Тақырыбы: Кеңес берудің қазіргі кездегі негізгі бағыттары. Психоаналитикалық бағыт. З.Фрейдтің психоанализ бағыты
Орындаған: ПжП -31 (қ) тобының студенті
Оразбаева Г. Ж.
2021-2022 оқу жылы
Қазіргі кеңес берудің негізгі бағыттары.
Психоаналитикалық дәстүр
Психологиялық кеңесті дұрыс ұйымдастыру клиентке, өзіне және өз өмірлік ситуациясына жаңа көқараспен қарауға, өз әрекетінің шынайы мотивін ұғынуға, тұлғаішілік және тұлғааралық шиеленісті тұтастай көруге, ең бастысы- жаңа жеке тәжірибе алуға, шиеленісті шешу тәсілін меңгеруге және проблемалық ситуацияны жеңуге мүмкіндік береді.
Психологиялық кеңес беру барысында сенімді атмосфера құру үшін төмендегідей жағдайларды сақтау қажет:
кеңес беру барысында басқа іске көңіл бөлмей, барлық зейінді клиентке аудару қажет (телефонмен сөйлесу, басқа адамның араласуы);
клиентке толық жеткізуге мүмкіндік беру, оның өміріне қызығушылық таныту, шектен тыс білуге құмартпау, жауап алмай, сұрау қажет;
әдептілік таныту, шекара сақтау;
психологтың этикалық кодексін сақтау;
клиентті кінәламау және бағаламау;
ақыл-айту керек емес, өмірлік маңызды шешімді өз бетінше жасау үшін жағдай құру;
достық, табиғилық, адалдық таныту;
жекелік және кәсіби қатынастарды шектеу;
тыныш, дыбыссыз, шусыз жерлерде, бір жерде кеңес беру, өте ашық түстің қажеті жоқ.
Психологиялық кеңес берудегі тарихи негізгі бағыттары:
тереңдік психология - психоанализ (З.Фрейд), индивидуальді психология (А.Адлер), аналитикалық психология (К.Г.Юнг),
трансактілі талдау (Э. Берн);
бихевиоральді бағыт-әлеуметтік үйрену, әлеуметтік құзіреттілік тренингтері
когнитивті терапия;
рациональді- эмоциялық терапия (А. Эоллис);
гуманистік бағыт - гештальтерапия (Р. Перлз), топтық терапия (К. Роджерс), логотерапия (В. Франкл), психодрама (Морено).
Психоанализдің негізгі міндеті адамды басқарып отыратын сана астары аймағын анықтау және меңгеру.
Психодинамикалық теория позициясында психолог клиентпен жұмыс жасағанда өзінің сана астары процестерін түсінуге және оған ықпал етуге үйрету болып табылады.
Психодинамикалық теория негізінде жұмыс жасайтын психолог интервью процесінде төмендегі тәсілдерді пайдаланады:
1) күнделікті белгілерді талдау, мысалы, берілген сөйлемдерге клиенттің бағдарланған ассоциациялар;
2) «Фрейдтік қателік»- клиенттің бейсаналылық сезімдерін айтқанда кемшіліктер, сынықтар. Еркін ассоциациялар осы қателіктердің мазмұнын түсіну тәсілі болып табылады;
3) Түс мазмұны бойынша еркін ассоциациялар ағымы арқылы түс көруді талдау;
4) Қарсыласуды талдау ығысу механизмдерінің көрініс берулері ретінде алға шығады. Клиентке қатысты өз сезімдерін түсіну және сезімдерін түсіну икемділігі кез-келген бағыттағы практик- психолог жұмысының негізгі бөлімі болып табылады.
Психолог клиенттің өмірлік жағдайларын өзгерту мақсатында араласады. Бұл төмендегі негізгі жағдай бойынша құрылады:
психолог пен клиенттің қатынасы;
мінез-құлықты операциялау арқылы проблеманы анықтау;
функциялық анализ арқылы проблема жағдайын түсіну;
клиент үшін әлеуметтік маңызды мақсаттарды анықтау.
Психологиялық кеңес беру мақсаты - перспективті сезімдері бар, саналы түрде әрекет ететін, мінез-құлықтың түрлі стратегиясын жүзеге асыруға қабілетті, түрлі көзқараста ситуацияны талдай алатын мәдени-өнімді тұлға қалыптастыру.
Психолог–кеңес берушінің басты міндеті мәдениет мүмкіндіктеріне сәйкес әрекет етуге мүмкіндік беретін, психикалық дені сау, қалыпты клиентке жағдай құру болып табылады.
Психологиялық кеңес берудің алғашқы кезеңі- клиентпен кездескенде алғашқы сұрақ төмендегідей болуы қажет: «Сізді мұқият тыңдап отырмын», «Айтыңызшы, Сіздің бізге келуіңіздің себебі не?».
Алғашқы келгенде клиентке қандай көмек алатындығы, неге үміттене алатындығы жөнінде алдын-ала ескертіп, психологиялық кеңес берудің не екенін түсіндіру қажет.
Егер клиент: «Сіз маған көмектесе алатындығыңызға сенімдісіз бе?» деген сұрақтар қойса, Сіз 100 % кепілдік білдірмей, жай ғана «Екеуміз бірге шешіп көрейік» деген ұсыныс тастаңыз.
Жұмыс кезеңі - жұмыс барысында, диагностикалық әңгіме жүргізуде практик- психолог әдістемелерді қолдана білуі қажет. Егер кеңес беру барысында әңгімеңізге тестілік материалдарды қолдана білсеңіз, клиенттің Сізге деген сенімі артып, әңгімелесу өз нәтижесін береді. Әр клиент жұмыс жасай отырып, психолог жеке бағдарлама дайындайды, кеңес беру кезеңдеріндегі ерекшеліктер, мақсаттар мен міндеті, ұсыныстары жазылады (аптасына 1-2 рет, 50-60 мин. аспайды).
Жұмыс кезеңі - жұмыс барысында, диагностикалық әңгіме жүргізуде практик- психолог әдістемелерді қолдана білуі қажет. Егер кеңес беру барысында әңгімеңізге тестілік материалдарды қолдана білсеңіз, клиенттің Сізге деген сенімі артып, әңгімелесу өз нәтижесін береді. Әр клиент жұмыс жасай отырып, психолог жеке бағдарлама дайындайды, кеңес беру кезеңдеріндегі ерекшеліктер, мақсаттар мен міндеті, ұсыныстары жазылады (аптасына 1-2 рет, 50-60 мин. аспайды).
Қорытынды кезең - психолог кездесулер жиілігін анықтап отырады. Соңғы кезеңде видео және аудио кассеталарды сыйға тартуға болады. Мұнда кеңес беру барысы көрсетіледі.
Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен,Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды.
Саяси психоанализ - тұтас адам мен оның өмірбаянына деген қызығушылық бейнеленген, саяси үрдістің тұлғалық компонентің зерттейтін саясаттану әдісі
З. Фрейд-психоанализдің негізін салушы.
Психоаналитикалық бағыт.
Психоаналитикалық теорияның негізіг түсініктері; жеке бас құрылымы, сана және санасыздық, қорғаныс механизмдері (ығыстыру реактивті құрылым, проекция, рационализация, сублирование, регрессия, интроекция, идентификация, компенсация және т.б.)
Психоанализдегі қазіргі кездегі тенденциялар. Кеңес беру процесінде психоаналитикалық техникаларды қолдану (еркін ассоциациялар, түс көруді талдау және нәтижесін шығару, ықпал ету және қарсылық көрсетуді талдау және өңдеу).
Қадамды бағалау: жетістіктері мен шектеулері. Юнг бойынша санасыздық құрылымы. Юнг және фрейдтің түс талқылауындағы айырмашылықтар. Жеке адам құрылымы. Архетип және оның қасиеттері, қызметі. Индивидуация және комплекс түсініктері. Юнг бойынша психотерапевтік принциптер. Адлердің жекелей психологиясы. Адлер бойынша жеке адам құрылымы.
Зигмунд Фрейд (нем. Сігмұнд Фреұд, толық аты Сигизмунд Шломо Фрейд, нем. Сігісмұнд Сцһломо Фреұд; 6 мамыр 1856 жыл, Фрайберг, Австрия — 23 қыркүйек 1939 жыл, Лондон) — Аустрия психологі, психиатрі және неврологі. Психоанализ ілімінің негізін қалаушы.
Достарыңызбен бөлісу: |