1.8.1 Атмосфера және ауа құрамы. Орман және оттегi. Атмосфера – жердiң газ тәрiздi қабығы. Өсiмдiктердiң бәрi атмосферадан тыныс алу және қоректену үшiн қажеттi көмiрқышқыл газы мен оттегiн алатын болғандықтан, ол орман тiршiлiгiндегi маңызды фактор болып саналады. Жер бетi маңындағы құрғақ атмосфералық ауа құрамында көлемі бойынша 78,1% азот, 21,1% оттегi (0,000001% озон), 0,9% аргон және 0,03% көмiрқышқыл газы бар, 0,01%-ын сутегi, неон, гелий, криптон, ксенон, аммиак және басқалар құрайды.
Оттегi – жерде көп тараған элемент. Атмосфералық оттегiнiң мөлшерi 1,5*10т-ны құрайды. Оның негiзгi тiршiлiк процесі – тыныс алу үшiн қажет, соның нәтижесiнде организм сырттан оттегiн алады және қышқылдану өнiмiн бөледi (көмiрқышқыл газы және су буы). Атмосферадағы оттегiнiң тыныс алу, шiру және жану салдарынан азайып, фотосинтез кезiнде бөлiнетiн оттегiмен қалпына келедi, бұл процесте өсiмдiктер күн сәулесi энергиясын пайдалана отырып, көмiртегi диоксидiн ассимиляциялайды және оттегiн бөлiп шығарады.
ТМД елдерiнiң ормандары жыл сайын 4 млрд. тоннадан аса оттегiн бөле отырып, 5,5 млрд.т. көмiрқышқыл газын сiңiредi. Мысалы, қарағай ормандарының 1 гектары жыл сайын 30 т, жалпақ жапырақтылар 16 т, ауыл шаруашылығы өсiмдiктері – 3-10 т оттегiн бөледi. Жоғары өнiмдi алқа ағаштар (I бонитет класы), оттегiні төмен өнiмдiлерге қарағанда (IV бонитет класы) 3-4 есе көп бөледi.
Достарыңызбен бөлісу: |