Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Кесулердi жүргiзу уақыты және оларды ұйымдастыру



бет117/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап
1515563726, 1515563726, 5 сынып факультатив 34 са ат, 5 сынып факультатив 34 са ат, Әбдіғаппар А. Заявка, 8 класс поурочки Excel
2.4.9 Кесулердi жүргiзу уақыты және оларды ұйымдастыру. Қылқанды алқа ағаштарда жарықтандыруды және тазартпалы кесуді ерте көктемде (наурыз, сәуiрдiң соңы) және күзде (тамыздан бастап), ал жалпақ жапырақтыларда – жапырақтану шағында; өте қалың өскен жас алқа ағаштарда – тек көктем кезеңiнде жүргізеді. Тамыр ауруына зақымдалған шырша және қарағай алқа ағаштарында күтiп-баптау кесулерiн күзде тұрақты төмен температура орныққанда бастайды, ерте көктемде аяқтайды.

Күтіп-баптау кесулері бойынша дайындық жұмыстарына – учаскелердi таңдау және бөлу, сынақ алаңдарын жасау және кесілетін ағаштар таңдау, құжаттарды дайындау кiредi. Бұл кесулердi жоспарлағанда күтiп-бапталуға тиiс аудан – негiзгi көрсеткiш болып табылады. Жоғарыда көрсетiлген жұмыс түрлерi кесулерге 1 жыл қалғанда жүзеге асырылады. Орман орналастыру материалдарын пайдалана отырып, учаскелерді өз қалпында мiндеттi түрде тікелей көре отырып таңдайды.

Күтiп-баптауды қажет ететiн орамның (кварталдың) телiмдерiндегi (выделдегі) кесулер мүмкiндiгiнше бiр жылда орындалады.

Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстарына сәйкес, осы жылы күтiп-баптау кесулерi жүргiзiлетiн ормандарды бiр немесе бiрнеше блоктарға бiрiктiредi. Орамда көрсеткiш тақта мен құжат бағанасын орнатады, онда сүйретпелердi және жоғарғы қоймаларды белгiлейдi, жұмыстарды ұйымдастыру сұлбасын жасайды.

Жалпақ жапырақты сүрекдіңдерде ағаштарды кесуге таңдау (санау және таңбалау) жұмысы жапырағы бар кезiнде, қылқан жапырақтыларда жылдың кез келген уақытында жүргiзiледi. Жарықтандыру және тазартпалы кесу кезiнде кесiлуге тиiс ағаштарға таңбалар салынбайды, бiрыңғай жерлерде сынақ алаңдары жасалады және өңделедi, олар барлық учаске үшiн үлгi ретiнде және орман кесу билетiн жазып беруге негiз болады. Сынақ алаңы телiм ауданының 3-5 пайызынан кем болмауы тиiс.

Күтiп-баптау кесулерi кезiнде ормандағы ағаш кесуді ұйымдастыру жұмыстарына жұмысшы бригадаларын ұйымдастыру және оларды учаскелер бойынша дұрыс орналастыру, бригададағы жұмысшылар еңбегін ұйымдастыру, ағаш кесу жұмысында жаңа әдістерді енгізу, бригадаларды жұмыспен қамтамасыз ету, жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін өнімдерін және жұмысын қабылдап алу жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет