Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


ОРМАН ҚАУЫМДАСТЫҒЫН ТАЛДАУ



бет125/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

3.4 ОРМАН ҚАУЫМДАСТЫҒЫН ТАЛДАУ
Жұмыстың мақсаты – орман типiн және құрамын, орман қауымдастық орнықтылығы дәрежесiн, биогеоценоз компоненттерінің өзара қатынас сипатын, ықшам климат (микроклимат) көрсеткiштерiн анықтау, қауымдастықтың одан әрi даму болжамын беру, ауданның экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып, қажеттi шаруашылық шараларды белгiлеу.

Қойылған мақсатқа өсiмдiк қауымдастығының көз мөлшерiмен есептеу таксациясы деректерiн талдау, биогеоценоздың басқа компоненттерін және ықшам климаттың көрсеткiштерiн анықтау «Орман қауымдастығын талдаудың бланкiсi» бойынша жiктеп сипаттау көмегiмен жүзеге асырылады.

Телiмнiң бiршама сипатты бөлiгiнде 0,25 га кем емес мөлшерде типологиялық бақылау ауданы жасалынуы тиiс, енi 0,3 метрлік визирлермен шектеледi, қадалармен қоршалады, орам жүйесiне тiркеледi және жоспар-картаға түсiрiледi.

«Орман қауымдастығын талдау бланкiсiн» толтыруды осы телiм алқа ағашы жатқызылған орман типiнiң атауын болжамдап анықтаудан бастау керек. Бақылау ауданында жиналған барлық материалдарды талдаудан соң, орман типiн белгілейді.

«Қоршау» графасында бақылау ауданының шекаралары барлық жағынан қай сүрекдiңдерге жанасқаны, «Жағрапиялық орны» графасында – бақылау ауданы жасалған орманшылық, орам, телiм, ал «Топографикалық орны мен геологиялық жағдайлары» – оның орналасқан орны және жер бедерлерi көрсетiлуi тиiс. Егер бақылау ауданы тау баурайында орналасқан болса, онда тау баурайының бағытын (экспозиция), оның еңістігін, осы бақылау ауданының баурайдың қай бөлiгiнде орналасқанын (жоғарғы, ортаңғы, төменгi) көрсету қажет.

Жер бедерiнiң пішінін сипаттау үшiн мынадай жiктеудi пайдалану ұсынылады:

1) мезобедер (мезорельеф) – биiктiк айырмасы ондаған метрмен өлшенедi.

2) микробедер (микрорельеф) – биiктiк айырмасы метрмен өлшенедi.

3) нанобедер (нанорельеф) – кiшкене биiктiктермен, дециметр және сантиметрмен өлшенедi.

Далалық сипаттаманың соңында топырақтың толық аты келтiрiледi және оның орман өсiрушiлiк бағасы берiледi.

Биогеоценоздың негiзгi белгiлерiн сипаттау үшiн бақылау ауданында ағаштардың жеке-дара қайта санағын жүргiзу қажет. Әр ағаш диаметрi қайта есептеу кезiнде екi бағытта 0,1 см-ге дейiнгi дәлдiкпен өлшенедi және деректер 3.4-кестеге енгiзiледi.

Саты (қабат) шегiнде ағаш түрінің орташа биiктiгiн және сатының (қабаттың) орташа биiктiгiн есептеу үшiн әр 1-4 см-лік жуандық сатысы үшiн үш биiктiк өлшенедi, жуандық сатысының орташа биiктiгiн анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет