3.5 БАҚЫЛАУ АУДАНДАРЫНДА ЖИНАЛҒАН
МАТЕРИАЛДАРДЫ ӨҢДЕУ
Ағаштардың жеке-дара санақ ведомостерi негiзiнде ағаш түрлері және жуандық сатылары бойынша санақ ведомосы толтырады (кесте 3.8) және негiзгi таксациялық белгiлерi: орташа диаметр, орташа биiктiк, бонитет класы, абсолюттiк (көлденең қима аудандарының жиынтығы) және салыстырмалы толымдылық, қоры, құрамы, 1 га-дағы дiңдер саны және сүрекдiңнiң (сатының) жасы анықталады.
Алдымен, ағаш түрінің, сүрекдiңнiң, сатының (қабаттың) көлденең қима аудандарының жиынтығы, содан соң дiңнің көлденең қимасының орташа ауданы анықталады, осы арқылы шеңберлер ауданының кестелерi бойынша орташа диаметрi немесе формула бойынша анықталады:
Допт = 2√ g / π
Бонитетке бөлу шкаласы бойынша бонитет класын сүрекдiңнiң биiктiгi мен жасы арқылы немесе өсу барысының кестелерi бойынша анықтайды.
Түр сандарын мына формулалар бойынша табады:
fc =0,440 + 1.13 ⁄ H; fД =0,432 + 0.921 ⁄ H × t;
fE =0,425 + 1.341 ⁄ H; fБ =0,397 + 1.029 ⁄ H.
Достарыңызбен бөлісу: |