1.12.6 Аралас сүрекдiндер. Аралас сүрекдiң дегеніміз – ағаштың бірнеше түрінен құралған алқа ағаштар. Көбінесе, қолайлы кезеңде бiршама орнықты және өнiмдi сүрекдiң қалыптасуы әр түрлi ағаш түрлерінің биологиялық бiр-бiрiне сәйкес өсуiмен қамтамасыз етiледi, ал орнықты аралас сүрекдiңнiң биологиялық мәні барлық түрлердің немесе түрлер тобының бiр-бiрiне және өсiп-өну орны жағдайына биологиялық сәйкестігінің сақталуында болып табылады. Орманды дала қара топырағында емен және оның көптеген серiктестерінен – үйеңкi, жөке, қарағаш, шаған және тағы басқалардан құралған аралас сүрекдiңдер өседi.
Аралас сүрекдiңде қолайлы түраралық өзара әсерлермен қатар, шиеленiскен түраралық күрес жүрiп жатады, көбінесе, емен көктерекпен, қарағай қайыңмен, көктерекпен, шыршамен басылып тасталады. Аралас сүрекдiңдердегi өзара әсерлер мен қатынастар физикалық және физиологиялық-биохимиялық ықпал арқылы көрiнедi, олар тiкелей және жанама, оң немесе терiс болуы мүмкiн.
Осыларды, сондай–ақ, экономикалық талаптарды ескергенде сүрекдiңдердiң өз артықшылықтары мен кемшiлiктерi де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |