( - өсiмдiк гүлдей бастаған немесе ашылуға жақын;
О - өсiмдiк толық гүлдеген, барынша гүлдеген; өсiмдiктердің бір бөлiгi қауызда болуы мүмкiн немесе гүлдеп болған;
U - өсiмдiк гүлдеуiн аяқтаған;
+ - өсiмдiктер гүлдеп болған, бiрақ тұқымдар жетiлмеген және жерге төгiлмеген;
Х – тұқымдар жетiлген және төгiлiп тұр;
= - тұқымдар шашылған соң өсiмдiктердiң өсуi.
Кесте 3.6 - Қауымдастықтағы өсiмдiктер молшылығын бағалау
Кездесу жиiлiгi, %
|
Жобалық жабылуы, %
|
Друде шкаласы бойынша молшылығы
|
Баллмен көрсетiлетiн молшылығы
|
90-нан көп
|
75-тен көп
|
SOC
|
6
|
90-71
|
75-51
|
СОР3
|
5
|
70-51
|
50-36
|
СОР2
|
4
|
50-61
|
35-21
|
СОР1
|
3
|
14-4
|
20-1
|
SP
|
2
|
4-тен кем
|
1-ден кем
|
un
|
1
|
Қалпына келген кесiлген жерлердегі және ашық алаңдардағы, орман шымылдығы астындағы микроклимат көрсеткiштерiн сипаттау үшiн жарықтануды, топырақ пен ауа температурасын және ылғалдылығын өлшеу қажет. Өлшеу биiктiгi мен тереңдiгi бақылау ауданы жасалған өсiмдiк қауымдастығының негiзгi компоненттерінің сипаттарына байланысты болады. Орман кесiлген жерлерде аталған көрсеткiштердi 2, 50, 100 және 150 см биiктiкте және 5, 10, 20, 30 және 40 см тереңдiкте өлшеу ұсынылады.
Орман шымылдығы астында жарық, ауа ылғалдығы мен температурасы, желдiң жылдамдығы топырақтың беткі қабатында, шөптің биіктігінде, орман астарында және екiншi сатыда өлшенсе, топырақ температурасы мен ылғалдылығын орман кесiлген жерлердегi сияқты тереңдiкте өлшеу керек. Жарықты әр биiктiкте 25-30 рет, ықшам климаттың басқа элементтерiн 5-10 реттен қайталап өлшейдi.
Есепке алу орындарын бақылау ауданы шегiнде бiрқалыпты орналастыру қажет. Өлшеу уақыты 11, 13 және 15 сағатта жүргізіледі.
Ықшам климат (микроклимат) элементтерiн өлшегенде Ю-116 люксметрiн, сондай-ақ, кафедраларда бар термометрлер, психометрлер, анемометрлер және басқа құралдарды пайдалану ұсынылады.
Өлшем деректерi кестеге түсiрiледi (кесте 3.7) және зертхана жағдайында математикалық статистика әдiсiмен өңделедi.
Топырақ бетiнің булануын бақылау ауданында бiрқалыпты орналастырылған бес Петри табақшаларының азайған су мөлшерiмен анықтайды.
Барлық аталған көрсеткiштердi бiр мезгiлде ашық орында да анықтап алу қажет, содан соң оларды бақылау ауданындағылармен салыстырады.
Осымен орман iшiндегi бақылау аудандарындағы жұмыс аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |