Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет79/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

Күрделі сүрекдiң – ағаштардың желегі әртүрлі биіктікте өскен, яғни, бірнеше сатыдан (қабаттан) құралған орман. Күрделi алқа ағаштарда бiр және әр түрлi сатыдағы ағаш түрлері арасында, үстiңгi сатының астыңғыға әсерi секілді өзара көп жақты байланыстар түрінде көрiнiс табады. Қарапайым және күрделi алқа ағаштар артықшылықтары мен кемшiлiктерi, көбiнесе таза және аралас сүрекдіңдерге ұқсас, себебi күрделi сүрекдiңдер, әдетте, аралас, ал тазалары қарапайым болып келеді.

1.12.8 Сүрекдіңнің жасына байланысты өзгерiстерi мен құрылымы. Сүрекдіңдер жасына байланысты өзгерiс кезеңдерi орман тiршiлiгiнде климат өзгерiстеріне, су режиміне, топырақ құнарлығына, сондай-ақ, адам қызметiне тәуелдi сандық және сапалық белгiлермен сипатталады.

Сүрекдіңнің жасына байланысты өзгерiстері ағаш өркендерiнiң, бұтақтарының, дiңi мен тамырлар мөлшерлерiнiң ұлғаюына ғана байланысты емес. Сонымен қатар, ағаштардың биоэкологиялық касиеттерi өзгередi, орман жаңа ұрпақтарының қалыптасуына ықпал етуші ортаның белгiлi бір жағдайлары қалыптасады.

Сүрекдіңнің жасына байланысты құрылымы оның шығу тегi мен қалыптасуына тікелей әсер етеді және осының негiзiнде, ағаштардың биiктiгi мен диаметрі бойынша өсуiнiң белгiлi бір заңдылықтары көрiнiс табады. Сондықтан бiрыңғай жастағы алқа ағаштар көлденең, ал әртүрлi жастағылар тiк түйісуімен сипатталады. Сонымен, сүрекдiңнiң жасына байланысты құрылымы түрлi пішінде бiлiнетiн, дамып отыратын санат болып табылады. Сүрекдіңнің жастық құрылымын түрге немесе типке бөледi:

1) абсолюттi бiркелкi жастылар;

2) салыстырмалы бiркелкi жастылар;

3) әр түрлi жастылар, олар түрлi жастағы ағаштардың болуымен және орман шымылдығының тiк түйісуімен ерекшеленедi;

4) сүрекдiңдер сатылығымен (қабаттылығымен) анықталатын баспалдақ жасты сүрекдiңдер;

5) циклдi-әр түрлi жастағы сүрекдіңдер, оған бір-бірінен жақсы ерекшеленетін әрқилы жастағы орман топтары кiредi.

Жасына байланысты құрылымы мен бiтiм ерекшелiктерi кесу тәсiлдерiн, жаңару тәсілін пайдалану мен сүрекдiңдер өнiмдiлiгiн арттыру жолдарын анықтай отырып, үлкен практикалық маңызға ие болады.
Сұрақтар

1. Орман фитоценозы қалыптасуының бастапқы кезеңдерін сипаттаңыз.

2. Сүректі өсімдіктердің жеке тіршілік кезеңдерінде қандай ерекшеліктер бар?

3. Орманның қартаю кезеңінде қандай құбылыстар болады?

4. Ормандағы өсімдіктердің өзара қарым-қатынас себептері мен ерекшеліктерін сипаттаңыз.

5. Таза және аралас, қарапайым және күрделі сүрекдің дегеніміз не?

6. Таза немесе аралас, қарапайым немесе күрделі сүрекдіңнің қалыптасу жағдайларын айтып беріңіз.

7. Сүрекдіңнің жастық құрылымы қандай түрлерге (типтерге) бөлінеді? Оларды сипаттап беріңіз.

8. В.Н.Сукачев өсiмдiктердiң өзара қатынасын қандай түрлерге бөлген?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет