақты адам санасының құндылықты орайласқан
категориялық деңгейге көтерілуі. Тұлғаның барша ниеттері мен сенім-
дері, жақын да алыс (тактикалық, стратегиялық) мақсаттар жүйесі осы
категория негізінде қалыптасып барады.
7. Тұлға теорияларының салыстырмалы талдануы (персонализм, психоанализ, гуманистік психология және т.б.)
Психологиядағы ірі бағыттардың бірі – гуманистік психология. Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам мәселесін түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады. Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды. А.Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқыңың қайнар көзі адамның үздіксіз өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек адамға жақсылық істеуге ұмтылу. XX ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен ғылыми-техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты математикалық, ақпарат теориясының әдістері колданыла бастады, сонымен катар электрондық есептеу техникасы, компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды. Психология биология және медицина салаларынан соңғы жаңалықтарды белсенді қабылдап отырды. Қазір психологияның тәжірибеге бағытталған салалары алдыңғы шепке шыга бастады. Психолог ғалымдармен бірге тәжірибелік психологтар пайда болды. Олар білім беру, өндіріс пен мекемелер, әскер мен медицина салаларында жұмыс істейді. Онда өздерінің психологиялық қызметін көрсетуде.
8. Кеңес психологиясындағы тұлға туралы ұғым (А.Ф.Лазурский, Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, В.Н.Мясищев, К.К.Платонов және т.б.)
Отандық ғылыми-педагогикалық ой-пікірдің ертеден қалыптасқан тарихы мен дәстүрі бар. Оның тарихи тамырлары өз бастауын ХІХ ғасырдан алады. Біздің елімізде психологияға деген қызығушылық тарихи тұрғыдан қоғамдық ғылыми білімнің дамуымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік үрдістерді дұрыс түсінуде қоғамдық ұмтылыспен, адамгершілік, педагогикалық, діни, құқықтық сипаттағы проблемаларды қою және шешумен байланысты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында отандық ғалымдардың психологиялық көзқарастары материализм мен идеализмнің, ғылым мен діннің шиленіскен күресі жағдайында қалыптасты. Біздің елімізде психология ғылымының жаңа бағытын талдауға алғашқылардың бірі болып сұраныс берген, сол кездегі әлемде үстемдік еткен бағыттардан өзгеше, аса көрнекті орыс физиологі И.М.Сеченовтың еңбектері болып табылады. Ол материалистік бағытты ұстана отырып, психикалық құбылыстар ағзаның рефлекторлық қызметінің құрамына кіретіндігін көрсетті, рефлекстің бөлінбейтін бөлігін құрайды, сонымен қатар органикалық үрдістер ретінде мінез-құлықты басқарады.
ХІХ ғасырда кең тараған, үстемдік еткен ескі интроспективтік психологияны жақтаушылар психикалық құбылыстардың мәні мен рөлін осылайша түсіндіріп, түпкілікті жоққа шығарған болатын.
Өткен ғасырдың аяқ кезінде Ресейде И.М.Сеченовты жақтаушылар мен ескі психологиялық мектептің арасында өткен ғылыми пікірталас өте қызу түрде жүргізілді. И.М.Сеченов интроспекция әдісін психикалық құбылыстарды тану әдісі ретінде жоққа шығарды, ал оның қарсыластары ол әдісті психикалық құбылыстардың мәнін түсінудің негізгі тәсілі ретінде қарастырды. Біздің елімізде психологиялық білімді одан әрі дамытуда, оның ішінде іс-әрекеттің психологиялық теориясын талдауда Сеченовтың идеялары В.М.Бехтерев және И.П.Павлов сияқты белгілі отандық ғалымдардың еңбектеріне ықпал етті. Сеченовтың ықпалымен ағзаның рефлекторлық қызметі туралы ілімді В.М.Бехтерев, И.П.Павлов сияқты талантты ғалымдар негіздеді. Олар орталық жүйке жүйесі жұмысының қызметін әр түрлі атаған болатын: Бехтерев «біріккен рефлекс», ал Павлов – «шартты рефлекс» деп атады. Олар алғаш рет психологияға мінез-құлықты (реакцияны) зерттеу пәні ретінде енгізді. Бірақ бихевиоризмді жақтаушылармен сол кезде жұмыс істеген Бехтерев пен Павлов және мінез-құлықты зерттеген отандық физиологтардың арасында ерекше қағидалық айырмашылықтар болды.
Достарыңызбен бөлісу: |