Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет135/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

3.12-кестенің артқы жағы. Есептеу алаңшаларындағы ағаш және бұта түрлері өскiнiнің санақ ведомосы


Есептеу алаңшасының нөмірі

Тұқымнан жаңару

Ағаш түрі ________

Ағаш түрі ________

Ағаш түрі ________

Өскiн биiктiгi, м




0,5-ке дейiн

0,6-1,5

1,5-тен жоғары

0,5-ке дейiн

0,6-1,5

1,5-тен жоғары

0,5-ке дейiн

0,6-1,5

1,5-тен жоғары
































3.12-кестенің соңы


Вегетациялық жаңару

Орман астындағы ағаш түрі

Ағаш түрі _________

Ағаш түрі ________

Ағаш түрі

Дана

Ағаш түрі

Дана

0,5-ке дейiн

0,6-1,5

1,5-нан жоғары

0,5-ке дейiн

0,6-1,5

1,5-нан жоғары










































Табиғи жаңару процесіне орман қабырғасының ықпалын зерттегенде, есептеу алаңшаларының қатары одан 5, 15, 25, 35, 45, 55, 65, 75, 85 және 95 м қашықтықта орналастырылады. Қатар ішінде есептеу алаңшалары бiр-бiрiнен 5-10 м аралықта жасалады.

Арнайы зерттеулер жүргiзгенде орман шымылдығы астындағы немесе кесiлген жерлердегi өскiндердi есепке алу деректерi тиiстi бланктарға жазылады. Алдымен, бланктың алдыңғы жағын толтырады, содан кейін көз мөлшерiмен әр есептеу алаңшасын сипаттап алады (кесте 3.13) және өскiндер жеке қайта саналады.
Кесте 3.13 – Бақылау алаңындағы есептеу алаңшаларының сипаттамасы

Алаңшаның мөлшерi_______________.

Алаңшаның пішіні ________________.


Алаңшаның нөмiрi



Алаңшаның ықшам бедерi (микрорельеф); құрамы, қалыңдығы, топырақтың төсемемен жабылуы; ағаш түрлерінің құрамы, биiктiгi және тұтастығы; бұталар құрамы, биiктiгi және тұтастығы; түрлiк құрамы (басым түрлер), шөптесін өсімдіктермен жабылуы; тышқан тәрiздi кемiргiштердiң мекендеу iздерi, адам ықпалының iздерi (таптау, мал жаю және т.б.)






Жеке санау кезiнде, мiндеттi түрде әрбір өскiннiң түрі, тегi, биiктiгi, жағдайы (кесте 3.14) және зақымдануы жазып алынады.

Табиғи жаңару табыстылығын бағалау алдында өскiндi тегi, жас және биiктiк топтары бойынша жіктейді.

Өскiннiң ағаш түрі, жас және биiктiк топтары бойынша бөлiнуiнiң сандық деректерiн 3.12-3.14-кестелерге түсiредi, зақымданған және басыңқы өскiндер пайызын анықтайды.

Есептеу алаңшаларындағы өскiн саны бойынша алынған деректердi мына формула бойынша 1 га-ға аударады:

N = n × 10000 ⁄ P;
мұнда, N – 1га-дағы өскiн саны, дана;

n – барлық есептеу алаңшаларындағы өскiн саны, дана;

Р – есеп алаңшаларының жалпы ауданы, м2; 10000 – 1 гектардың ауданы, м2.
Кесте 3.14 – Өскiндi жеке қайта санау

Ағаш түрі, тегi, жасы, әр өскіннің биiктiгi және жағдайы. Ағаш түрінің атауы бастапқы әрпiмен белгiленедi, бөлiмiнде – жасы, алымында – биiктiгi. Өсу қабiлетiн жоғалтқанға дейiн зақымданғандар: жәндiктермен Λ, саңырауқұлақтармен (, метеорологиялық факторлардан (, жануарлардан O, адаммен , өсуге қабiлетiн жоғалтқанға дейiн басылғандар Х, қурағандары +. Тамырөркен тектi өскiндер фигуралардың қосарланған белгісімен көрсетiледi.

Бұл тақырып бойынша берiлетiн есепке барлық бастапқы құжаттар мен толтырылған 3.12-3.17-кестелер тiркеледi.


Кесте 3.15 - Өскiннiң ағаш түрі және биiктiк топтары бойынша бөлiнуi

Бақылау алаңы ________________



Ағаш түрі

Жағдайы

Тегi


Топтағы өскiн саны, дана

Барлығы

0,5 – ке дейiн

0,6-1,5

1,6 және жоғары

дана

%


























Кесте 3.16 - Өскiннiң ағаш түрі мен жас бойынша бөлiнуi

Бақылау ауданы ___________________


Ағаш түрі


Жағдайы


Топтағы өскiн саны, дана

Барлығы

5жылға дейiн

6-10 жыл

11-15 жыл

16 жыл және жоғары

дана

%


























Кесте 3.17 - Өскiннiң ағаш түрі және жас топтары бойынша бөлiнуi

(Юркевич және Голод шкаласы бойынша бағалау үшiн)

Бақылау ауданы _______________________

Ағаш түрі

Жағдайы


Топтағы өскiн саны, дана

Барлығы

3-жылға дейiн

4-5 жыл

6-9 жыл

10 жыл және жоғары

дана

%


























Тапсырмалар

1. 1-2 орамның (кварталдың) табиғи жаңаруын зерттеу және орман типтері мен сүрекдің жасының табиғи жаңару процесімен байланысын анықтау.

2. 1-2 бақылау алаңындағы кесудің тірі мен өлі топырақ жамылғысына және табиғи жаңару процесіне әсерін анықтау.

3. Ірілік санаты (категориясы) мен жас топтары бойынша өскіндерді санау және шкала бойынша табиғи жаңаруды бағалау.

4. Өсімдік жамылғысының ауысу бағытын бақылау және санақ нәтижелерін талдау.


3.7 ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГIЗIЛЕТIН

НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫРУ
3.7.1 Орманды күтiп-баптау кесулерi. Жұмыстың мақсаты – орманның белгiлi бір учәскесi үшiн күтiп-баптау кесулерiнiң қажеттiлiгiн белгілеу, олардың түрлерiн, ұйымдастырушылық-техникалық элементтерiн, күтіп-баптау кесуін жүргiзу технологиясын анықтау, биогеоценоз жағдайын ескере отырып, күтiп-баптаудың орманшылық тиiмдiлiгiн болжау, сондай-ақ, күтiп-баптау кесулерiн жүргізетін учәскелерді белгілеу ережелерiмен, кесулердi жүргiзетiн техникамен, механикаландырумен және дайындалған өнiмдi есепке алумен танысу. Бұл тақырыпты орындардың алдында әр бригада телiмдерi, соқпақтары мен жолдары түсiрiлген 1-2 орам (квартал) көшiрмесiн алады. Бригада студенттерi орманда көз мөлшерiмен әр телiмдегi сүрекдiңдердiң таксациясын жасайды, көшiрмеге барлық соқпақтарды, бос алаңдарды түсiреді, күтiп-баптау кесулер түрiн, қарқындылығын, оның жедел орындау санатын, ағаш тасымалдау жолдары енiн, жоғары қоймалардың мөлшері мен орындарын анықтайды, оларды орамдағы жол, соқпақ және алаңдар жүйесiмен байланыстырады, учәскенi кесiп өңдеу технологиясының сұлбасын жасайды. Омартаның оңтайлы енi 10-50 м, сүйретпе жолдың ені 2-3 м болуы керек.

Студенттер көз мөлшерімен таксациялау кезінде жарықтандыру немесе тазалау, сирету немесе өтпелi кесулер белгiлейтін алқа ағаштарда бақылау алаңдарын жасау үшiн орындарды таңдайды.

Ағашты қайта санай отырып, оларды “Нұсқауға” сәйкес санаттарға бөледi. Ол деректер санақ ведомосiне жазылады (3.18-кесте).
Кесте 3.18 - Бақылау алаңындағы ағаштардың санақ ведомосы

Жуандық сатылары



Ағаш түрі_____________________


Барлық ағаштар, дана

Оның iшiнде “Нұсқауға” сәйкес санаттың ағаштары

Оның iшiнде сапалық санаттың ағаштары

1-шi

2-шi

3-шi

I

II

III
























Кесуден соң 1 га-дағы ағаштардың оптималды санын (N) бонитет класына және алқа ағаштар жасына байланысты С.В.Белов формуласымен табуға болады. Қарағай мен шыршаның I-III класс бонитеттерi үшiн олар мынандай болады:

I класс бонитетi N = 40/А(1600РК);

II класс бонитетi N = 40/А(1800РК);

III класс бонитетi N = 40/А(2000РК);

мұнда, А – сүрекдiңнiң жасы, жыл;



Р – кесуден кейінгі оптималды толымдылық (“Нұсқаудан” алынады);

К – ағаш түрінің коэфициентi: қарағай үшiн 1,0-0,83; шырша үшiн 1,1-0,93 (К-ның мәнi әр 10 жылға 10-нан 100 жасқа дейiн 0,01-ге, одан әрi – 0,02 кемидi).

Алқа ағаштағы қалдырылатын ағаштардың оптималды саны, алқа ағаштың негiзгi бөлiгiнiң орташа диаметрi (d) бойынша В.Е.Удодтың формуласымен анықталады:


N = 10000/(0,164 d √ d).
Балауса ормандағы оңтайлы қоюлықты оның жанасу кезiндегi орман шымылдығының ең жоғарғы мүмкiн болатын ауданын (Q, м²/га) және ағаш желектері арасындағы ауыспалы аралық бойынша бiр ағаштың қоректену ауданын (S, м²) ескере отырып, П.А.Кайрюкштис және А.И.Юодвалькис мына формуламен анықтауды ұсынады:
Nоңт = Q / S.
Ағаш желектері арасындағы қатерлi аралық деп – өсімнiң ұзындығын 5-10 пайыздан жоғары төмендететiн, ағаштардың бiр-бiрiне керi әсерiн сезiнетiн қашықтықты айтады. Ол мына формуламен анықталады:
у = 73,2 – (24.8/х),
мұнда, y – қатерлi аралық;

х – ағаштың биiктiгi; м (0,5-5,0).

Сырғауыл ағаштарда, орта жастағы және жетiлiп келе жатқан ормандарда алқа ағаш қоры бойынша жоғары өсiмiн және оның ең жоғары өнiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн жиілікті оңтайлы (оптималды) деп есептейді.

Ол мына формула бойынша анықталады:
Nоңт = Qmax / Sоңт × (1 – Роңт ⁄ 100), дана/га;
мұнда, Qmax – орман шымылдығының ең жоғарғы ауданы, м2/га;

S оңт – ағаш желегінің көлденең кескінінің оңтайлы ауданы, м2;

Р оңт – ағаш желегінің көмкеруінің оңтайлы пайызы.

Санау деректерiн негiзге ала отырып, камералды жағдайларда күтiп-баптау кесулерiнен соң, сүрекдiңдердiң таксациялық белгiлерi: ағаштар саны, биiктiгi, диаметрi, толымдылығы және қоры бойынша абсолюттiк және салыстырмалы көрсеткiштердің ауытқулары анықталады.

Алынған деректердi жұмыс дәптерiне және 3.19-кестеге толтырады.

Бұл тақырып бойынша есеп беруге мына құжаттар кiредi:

1. Түсiрiлген жолдар мен соқпақтар көрсетілген 1-2 орамның көшiрмесi;

2. Механикаландырылған күтiп-баптау кесулерiн жүргiзгенде учаскедегі ағаштарды кесiп өңдеу технологиялық картасы мен технологиялық сұлбасы;

3. Орамдардағы алқа ағаштардың таксациялық сипаттамасы;

4. Бақылау алаңындағы ағаштардың қайта санау ведомосы;

5. Биiктiктi өлшеудiң ведомосы және биiктiктiң графигi;

6. Бақылау алаңындағы сүрекдiңдердi күтiп-баптау кесулерiн жүргiзгенге дейiнгі және жүргiзгеннен кейінгі таксациялық сипаттамасы;

7. Дайындалған өнiмнiң өлшем деректерi;

8. Бақылау алаңын құру актысы;

9. Күтiп-баптау кесулерiнiң сапасын тексеру актысы;

10. Күтiп-баптау кесулерi жүргізілген орындарды куәландыру актысы.


Кесте 3.19 – Күтiп-баптау кесулерi нәтижесiнде көрсеткiштердiң өзгеруi
Күтiп-баптау кесулерiнiң түрi_______________________.

Бақылау алаңының №___.

Бақылау алаңының ауданы ___га.

Орам № ________

Шығу тегi _________.

Бақылау алаңының пішіні________.

Орман типi ____________.

Бонитеті __________________.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет