5.2 Сабақ түрлері
Сабақ түрлері мен оның құрылымы:
Сабақтың мынадай негізгі түрлерін атауға болады:
1)
|
Кіріспе
|
2)
|
Жаңа білімді хабарлау сабағы
|
3)
|
Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағы
|
4)
|
Жаттығу және практикалық сабақтар
|
5)
|
Лабораториялық сабақ
|
6)
|
Қайталау-қорыту сабағы
|
7)
|
Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын
|
тексеру және бағалау сабағы
|
8)
|
Аралас сабақ
|
Сабақтың дәстүрлі түрлерімен қатар лекция сабағы, семинар сабағы, конференция сабағы, пікірталас сабағы, зачеттық сабақтар т.б. түрлері бар. Мұғалімдердің ізденістерінің нәтижесінде мектеп тәжірибесінен де орын алып отыр.
Сабақтар құрылымы жағынан да әртүрлі болып келеді.
Мәселен, жаңа білімді қабылдау сабағын жоспарлағанда мынандай құрылымды белгілеуге болады:
1/ үй тапсырмасын тексеру, оқушылардың тірек білімдерін естеріне түсіру, жаңғырту;
2/ жаңа тақырыпты оның мақсатын, сабақтың міндеттерін хабарлау және оқушылардың оқу әрекетіне ынтасын, ықыласын туғызу;
3/ оқушылардың жаңа білімді алғашқы түсінуін, оқу материалының өзара байланысына зер салуын, ойлануын ұйымдастыру;
4/ қабылданған білімді жинақтау, бір жүйеге келтіру;
5/ сабақтың қорытындысын шығару, үй тапсырмаларын хабарлау.
Іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы көбіне мына төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
а/ үй тапсырмасын, оқушылардың тірек білімдерін, практикалық тәжірибелерін тексеру;
ә/ оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын бекіту сабағының құрамына проблемалық әртүрлі есептер шығару, графикалық жұмыстар (кесте, диаграмма, әртүрлі сызулар), тағы басқа жаттығулар және модельдер, макеттер жасау;
б/ білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға арналған жоғарыдағы аталған алғашқы бекіту жаттығулардан мұғалім біртіндеп оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерге көшуін сабақтар жүйесінде жоспарлайды;
в/ оқушылардың іскерліктері мен дағдылары, шығармашылық жұмыстары соңғы жылдары мектеп тәжірибесінде орын алған әртүрлі әдістермен (зачет, байқау, сайыс, жазба жұмыстар, рефераттар) есепке алынады, тексеріледі. Сонымен қатар, әр баланың өз жұмысына өзі бақылау жасауы, баға беруі, оқушы-консультант, оқушы-ассистент, оқушы-лаборанттар арқылы оқушылардың бірін-бірі немесе топ бойынша әртүрлі байқау, тексеру жолдары ұйымдастырылады (аннотация жазу, пікір айту, пікірталас туғызу, баға қою, ұсыныс жасау т.т.);
г/ сабаққа қорытынды жасау, оқушылардың жеке қабілеттерінің дамуына әртүрлі шығармашылық ізденістеріне бағыт беру, өздігінен білім алу жолдарын көрсету.
Сабақтың басқа түрлерінің де құрылымына жоғарыда көрсетілгендей оқытудың заңдылықтары мен принциптерінің незізінде методикалық жағынан тиімділігі қарастырылады.
Соңғы жылдарда тәжірибелі мұғалімдер семинар сабақ түрін өз пәндеріне кеңінен өткізіп жүр. Сабақты ұйымдастырудың семинар түрі көбінесе оқылған лекция тақырыбы немесе курстың тараулары бойынша талдау үшін алдын ала белгіленген сұрақтарды тағайындауды көздейді. Сабақтың бұл түрін оқушыға оқылатын материалдарға саналы түрде қарауды, өз ойын өрбітіп, дәлелдеп айтуды үйретеді. Семинар сабақтары көптеген жағдайларда мәселені қызу, тікелей талқылағанда оқушылардың ойлануы мен шешімділігін дамытатын айтыс пен пікірталасқа ұласады.
Семинарды талқылау үшін белгілі бір тақырыптың анағұрлым маңызды мәселесі немесе бірнеше тақырыпты қамтитын мәселелер алынады. Дайындау барысында оқушылар жеке мәселелер бойынша хабарламалар әзірлеуі, оған қажетті әртүрлі материалдар жинап бақылау жүргізуі, белгілі нақтылы материалдарды жинауы, қосымша әдебиет оқуы, құжаттармен танысулары мүмкін.
Семинар сабағын жеке оқушылар күні бұрын дайындаған баяндамалар мен хабарламаларын жасағанда өзгелері бұларды толықтырып, сұрақтар қойып, айтысқа қатысатындай етіп құруға болады. Семинарлардың ең маңыздысы – оқушылар жасайтын негізгі баяндамалардың мамұны мен формасы, мұғалімнің бағыт берудегі ролі, оның айтыс пен талқылауды ұйымдастыра білу қабілеті болып табылады.
Семинар сабақ – оқушыларды шығармашылық ойлауға, өз мүмкіндігі мен бейімділігін тануға, танытуға, ең негізгісі – белгілі бір сұрақ төңірегінде ізденіп, өз бетінше білім алуға жетелейтін сабақ. Бұл – шығармашылық еңбектің ең алғашқы, негізгі баспалдағы, әрі бұл сабақтар оқушылардың басым көпшілігінің сөйлеуіне, яғни оқушылардың не сабақта жауап беріп, не жолдасын толықтырып, не келіспейтін пікірін айту, немесе жауап берген оқушының дайындығын бағалау арқылы сабаққа қатысуына жағдай
туғызады. Осылай өткізілген семинар сабақтары оқушылардың ойланғыштық қызметін жандандырудың көңіл аударарлық формасы болып табылады, олардың білім алудың түрлі құралдарымен өздігінше жұыс істеу құштарлығын тудырады.
Семинар дұрыс өткізілмесе ол әдеттегі ауызша сұрау сабағына айналады. Сонымен, бүгінгі мектепке қойылып отырған талап осындай семинар
сабақтарының болуын қажет етеді. Себебі семинар сабақтарының оқушының өзін іздендіруге, оларды дербес ойлауға, оқу еңбегін шығармашылық дәрежеге жақындатуға мүмкіндіктері өте мол.
Достарыңызбен бөлісу: |