Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет123/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

3.2 ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ
Оқу тәжiрибесі танысу экскурсиясынан және студенттердiң тапсырмаларды өз бетiмен орындауынан тұрады. Тәжiрибені жақсы ұйымдастыру үшiн студенттер тобы 3-4 бригадаға бөлiнедi. Оқу тобында тәжiрибені басқаруды бiр жетекшi жүзеге асырады, ал күтiп-баптау және басты мақсатқа пайдалану кесулерiн жүргiзу кезiнде – 2 жетекшi атқарады.

Тәжiрибе басталар алдында жетекшi белгiлi бiр тақырып бойынша студенттердi жұмыстың мақсаты, мазмұны және ұйымдастыруымен таныстырады, жұмыстар көлемiн белгiлейдi. Егер тәжiрибе теориялық материалды оқу алдында өтетiн болса, оқытушы қажеттi түсiнiктер бередi.

Әр бригада жеке-дара тапсырма алады, оқу тәжiрибесін жүргiзу тәртiбiн және мазмұнын анықтайды және өзiнше немесе оқытушының бақылауымен барлық далалық және камеральдық жұмыстарды орындайды.

Тәжiрибе барысында (әр кезең үшiн жеке) бригадалар арнайы күнделiктер жүргiзедi (кесте 3.1), оларға күн сайын ормандағы және камералды жағдайларда барлық орындалған жұмыстарды, жұмыс нәтижелерiн және ескертулердiң қысқаша мазмұнын жазып отырады. Экскурсия уақытында әр студент жеке дара жазбалар жүргiзедi. Бұл студенттiң тәжiрибе бойынша есебiнiң бiр формасы болып табылады және оны оқытушы тексерiп отырады.


Кесте 3.1 – Бригаданың оқу тәжірибесінің күнделiгi


Жұмыстың тақырыбы және мазмұны

Жұмыстың орындалу уақыты

Алынған нәтижелер, қорытындылар, ескертулер









Оқу тәжiрибесінің әр күнiне ормандағы жұмыстарды орындау, материалдарды камеральды өңдеу және есептi жасау кiредi. Барлық жұмыстар кафедра оқытушыларының басшылығымен, әр бригада үшiн жасалған күнтiзбелiк жоспарларға сәйкес орындалады. Тәжiрибе басталар алдында бригадалар қажеттi құрал-саймандарды, жабдықтарды және анықтамалық әдебиеттердi алады.

Құрал-саймандар: буссоль, Биттерлих толымдылық өлшегiші, өлшеу айыршасы, биіктік өлшегіш, өлшеу рейкасы, рулетка, люксметр, термометр, гербарий папкасы, күрек, балта.

Оқу құралдары: бланкiлер, жазу қағазы (бригадаға 30 парақ), қара және түстi қарындаштар, қаламсаптар, калька, миллиметровкалар, ватман (бригадаға 1/4 парақ), фломастер, тушь, бор және т.б.

Ұсынылған әдебиеттiң тiзiмi оқу құралының соңында келтiрiлген.

Орманға шығар алдында бригадаға қауiпсiздiк техникасы бойынша кiрiспе нұсқау жүргiзiледi, ол орман iшiнде жұмыс орнында атқарылады.

Оқу тәжiрибесінің соңында бригадалар есеп бередi, оның сыртқы бетiнде мынандай жазу болуы керек:
Жоғары оқу орнының аты ________________________

Кафедра _______________________________________

Орманшылық бойынша оқу тәжiрибесі бойынша

орман шаруашалығы факультетiнің _____курс

студенттерiнiң _____ бригадасының есебi

Бригада құрамы:

----------------------
20____ ж.
Есепте барлық орындалған жұмыстар кеңiнен жазылады, оған күнделiк, толтырылған ведомостар мен бланкiлер тiркеледi.

Тапсырманың орындалу сапасы, құжаттар мен есептi орындау және жасаудың дұрыстығы мен ұқыптылығы қабылдау кезiнде есепке алынады.

Жұмысты қабылдау кезiнде студент оқу тәжiрибесі барысында орындалған тақырыптар бойынша теориялық және тәжiрибелiк сұрақтарға жауап беруi тиiс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет