3 ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ
3.1 ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Орманшылық бойынша оқу тәжірибесінің мақсаты – студенттердiң теориялық бiлiмдерiн тереңдету және нығайту, еңбек нысаны және өндiрiс құралы ретiнде орманды танып бiлу, тәжірибелік дағдылар қалыптастыру.
Оқу-тәжiрибелiк, тәжiрибелiк немесе өндiрiстiк орман шаруашылығының, орман биогеоценозының мысалы ретінде студенттер республикамыздағы бiршама кең таралған орман типтерiмен танысады, орман шымылдығы мен кесiлген орман жерлерінде негiзгi орман құраушы ағаш түрлерінің табиғи қайта жаңару жағдайымен, өсiмдiк жамылғысының ауысуымен, түрлердiң iшкi және өзара қарым-қатынастарымен, ормандағы ағаштардың табиғи сиреуiмен және бөлiнуімен, сүрекдiңдердiң негiзгi компоненттерімен және ерекше белгiлерiмен, орманның жарық, жылу және су режиміне ықпалымен, күтiп-баптау және басты мақсатқа пайдалану кесулерiмен, оларды жүргiзу техникасы және технологиясымен, өнiмдiлiктi арттыру және өртке қарсы шаралармен танысады.
Оқу практикасы студенттердi оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына, еңбекпен баулуға қатысуына үлкен мүмкiндiктер береді.
Орманшылык бойынша оқу тәжiрибесі III курс студенттерiне жүргiзiледi. Тәжiрибенің бағдарламасына курстың негiзгi бөлiмдерi мен тақырыптары кiргiзiлген.
1.Кең тараған орман типтерiмен таныстыру (экскурсия). Орман типтерi бойынша гербарий жинау.
2. Орман қауымдастығын талдау.
3. Табиғи қайта жаңаруды есептеу және бағалау. Орман биогеоценоздарындағы өсiмдiк жамылғысының ауысуы.
4. Орман шаруашылығы шаралары жүргiзiлетiн нысандар бойынша экскурсия өткізу.
5. Күтiп-баптау кесулерiне учаскелер бөлу, кесу үшiн ағаштарды таңдау, оларды жүргiзудiң техникасы мен технологиясын таңдау, сүректi тиiмдi кесiп бөлшектеу, текшелеп жинау және дайындалған өнiмдi есепке алу.
6. Басты мақсатқа пайдалану кесулерiне учаскелерді бөлу, әр түрлi кесулер жүргiзу техникасы мен технологиясын таңдау, кеспеағаштарды тазарту. Табиғи қайта жаңаруға ықпал ету бойынша шараларды орындау.
7. Алқа ағаштар өнiмдiлiгiн арттыру бойынша және өртке қарсы шаралар.
Достарыңызбен бөлісу: |