5 ДӘріс. АҒаш дайындауды механикаландыру және әр түрлi кесулер кезiнде орманды табиғи жаңарту



Дата16.02.2022
өлшемі103,71 Kb.
#131979
Байланысты:
№5 Дәріс

5 ДӘРІС.

    1. АҒАШ ДАЙЫНДАУДЫ МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ӘР ТҮРЛI КЕСУЛЕР КЕЗIНДЕ ОРМАНДЫ ТАБИҒИ ЖАҢАРТУ




Қарастырылатын сұрақтар:
1. Кесілетін орманды кесіп құлату-тасымалдау машиналарымен өңдеу сұлбалары
2. Кесілетін орманды ВМ-4 типтi ағаш кесіп құлату машиналарымен өңдеу сұлбалары
3. Шартты жаппай кесу кезіндегi кеспеағаш жұмыстары технологиясы

      1. Кесілетін орманды ВМ-4 типтi ағаш кесіп құлату машиналарымен өңдеу сұлбалары. Бұл сұлбаның варианттары әр түрлi. Машиналар жүкпен және жүксiз, ағаштарды лақтырып және лақтырмай тиеу арқылы жұмыс iстеуi мүмкiн, осылай тасымалдау жолына параллель немесе перпендикуляр салынған жолақтармен машиналардың келесi жолға өтуi қамтамасыз етiледi.

Құрғақ, тығыз, сондай-ақ, тоң басқан жердегi орманда шеңбер немесе екi тасымалдау жолы бойынша жұмыс iстеу сұлбасы тиiмдi, яғни, машинаға бос жүрiссiз жұмыс iстеуге мүмкiндiк бередi. Кесілетін орманды ВМ-4 ағаш кесіп құлату машинасымен өңдеу технологиялық сұлбасының мысалы ретiнде, тасымалдау жолына тiк жасалған таспа арқылы ВМ-4, ЛП-18А, ЛО- 72 машиналар жүйесiмен кесiп өңдеудi алуға болады (2.8-сурет).


Сурет 2.8 - Ағаш тасымалдау жолына перпендикуляр орналасқан таспа түрінде кесу сұлбасы: 1 – ВМ-4 ағаш кесіп құлату машинасы; 2 – орман; 3 – кесілген ағаштар; 4 – ЛП-18А ағаш сүйрейтін трактор; 5 – ЛО-72 бұтақ кескіш машина.



      1. Шартты жаппай кесу кезіндегi кеспеағаш жұмыстары технологиясы. Iрiктеп және бiртiндеп кесулердi жүргiзу жағдайлары бiршама өзгеше, сондықтан кесілетін орман ортасын сақтауды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер мен машиналар пайдалану қажет.

Шартты жаппай кесулерде де өңдеу жұмыстары магистральдық және омарталық сүйретпелерден басталады. Iрiктеп және бiртiндеп кесулер кезiнде ағаштарды сүйретпе бағытымен құлатады, олардың ұштары тасымалдау жағына қаратылады.
Жекелеген жағдайларда, өскiн болмағанда ағаштар жуан түбiрімен алға қаратып тасымалдауға, ал ағаштарды тасымал бағытына ұштарымен қарама-қарсы кесіп құлатуға болады.
Кесілетін орманды бiрқалыпты сирете отырып, бiртiндеп кесулерде машиналар (ЛП-19, ЛТ- 157, ТБ-1, ЛТ-154, ЛП-30 және т.б. машиналар жүйесi) арқылы жақсы шымдалған топырақта ағаш кесу жұмыстар технологиялық процесін қолдануға болады. Сонымен, бiртiндеп және iрiктеп кесу кезiнде орманшылық талаптары өте тиянақты орындалуы тиiс, мұнда, өскiннен басқа кесуге жатпайтын ағаштарды да сақтау қажет.
Бiрқалыпты сирету арқылы жүзеге асырылатын iрiктеп кесулерде кең алымды кесіп құлату- пакеттеу машиналары ЛП-19 пайдаланылады (2.9-сурет).
Мұндай технология кезiнде әр жұмыс амалында омарта ортасынан технологиялық дәлiз кесіліп дайындалады және бiр уақытта дәлiздiң екi жағынан белгiлi бір қарқынмен сүрекдiңдер сиретiледi. Мұнда кесілетін ағаштар, кеуде тұсы биiктiгiнде әр түрлi белгiлермен таңбаланады. Тасымалдауға гидроманипуляторы мен тiстеуiк қысқаштары бар тракторлар пайдаланылады.


Сурет 2.9 - ЛП-19 ағаш кесіп құлату машинасы мен манипуляторы бар тракторларды қолданып, жаппай емес кесулердің технологиялық сұлбалары: а – алғашқы сирету; б – екінші сирету; в – тазарту; 1 – ағаш кесіп құлату машинасы; 2 - өсіп тұрған ағаш; 3 – ағаш түбірі;
4 – кесілген ағаштар; 5 – трактор; 6 - өскін.


Сұрақтар





  1. Кесілетін орманды кесіп құлату-тасымалдау машиналарымен өңдеу туралы айтып беріңіз.

  2. Шартты жаппай кесу кезіндегi кеспеағаш жұмыстарының технологиясы қалай орындалады?

  3. Ағаш кесу жұмыстарының сұлбалары туралы мәлімет беріңіз.

  4. Бiртiндеп тұқымдық-кеспеағаштық кесудiң басты кемшіліктері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет