Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет82/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап
1515563726, 1515563726, 5 сынып факультатив 34 са ат, 5 сынып факультатив 34 са ат, Әбдіғаппар А. Заявка, 8 класс поурочки Excel
1.14 ОРМАН ТИПТЕРI
Г.Ф.Морозовтың алқа ағаштар типтерi туралы iлiмi. Ормандарды біртекті бірліктерге (типтерге) бөлу қажеттілігін алғаш рет Г.Ф.Морозов ғылыми түрде негіздеген. Ол ерте кезеңде типтердi тағайындаған кезде, алдымен, өсiп-өну жағдайларын ескерді, содан кейін жалпы белгiлердiң жиынтығын қабылдады:

1) ағаш түрлерінің iшкi, экологиялық қасиеттерi;

2) жағрапиялық орта – климат, жер бедері, топырақ;

3) биоәлеуметтiк қатынастар: а) орман қауымдастығын құратын өсiмдiктер арасындағы биоәлеуметтік қатынастар; б) олардың қоршаған ортамен биоәлеуметтік қатынастары; в) олардың жануарлар дүниесiмен биоәлеуметтік қатынастары;

4) тарихи-жағрапиялық себептер;

5) адамның араласуы.

1904 жылы Г.Ф.Морозов былай деп жазды: «Орман типтері деген өсу ортасы немесе топырақ жағдайлары бойынша кең ауқымды топтарға біріктірілген сүрекдіңдер жиынтығы». Ол орман типтерінің толық аяқталған жіктеуін жасаған жоқ, бірақ, Ресейдің кейбір орман алқаптарына орманшылық-типологиялық сипаттамаларына мысалдар келтірген. Г.Ф.Морозовтың орман типтері туралы идеясы орман типологиясының екі бағытының дамуына негіз болды. Біріншісі – П.С.Погребняктың өсу ортасы жағдайларын жіктеуі, екіншісі – В.Н.Сукачевтың орман түрлерін жіктеуі.
Сұрақтар
1. Фитоценоздардың тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді?

2. Табиғатта жиі кездесетін ағаш түрлерінің ауысуына мысал келтіріңіз және оның себебін түсіндіріңіз.

3. Орман типтері жайлы түсінік беріңіз.

4. Орман типологиясына қандай міндеттер жүктеледі?

5. 1904 жылы Г.Ф.Морозов орман типтері туралы қандай сипаттама берген?
Тапсырма
Қатты қарашірінді түзетін, ағаш түрі ауыспай, табиғи жаңаратын, топырақтың беткі қабатын немесе терең өңдеуді қажет ететін, кәсіптік аңшылық шаруашылығын ұйымдастыруға болатын, өрт қатері жоғарылаған, курорт аймағын ұйымдастыруға болатын, мал жаюға болатын орман типтерін атап өтіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет