Психоанализдің туындауы
Біршама уақыттан соң Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде гипноздан оянғаннан кейін бөлме бұрышында тұрған қолшатырды алу керектігін ескертеді. Гипноздан оянғаннан кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден неге бұлай істегенін сұрағанда ол қол шатырдың жөндеулі тұрғанын тексергім келді деп жауап берді. Сол гипноздан кейінгі сәтінде әйелге қол шатыр бөтен біреудікі екенін ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды.
Бұл фактілер Фрейдке дейінде белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме берді. Осындай фактілерді талдау негізінде Фрейд өзінің бейсаналық теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. ХХ ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың Бейсаналық арқылы түсіндіретін теориясын құрды.
Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып бейсаналық санасыз күй күштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес, бейсаналық психикасынан іздей бастады.
Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал "еркін ассоциация" деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бдойы психоанализдің негізі болып келді. "Ассоциациялар" ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі.
Психоанализде адам ойлары мен сезім күйлерінің санадан тыс түрін анықтау әдісі ретінде түс көруді талдау әдісі табылды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің көрген түстерін талқыға салады.
Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос көріністер болғанымен, оның "сценарийі" – бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-қалаулар коды. Бұл болжамына өзі таңырқаған З.Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да есіне сақтап қалады. Бұл 1895 жылдың 24 шілдесіндегі кешқұрым мезгіл, бейсенбіде, веналық мейрамханалардың бірінің солтүстік-шығыс бұрышында еді. Бұл жөнінен З.Фрейд бірде: "осы жерде "дәрігер Фрейд түс көру құпиясын ашты" деген жазуы бар тақтай іліп қойса да болады", – деп әзілдей айтқан екен. 1900 жылы "Түс жору" кітабы жарық көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді қабаттасуы, тұтас бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және тсс. сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар бар деп санады. Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды, үшкін заттарды, тістің түсуін көру қарастырылды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд түс көрудегі бейнелерді эмоциалды сезім күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау көздері күндізгі қалыптан тыс сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері туралы ерекше символдық тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты.
1901 жылы оның «Күнделікті тұрмыс психопатологиясы» кітабы жарық көрді, мұнда ол түрлі бұрыс әрекеттерді түсіндірді: есімдерді ұмыту, сөзден таю, санадан тыс уәждердің көрінуі. Фрейд бойынша, мұның себептерін санадан тыс импульстерден, шұғылданатын әрекеттерінен іздеген жөн.
Бұлардан кейін оның «Қалжың және оның бейсанаға қатынасы» (1905), «Сексуалдылық теорияисы бойынша үш эссе» (1905), «Тотем және табу» (1913) еңбектері жарық көрді.
1910 жылы Нюрнбергте психоанализ бойынша Бірінші халықаралық конгресс өтті. Оған қатысушылар психоанализді психологиядан өзіндің ерекшелігі бар жеке, айрықша ғылым деп жариялады. Көп ұзамай З.Фрейдтің өзі де өз тұжырымдамасына түзетулер енгізді. Бұған оны өмір мәжбүрледі. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Емдеушілердің көбі сексуалды сезім күйлеріне емес, соғыс уақытында оларды күйзелткен сынақ, қиыншылықтарға байланысты невроз ауруымен ауырды. ХЫХ ғ. соңында веналық бұқара халықты емдеу кезінде туындаған З.Фрейдтің бұрынғы тұжырымдамасы кешегі солдаттар мен офицерлердің соғыс жағдайында туындаған психикалық күйзеліс күйін түсіндіруге жарамсыз болып шықты.
З.Фрейдтің жаңа емдеушілерінің өлімді көп көруден туындаған психикалық күйзеліс пен соққылары ерекше инстинкт бар деген болжам жасауға себеп болды. Ол Танатос деген атауға ие болды. Бұл жерде Танатос деп не өзгелерді, не өзін өлтіруге, жоюға деген ерекше құмарлықты түсіндірді. З.Фрейдтің көзқарасы бойынша, бұл инстинкт сексуалды инстинктпен қатар мінез-құлықтың кез келген түрінің негізіне алынған.
З.Фрейд теориясының әлемге әйгілі ілім ретінде танылғандығы соншалық бүгінде ғалымдар "психология – бұл Фрейдтің өзі" деген қағида қалыптасқан.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
↑ Һалберстадт, Мах Сігмұнд Фреұд, һалф-ленгтһ портраіт, фацінг лефт, һолдінг цігар ін рігһт һанд (ц. 1921). Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 желтоқсан 2017. Тексерілді, 8 маусым 2017.
↑ Танслеy, А.Г. (1941). "Сігмұнд Фреұд. 1856–1939". Обітұарy Нотіцес оф Феллоус оф тһе Роял Соціетy 3 (9): 246–75. доі:10.1098/rsbm.1941.0002. ЖСТОР 768889.
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ЫСБН 9965-808-82-1
↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ЫСБН 9965-822-10-7
↑ http://qabylan.kz/A_kop/zhuzadam/2017-05-10/656.html
Достарыңызбен бөлісу: |