Күтiп-баптаукесулерінің шоқ орманды әдiсi – басты ағаш түрін алаңшалар түрінде құрылған орман екпелерінде топтап орналастыру кезiнде немесе өскiн сақталған топтардан қалыптасқан табиғи балауса ормандарды (қарағайды, шыршаны және емендi) күтiп-баптауда қолданылады.
Емендi күтiп-баптаудың ұялы әдiсi (Б.Д.Жилкин бойынша) – еменнiң табиғи жаңаруы, әдетте, топ, кiшкене учаскелер, ұялар түрінде жүредi, сондықтан оларды күтiп-баптауды ұялы тәсiлмен жүргiзу қажет. Емендi басып және көлеңкелеп тұрған ағаш пен бұта түрлерін (көктерек, шетен, қайың, тал және т.б.) емен өскен жерлерден (ұялардан) кесіп тастайды, қажеттi серiктес ағаштар – жөке, үйеңкi, шаған қалдырылады. Емен өспеген ұяларда 20 жылға дейiн кеспейдi.
Дәліздік әдiс– еменді күтіп баптауға арналған. Кесілген орманда табиғи жаңару процесі орнықаннан кейін ені 1-4 метр дәліз (коридор) кесіледі, мұнда тек қана емен және басқа басты ағаш түрлері қалдырылады. Кейбiр басқа әдiстер бiздiң республикада қолданылмағандықтан келтiрiлмедi.