2.4.10 Күтiп-баптау кесу жұмыстары технологиясы. Күтіп-баптау кесулері кезiндегi жұмыстар технологиясы сүрекдiң құрылымымен, сүректi өңдеу орнымен және тасымалдау тәсiлiмен анықталады. Күтіп-баптау кесулерінің өндірістік процесін ұйымдастыру негізіне технологиялық дәліздер мен тасымалдау жолдары жүйесі жатады.
Күтiп-баптау кесулерiнiң үш түрi: жіңішке, орташа және кең омарта технологиялары пайдаланылады. Олардың қандай түрiн пайдалану машина ерекшелiктерiне байланысты болады.
Жіңішке омарта технологиясы кесіп құлату-пакеттеу машиналарын (ВПМ-35, Дятел-1-2 және басқа түрлерiн) пайдаланғанда қолданылады. Технологиялық дәліздер арасы 20 м-ге дейiн, кесiп-өңдеу жұмысы омарталарда кезекпен жүргiзiледi (2.10-сурет).
20 м
Сурет 2.10 - Ағашты кесіп құлату-пакеттеу машинасын (ВПМ) қолданып,
күтіп-баптау кесуін орындау сұлбасы: 1 – орам (квартал) жолы; 2 – ағаш
сүйрейтін трактор; 3 – кесіп құлату-пакеттеу машинасы; 4 – ағаш тиеу орны.
Орташа омарта технологиясы кесулердi механикалық қол құралдарымен, тасымалдау саймандарымен жабдықталған дөңгелектi тракторлармен және таулы жерлерде аспалы қондырғылармен орындағанда қолданылады. Бұл технологияда омартаның енi 30-50 м, технологиялық дәліздің енi 2,5-3,0 м болады (2.11; 2.12-сурет).
40 м
Сурет 2.11 - Күтіп баптау кесуін орындайтын орман бөлігінің
орташа омарта технологиясы:
а – таза және аралас алқа ағаштар; б – күрделі алқа ағаштар мен
өскіні бар сүрекдің; 1 – кесу жүргізілмеген орман алқабы; 2 – тұрақты
ағаш тасу жолы; 3 - кесу жүргізілген орман алқабы; 4 – ағаш тиеу
орны; 5 – бұтақтарды шабу орны; 6 – бензинді арамен ағаш кесу;
7 – ағаш сүйреген трактор; 8 – кесу алдындағы ағаш сүйрейтін жол;
9 – трактордың ағаш текшелеріне баратын жолы; 10 – қара жол
Сурет 2.12 – Тартқыш шығырлары бар ЭЛХА агрегатымен
күтіп баптау кесулерін орындау сұлбасы:
1 – электрлі сайман; 2 – бұтақсыз ағаш діңдері;
3 – бұтақтар; 4 – технологиялық визир; 5 – технологиялық дәліз;
6 – ЛТ-400; 7 – ЭЛХА агрегаты.
Сұрақтар
1. Күтіп-баптау кесулеріне түсінік беріңіз.
2. Күтіп-баптау кесулерінің экономикалық және биологиялық алғышарттары қандай?
3. Күтіп-баптау кесу түрлерін атаңыз.
4. Күтіп-баптау кесулерінің ерекше түрлерін сипаттаңыз.
5. Күтіп-баптау кесулері арқылы техникалық піскен сүректі өсіру мерзімін қысқартуға бола ма?
6. Күтіп-баптау кесу әдістері қандай?
7. Күтіп-баптау кесулерінің ұйымдастыру-техникалық элементтерін атаңыз.
8. Күтіп-баптау кесулерін ұйымдастыруға бола ма?
9. Күтіп-баптау кесулері технологиясы мен механизациясын сипаттаңыз.
10. Күтіп-баптау кесулерін дамытудың келешегі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |